Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»


А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

Сабақтың тақырыбыА. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа»

Класы: 5 класс

Сабақтың  мақсаты:   Ахмет өмірімен шығармашылығынан білімдерін  пысықтау

Білімділік -  А Байтұрсынұлының еңбектеріне шолу жасау. Ақын мысалдараның  негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру.

Тәрбиелік мәні- Оқушыларды білімділікке, мәдениеттілікке,   адамгершілікке баули  отырып, көрсеқызарлықтан, көреалмаушылықтан аулақ болуға  тәрбиелеу.

Дамытушылық-  Оқушылардың ой-өрісін, таным ,шығармашылық    қабілеттерін  дамыту.

Сабақтың түрі-  аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, жинақтау,топтастыру.

Көрнекілігі-        слайд-бейне айдары     А. Байтұрсынұлының суреті, кестелер, схемалар, «Өгіз бен    бақа » суреті

Пәнаралық байланыс:  тарих, биология, қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) оқушылармен амандасу

б) оқушыларды түгендеу

в) оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Психологиялық дайындық:

- Кәне, балалар қазір сабаққа психологиялық дайындық жасаймыз.

Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, ішімізден былай деп қайталаймыз. Мен өзіме сенімдімін, қолымнан бәрі келеді, сабақты жақсы оқимын, еш нәрседен қорықпаймын, менің денсаулығым мықты және күштімін.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:  — үйге қандай тапсырма берілді?

 -   үйге берілген тапсырма:

 Ә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Толағай» ерлік туралы аңыз және «Ел үмітін, ер ақтар». «Толағай елін сүйген ер», «Егер де мен толағай болсам» деген тақырыптардың біріне эссе жазып келу.

- Өте жақсы, балалар, сабақты кім айтады?

1. Ә .Тәжібаевтың  өмірі мен шығармашылығы

2.    «Толағай» ерлік туралы аңыз.

Өте жақсы, балалар! Енді тақтаға назар аударамыз.Үйге берілген тапсырмаларды қорытындылау үшін тест тапсырмаларын беремін.

 1 слайд   Тест

1. Толағай қандай ертегі түріне жатады?

    а/  қиял- ғажайып ертегісіне      ә/ шыншыл ертегіге    б/  әдеби ертегіге

2. Ә. Тәжібаевтың өмір сүрген жылдары?

     а/ 1865-1932                ә/ 1909- 1995          б/  1904-1990

3. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

     а/  қуаңшылық             ә/  топан су             б/ қатты дауыл

4. Толағайға  сай сипаттама:

    а/ қорқақ, ез, қайырымсыз    ә/ ержүрек, қайырымды, ел үшін туған ер 

    б/  қатыгез, өркөкірек, жігерсіз

5. «Толағай»  шығармасының  басты тақырыбы?

а/  ерлік туралы  ә/ жақсылық пен жамандық туралы   б/ қатыгездік туралы

Қорытынды:  Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан асыл ұл туса ,

Елінің қамын жейді.

ІІІ.    Жаңа  сабақты  хабарлау.

-   Жақсы   жаңа  сабақты  жақсы  меңгерген  екенсіңдер,  бүгінгі  өтетін  жаңа  сабағымыз

2- слайд.   А.   Байтұрсынұлы     «Өгіз  бен  бақа ».

Қазақ  халқының  тарихында  үлкен  орны  бар  қоғам  қайраткері, тамаша  оқулықтар  жазған  педагог,  дарынды  ақын , шебер  аудармашы, ірі  ғалым, мысал  жанрының  шебері  Ахмет  Байтұрсынұлы.

Ахмет  Байтұрсынұлы  1873   жылы  бұрынғы  Торғай  облысы,  қазіргі  Қостанай  облысы, Торғай  алабындағы  Сартүбек  жерінде,  орта  дәулетті  шаруа  отбасында   дүниеге  келген,  жазықсыз  жалаға  ұшырап  1938  атылған.

Орыс  ақыны  И.А. Крыловтың  мысалдарын  Абайдан  соң  А. Байтұрсынұлы  да  аударып,  «Қырық  мысал»  деген  атпен 1909  жылы  Петербургте  кітап  етіп  шығарған  болатын.  А.  Байтұрсынұлы  аударманың  қазақ  оқушысына,  халық  ұғымына   жақын  да  түсінікті   болуына,  шығармада  көтерілген  тұрмыстық — әлеуметтік  мәселелердің  қазақ  халқына  ортақтығына , айтылатын  ойдың  салмағына,  беретін  ғибратына  баса  назар  аударған  . Сондықтан, ол  кітап  А. Байтұрсынұлының   төл  туындылары  қатарынан  орын  алады.

 - Олай  болса  балалар!

Ахмет  кім ?

қоғам  қайраткері ірі   ғалым мысал   жанрының  шебері

4-слайд

Мысал  дегеніміз  не?

Мысалдар   аңдар, құстар , хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті  мінезі  арқылы  адам  бойындағы  м інді,  кемшілікті  тұспалдап, әжуа  күлкі  етеді. Мысалдар  өлеңмен  де  , қарасөзбен  де  жазылады.  Осындай  шағын  көлемді, оқиғаны, адамға  сабақ  болатын  тағылымдық  шығарманы   мысал   дейді.    Мысалдар  еңбексүйгіштік,  әділдік,  адалдық,  қарапайымдылық  сияқты  жақсы  қасиеттерді  мадақтап, уағыздайды,жағымсыз  қылықтарды  мысқыл  түрінде  күлкі  ете  отырып,   одан  сақтандырады.

Мысалдарда   жануарлар  мен  жәндіктер  адам   істейтін   әрекеттерді  жасайды.   Бұлай  көрсетуді    аллегория  дейді.

Қазақ  әдебиетінде  мысал  жанры  Абайдан   басталады.   Ахмет  Байтұрсынұлы ,  Сәбит  Дөнентаев   секілді  ақындар   Абай  дәстүрін  ілгері  оздырды.

Бұлар  орыстың  ұлы  мысалшысы  И.А  Крыловтың    туындыларына  қазақтың  шапанын  жауып,  қалпағын  кигізді. Сондықтан  Абай  мен  Ахмет  мысалдары  аудармадан  гөрі  қазақтың  өз  топырағында  жаратылған  шығарма  кейпінде  көрінеді.

Балалар, мен қазір  бүгінгі өтетін  тапсырмамыз  А. Байтұрсынұлының  «Өгіз  бен  бақа»  деген  мысал  өлеңін  мәнерлеп  оқимын.Сіздер  назар  аударып  зейін  қойып  тыңдаңыздар  да, мысал   өлеңнің  композициялық  құрылымына  талдау  жасайсыздар.

Композициялық  талдау  дегеніміз  - шығарманың  өн  бойы  яғни  басталуы,  дамуы,  шиеленісуі, шарықтау  шегі, шешімі. 

5- слайд    «Өгіз  бен  бақа»  тақырыбына   арналған  суреттер  көрсету.

Оқушылар   Суретке  қарап  өгіз  бен  бақаға  сипаттама  беру.

6-слайд        Өлеңнің  композициялық  құрылымы:

  1.   Өгіздің  шөлдеп  келіп  су   ішуі                     -       басталуы

  2.   Көрсеқызар  бақаның  өгізге  жолығуы         -       дамуы

  3.   Бақаның  өгізге  ұқсап  қарнын  керуі           -        шиеленісуі

  4.   Бақаның  жарылып  өлуі                                 -       шарықтау  шегі

  5.   Әлін  білмеген  әлек                                        -        шешімі

  ( оқушылар  дәптерлеріне  жазып  алады )

 7-слайд                               Көрсеқызар

 Әлін білмеген әлек           Бақа  қандай?

Мақтаншақ күншіл

 8- слайд       Жаңа сабақты бекіту.  Сұрақ жауап

1. А. Байтұрсынұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді.

2. Мысалдар жинағы қалай аталады, қай жылы жарыққа шықты? («Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы жарық көрді)

3. Мысал деген не? «Өгіз бен бақа» мысалындағы кейіпкерлер кімдер?

4. Аллегория дегенді қалай түсінесіңдер?

5. А. Байтұрсынұлы атамыздың «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінен не үйрендік, қандай  жат  қылықтардан аулақ болуымыз керек?

( көрсеқызар, күншіл, мақтаншақ, өзімшіл,  қанағатсыз .)

9- слайд

Үйге тапсырма:

1    А.  Байтұрсынұлы  өмірі  мен  шығармашылығы.

2    «Өгіз  бен  бақа» мысал өлеңін мәнерлеп оқу

3     Көрсеқызар, күншілдік, мақтаншақтық туралы мақал – мәтел жазып келу

4     Екі бетті күнделік  стратегиясы бойынша кесте толтыру.

Мысал  өлеңнен  алған  әсерім

Менің   пікірім

Әуелде  құдай  өлшеп  берген   дене

Қаншама  зорланғанмен  артылмапты.

Нақыл сөз:  «Әлін  білмеген  әлек »  деген  осындай  әуре  болған  жаннан  қапты,-  деп  бекітеміз.

Бағалау.

Өте  жақсы  баға  алып,  сабаққа  қатынасып  отырған  достарымызды  қол  соғып  қуана  құттықтаймыз.  (  қол  шапалақтау )

Тест

 1. Толағай қандай ертегі түріне жатады?

    а/  қиял- ғажайып ертегісіне      ә/ шыншыл ертегіге    б/  әдеби ертегіге

2. Ә. Тәжібаевтың өмір сүрген жылдары?

     а/ 1865-1932                ә/ 1909- 1995          б/  1904-1990

 3. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

     а/  қуаңшылық             ә/  топан су             б/ қатты дауыл

4. Толағайға  сай сипаттама:

а/ қорқақ, ез, қайырымсыз    ә/ ержүрек, қайырымды, ел үшін туған ер

б/  қатыгез, өркөкірек, жігерсіз

5. «Толағай»  шығармасының  басты тақырыбы?

а/  ерлік туралы  ә/ жақсылық пен жамандық туралы   б/ қатыгездік туралы

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен Бақа» мысалы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі,шығармашылығынан мағлұмат беру, Өгіз бен Бақа» мысалдың мазмұнын түсінуге баулу;

2.Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу,топпен жұмыс жасай білуге,өз ойларын еркін,ашық, нақты жеткізуге, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: Көрсеқызарлық,мақтаншақтық,әлі келмейтін істерге ұрыну секілді жағымсыз қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,көрініс,топпен жұмыс,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,кесте,жинақ папка,бүктеме,үлестірмелі қағаз,суреттер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеу.

б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:(Топқа бөлініп,дөңгелек пішінді парақшалармен бағаланады)

1-слайд. Екі топқа тапсырмалар беріледі,сол тапсырмалар бойынша үй тапсырмасы сұралады.

«Дарын» тобы

«Талант»тобы

  1. тапсырма.Толағайға мінездеме,портрет жазу.
  2. тапсырма.Толағай секілді ер болу сенің қолыңнан келе ме? Егер ел басына күн туса,сен не істер едің?» (ойтолғау жазу)

-Балалар,біз «Толағай» ертегісінен адам бойында кездесетін қандай қасиет-термен таныстық? (еңбексүйгіштік,адал болу,батырлық.елі үшін жанын беретін т.б.)

-Дұрыс айтасыңдар,адам бойында жақсы қасиеттермен қоса,жағымсыз қасиеттер де кездесіп жатады.Қандай жағымсыз қасиеттерді білесіңдер? (еріншек,тілазар,көрсеқызар,қызғаншақ,күншіл,жалқау т.б.)

-Балалар,бүгін біз сабағымызда адам бойындағы жаман қасиеттерді көрсететін мысал өлеңмен танысамыз.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Ой шақыру.

1873-1938 ж.

Ахмет Байтұрсын ұлы

«Өгіз бен Бақа»

Торғай облысы. Мысал. Туылған.

Мына сөздерді бір-бірімен қалай байланыстырып айтуға болады?

Дұрыс жауап:1873 жылы Торғай облысында дүниеге келген. «Өгіз бен Бақа» деген мысалы бар.Ақын 1938 жылы дүниеден өткен.

2.Мұғалім сөзі:

2-слайд.Сабақтың тақырыбы,мақсаты хабарланады.

-Балалар,бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,сабағымыз ерекше болмақ.Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы,туған жері,шығармашылығы туралы мағлұмат беріледі.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абайдан басталады.Ахмет Байтұрсынұлы,

Сәбит Дөнентаев сияқты ақындар Абай дәстүрінілгері оздырды.Абай мен Ахмет мысалдарыаудармадан гөрі қазақтыңөз топырағында жаратылған шығарма күйінде көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы бұрынғы Торғай облысында дүниеге келген.Жазықсыз жалаға ұшырап,1938 жылы ату жазасына кесілген.Ахмет Байтұрсынұлының халқымыздың тарихындаүлкен орны бар қоғам қайраткері,тамаша оқулықтар жазған,дарынды ақын,шебер аудармашы,ірі ғалым болған. Мысалда жануарлар, аңдар. құстар. хайуанаттар. өсімдіктер іс-әрекеті,мінезі арқылы адам бойындағы мінді,кемшілікті тұспалдап әжуа,күл-кі етеді.Мысалдар өлеңмен де,қарасөзбен де жазылады.Осындай шағын көлемді,оқиғалы,адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды.

3.Кітаппен жұмыс.

а) Мысалды мәнерлеп оқу.

ә) Мысалдағы түсініксіз сөздерді астын сызу.

4.Сөздікпен жұмыс.

(түсінбеген сөздерін топта талқылап,дәптерге жазу.)

Саршы тамыз – .............. (өте ыстық)

бек - .... (өте)

шырақ - ............... (мұнда:айналайын)

жырақ - ........ (алыс)

пормың - ........... (формаң,пішінің)

5.Сахналық көрініс.

Мақтаншақ Бақаның жолдасымен диалогы.

6.Топпен жұмыс.

(Мысалды талдау сұрақтары үлестірмелі қағаздар арқылы беріледі)

І топ. «Дарын»

1.Мысалда не туралы айтылған?

2.Автор Бақаның іс-әрекеті арқылы қандай адамның бейнесін көрсеткісі келеді?

ІІ топ. «Талапт »

1.Бақаның өгіздей бола алмауына не себеп болды?

2.Осыған байланысты автор қандай түйінді ой айтады?

IV.Сабақты бекіту

1.Мысал дегенеміз не ?

2.Мысалдарда жануарлар мен жәндіктердіңадам істейтін әрекеттерді жасауы не деп аталады ?

3.А.Байтұрсынұлының Қырық мысал дегеноленмен шыққан кітабі қай жылы,қай қалада жарық көрді?

5.Өгіз бен Бақа мысал өленінің негізгі идеясы неде ?

VI.Сабақты қорытындылау.

-Балалар,бүгінгі сабағымыздын қорытындылай келе, айтар түйін мынау: Бақаның бойындағы көрсеқызарлық , күншілдік сияқты жаман әдеттерден бойларыңды аулақ ұстаңдар .Әлін білмеген – әлек деген нақыл сөзді есте сақтап, шамаларың келетін істі істеуге дағдыланайық .

Бақаның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

«Топтастыру»

көрсеқызарлық күншілдік Бақа қызғаншақ ақымақтық

VI. Үйге тапсырма : Егіннің бастары өлеңін мәнерлеп оқу , Бақаға мінездеме беру ,жазып келу .

VII. Бағалау :

4. «Еркін жазу» әдісі

I топ «Егіннің бастары» мысалы бойынша бір шумақ өлең немесе шағын әңгіме жазу.

II топ «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұнына байланысты мақал - мәтелдер жазу.

III Ой толғаныс «Бір айналым сөйлесу» әдісі

- Балалар, сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?

- Шығарманың сіздер үшін тәрбиелік мәні қандай болды?

Топ оқушылары бірлесіп бүгінгі сабақта үйренгендерін қағаз бетіне түсіреді, топ мүшесі қорғайды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен Бақа»
Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі
: А.Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен бақа"
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10433 | Қосты: katchikova zhanna maratovna | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык