Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат


Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат

Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат

        Мектебімізде туған  жерін,  елін,  Отанын  сүйуге   баулу,   патриоттық  сезімін  ояту   мақсатында іс-шара  ұйымдастырылды.   Қазақстан   Республикасының   Тәуелсіздігіне   23  жыл  толу   құрметін   мерекелеуде  мектеп    ұжымы   мен   оқушылары   үлкен   белсенділік    көрсетті.

      "Жырым    саған   арналады  -   ғасырдың   ғажап   азаматы!"   ашық   шараға   6  сынып  оқушылары   қатыса  отырып,   қазақ  халқының     тұңғыш   президенті    Н.Ә.  Назарбаевтың    өмір  жолы,   туып   өскен,   оқып   білім  алған,   қызмет  еткен   жерлері   туралы  баяндалып,    өмір  жолын  үлгі  ету  мақсатында  шәкірт   жүгегіне,   елбасына   деген   сүйіспеншілік   сезімін  ояту  негізінде  өтті.   6   сынып   жетекшісі    Г.Салахадинова     тәуелсіз  еліміздің    намысын     қорғайтын,    бүгінімізді   ертеңіне  жалғайтын,   қазақ  елінің    болашағы   үшін   жауап   беретін  ұрпақ  екенімізді   есте  ұстайық   деп    сенім   білдірді.   6  сынып   бойынша  58  оқушы   қатысты.

      "Қазақстан     біздің    ортақ   үйіміз"  тақырыбында  4  сынып  аралығында  сурет   көрмесінде  ұлы  күнді  ұрпаққа  ұғындыру  негізінде   өтті.  53  оқушы   қатысып,   өз  өнерінің   шеберін  көрсетті.   Топты   жарып   ерекше   жетістікке   жеткен   оқушылар  мақтау  қағаздармен  марапатталды.  "Бас  жүлде"   -  Н.Қойшыбекова,  І   орын  -  Ш.Мәлік,  ІІ   орын  -  С.Асылбекқызы,   ІІІ   орын  -  Г.Тілепі,  К.Әмірханұлы  иеленді.  

        Мектебіміздің   психолог  мамандары  Ә.Тасмағанбетова   мен  Г.Сапарова  "Өмірді  өксітпегін    өренім"  тақырыбында  9 - 10  сыныпта,  Өмір   қымбат   маған   тренинг   өткізілді.  Барлығы  85  оқушы  қатысты.Оқушылар  арасында  жағымды   қарым - қатынас  орнату,   достық  ұғым  тудыру,  сыйластықты   дамытуға   ықпал  ету   негізінде  социметрия  әдісін  қолданып   жүректен   жүрекке  жылы   лебіз   білдіру    арқылы   өміршеңдік  ережесімен  аяқталды.  Желтоқсан  құрбандарын   еске   алып,   қорытындылап  кетті.

       Сонымен  қатар  "Желтоқсан  желі  ызғарлы"  деп  аталатын  қойылымдар  сахналанды.  Өткен  өмірдің  өрендері  келмеске  кеткен  С.Асанова,  Қ.Рысқұлбеков,  С.Мұхамеджанқызы  туралы,   тотаритарлық  жүйенің  қорлығы  - айтылған  қойылымдар  еріксіз   көзге  жас  үйірді.  Баласын  жоқтау,  зорлы  әуендер,   мұзда  құлаған  ұл - қыздар,   езгіде  жатқан  қазақтар,   қорланған   өмір  көрсетілді.

      10  сынып  оқушысы  А.Жаулыбаев    пен  А.Тілепбергенов   кейіпкер  рөлін   тамаша  сомдады.

      Тарих  және  құқық  пәні  мұғалімдері  А.Ибраева  мен  А.Артықбаева  "Тәуелсіз   Қазақстан   және  ғылыми  инновациялық  даму"   туралы  презентация   дайындап,  1986  жылы  желтоқсан   оқиғасын  неден  бастау   алып,   не  себепті  қанды  оқиғаға   ұласқанын  алып көрсетіп,   ұлтжандылыққа    тәрбиелеп,   өткен  тарихымызға    деген   ұлттық   көзқарастарын  қалыптастыру,   егемен  елімізді  сақтауға,  елімізді  гүлдендіруге   патриоттық  күш - қуаты  мол  жастарды  тәрбиелеу  болып  табылады.

     Мектепте   барлығы  548  оқушы  бар.  Барлық  сыныпта  сынып  сағаттары  өтті.

   2  -  4  сыныптар   "Тәуелсіздік. Елбасы. Астана".

   5  -  7  сыныптар  " Тәуелсіздік  аңсаған  арман,  қол  жеткен  мұрат"

   8  -  11  сыныптар  "Ұлттық  валюта  -  ұлы  мақтанышы"

 

     Сынып  жетекшілер  осы  тақырыпты   арқау  етіп,   мазмұнды  етіп  түсіндірді.

     Сонымен  қатар  5  сыныптар  арасында  "Мен  чемпион"    атты  сайыста   оқушылар  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мақсатында  ептілікке,  шапшаңдыққа  тәрбие  беру  арқылы  спортты  насихаттау  болып  табылды.  Бағдарлама 4  бөлімді қамтыды.  Олар  кедергілерден  өту,  гимнастикалық  жаттығу,  қашықтыққа  жүгіру,  турникке  тартылу   бөлімдері  бойынша   ерекше  көзге  түскен    5  сынып  оқушысы  Б.Шауқымов   "Чемпион"  атағына  ие  болды.  Қалған  оқушылар  мақтау  қағазымен  марапатталды.

     Ал  бастауыш  сыныптарда  "Көңілді  старт"  ұйымдастырылды.  4  сынып  оқушылары   қарқынды  белсенділік  көрсете  білді.  Ерекше  айта   кететін  оқушылар:  Ш.Мәлік, Н.Қойшыбек,  Д.Жанғожа  т.б.

     Тәуелсіздік  күнін  мерекелеуде    "Көркемөнерпаздар"  үйірмесі   патриоттық  әндерді  әуенімен шырқап,   көкке  тербетті.   "Қарабауыр  қасқалдақ",   "Желтоқсан  желі",  "Менің  Қазақстаным",  "Жаса  қазақ"  әндері  шабытқа  қуат  беріп  серпілтіп  тастады.  Мектебіміздің   ән  -  саз   пәні  мұғалімі  М.Тасмағанбетов  мерекеге  байланысты   құттықтау  сөз  сөйлеп,   жылы  лебізін  білдірді.

     Бастауыш   сыныптарда  "Өмір  қымбат   маған"   атты  тренинг    ұйымдастырылған   болатын.  Оған  3  сынып  бойынша  52  оқушы  қатысты.

   "Тәуелсіздік  -  тұғырым"    атты  шара  ашық  тәрбие   сағатымен  қорытындыланды.  7а  сыныбында    өткен  шараға    21  оқушы  қатысып,  желтоқсандық   өрендерге  арналған  тақпақтар,  құрбан  болған  есімдер  айтылып,    сахналық  қойылым  қойылды.   Тақырыптың  идеялық  мәні    ашылып,   еліміздің    жеткен   жетістіктері   баяндалды.

  

   Опорный  орта  мектеп  ұжымына   арналған  салтанатты   жиын  болып  өтті.

   Тәуелсіз  еліміздің   еңсесі   биік,   тұғыры   мықты  болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ана деп ән салам" Еспенбетова Ақзираның авторлық әнінің мәтіні мен минусовкасы
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Қос сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
"Адасқанның алды-жөн,иарты соқпақ" Абай
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3323 | Қосты: Султанова Зада Шаубалаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык