Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары


Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары

Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары

Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Алғы сөз
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған байланысты оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім,біліктердің белгілі бір жиынтығымен емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылған.
Бастауыш класс оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
  Жалпы іс-әрекетті оқушылармен бірлесе ұйымдастыру, өз ойын, пікірін айтқаны, кез-келген оқушыны тыңдау, әр оқушының ой-пікірі бар ерекше тұлға екенін сезінуге туғызу да мұғалім үшін үлкен шеберлік.
   Сабақты қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдері, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, оқушылардың жалпы дамуын, жеке тұлға қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. 
Оқытудың жаңа технологиясы, жаңашылдық, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану.
    Танымдық іс-әрекет танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология- педагогикалық әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады.
Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалім- бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Осыған орай, сабақ типі мен әдіс-тәсілдерін түрлендіру мұғалімнің шеберлігі.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сыныптарда математика пәнінің оқытылуы
Шағын мектептегі инновациялық технология
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын, пәндеріндегі тапсырмалар
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Бастуыш сынып мұғалімдеріне арналған есептер жинағы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Оқушылардың шығармашылығын арттыру
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2999 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык