Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану


Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану

Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану 

Баяндама
Жас ұрпақты еңбекке баулу, тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйелерінің педагогикалық негіздері еңбекке баулудың өткен кезеңдерімен байланыстыра отырып, таңдаулы тәжірибелерді жүзеге асыру, ата-баба дәстүрін жалғастыру арқылы оқушының шеберлігін қалыптастыру және оқушыларды белгілі бір кәсіпке бейімдеуде, бағыт беруде практикалық жұмыс барысында да жүзеге асырылып отырады.
Технология пәнінен оқушыны бағалағанда білім деңгейін ойлау қабілетімен байланыстырап отырып бөлуге болады:
1) Есте сақтау қабілетін іс жүзінде пайдалана білуі;
2) Өткен тақырыптарға өз көзқарасын білдіріп, өзіндік ойлауы арқылы болжам жасауына жол ашылады;
3) Оқушыны өз бетінше ізденіп, іс-әрекет етуі. Оқушы білімін осындай жүйеге сүйене отырып бағаласақ, білімінің тереңдігі мен беріктігіне, танымдық белсенділік өздігінен іс-әрекет етуіне жол ашылады.
Еңбекті құрмет тұту – біздің халқымыздың дәстүрінде ежелден қалыптасқан. Осы дәстүрді технология пәні арқылы жаңа деңгейде, шығармашылық бағытта жалғастырсақ ұтарымыз көп. Осы бағытта оқушының белсенділігін қалыптастыру, оқушының өз бетінше меңгеру, ақыл-ой қабілетін жетілдіруі болып табылады. Сонымен бірге оқушының ұлттық қолданбалы өнерге деген қызығушылығын дамытуға, имандылыққа, ізетілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру, оқыту барысында жүйелілік пен біліктілікті қалыптастыруға, оқушының жас ерекшелігін ескеруге мүмкіндік жасалады.
Технология пәнінен білім беруде оқушыға бағдарлама бойынша білім беріп қана қоймайды, жеке мамандықты меңгеретін жеке тұлғаны да қалыптастырушы болып табылады. Оны жүзеге асырудың негізгі жолдары: оқушылардың жеке қабілетін және белгілі бір кәсіпке бейімділігін айқындай отырып білім беру, сол негізде оқу бағдарламасын жетілдіру.
Мен еңбекке баулу, технология пәнінен сабақ беріп келемін, әр баланың ерекшелігін ескеріп, тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқущыға бағыт-бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Технология сабақтары тиісті деңгейде жүргізілуі үшін оқушылармен тұрақты жүргізілетін техникалық еңбек әдістемелеріне қосымшағ халықтың кәсіби дәстүрлі көркем еңбек түрлерін кеңінен білу және оны орындай да білуі талап етіледі. Мұндай әдістеме бейімді тәрбиенің негізін қалайды.
Технология пәнінің оқушыға берер білімінің артықшылығы мол, оқушы еңбектің мәнін ұғады, тарихынан хабардар болады, өнерге қызығу арқылы табиғи қабілеті ашылады, ұқыптылық, шеберлік, ептілік, жинақылық, тазалық сақтау сияқты қасиеттер қалыптасады. Осының бәрі шығармашылық деңгейде жоғары өткізілсе, сабақтың, пәннің беделі, оқушыға берер білім деңгейі де жоғары болады.
Менің шығармашылық жұмысыма тоқталатын болсам, оқушыларды қазақтың ою-өрнектерін металл және ағаш беттеріне түсіру арқылы балаларды белгілі бір бұйымдарды жасауға үйретіп дағдыландыру. Еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі, оқушының еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты. Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның нәтижесі оқушының өз күшіне сенімділігін арттырады. 
Өзім технология сабағында балалардың қолынан шыққан әрбір бұйымдарының сапасын жоғары бағалап, баланың ынтасына, жасалу деңгейіне мән беріп отырамын

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Жобаны таңдау, негіздеу
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2367 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык