Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»


Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың мақсаты: 1. Шығарманың мазмұнын толық меңгерту

                                      2. Танымдық тапсырмалар беру арқылы, өз ойларын  

                                      тұжырымдап жеке, топта айта білуге, ізденуге, бірін-бірі     

                                      тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру.

                                      3. Төрт түлікті күтіп, баптауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, баяндау.

Көрнекілігі: ақын портреті, сөзжұмбақ, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.

 

Армысыздар, балалар,              Ойымызды айтайық,

Дайынбыз ба сабаққа?              Білімімізді байқайық.

    Әдебиет-сөз өнері,                    Мына отырған ұстаздар,

       Сай келейік талапқа.                 Қалсын бір сәт марқайып.

 

Кезекші сөйлейді. Үйге «Ақан сері» романынан алынған «Ақырғы бәйге» үзіндісін оқып талдап келуге берілген болатын. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ақырғы бәйге», мақсаты: танымдық тапсырмалар арқылы өз ойларын ірікпей еркін айту.

1ф. Тақырыбы:

       Мақсаты:

       А) Оқушыларды екі топа бөлу. 1-топ «Құлагер», (Ақан серінің) 2-топ «Тарлан». (Ер Тарғынның) Содан соң «бағалау парақшалары» беріледі.

2ф. Ә) Кезеңдерімен таныстыру:

        1. Түсіну. (мазмұны)

        2. Сен маған, мен саған. (топтық жұмыс)

        3. Сөз мерген. (сөздікпен жұмыс)

        4. Шығарма кейіпкерлері. (топтастыру)

        5. Сен мұны білесің бе? (атбегі өнері)

        6. Поэзия минуты. (өлеңдері)

        7. Тест. (қорытынды)

        8. «Ашық сабақта» ойыны

3ф. Түсіну (бәйгенің суреті)

Екі топтан оқушылар шығып, кезекпен әңгімелеп айтып береді. Өздерінің салған суреттерін көрсетеді.

4ф. Сен маған, мен саған.

Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды. (4 сұрақтан) Бірін-бірі қайталамау керек. Уақыт беріледі.

5ф. Сөз мерген

Алдыменен дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз. (дәптерге ұқыпты жазу керек екендігі ескертіледі) Әр топтан бір оқушыдан шығып, сөздерді керекті орнына қойып, мағынасын түсіндіріп береді. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.

 

Пырақ-                                                  әдемі, тік, сұлу бас

Ақырғы-                                               секіру, ырғу                                   

Тәует бас-                                             соңғы, кейінгі

Шылбыр-                                              жұқа мата

Бәйге-                                                    қанатты тұлпар

Бап-                                                       жүйрік жылқы           

Орғы-                                                    жіңішке қылдан есілген жіп

Шыт                                                      күтім, жай, күй

Сәйгүлік-                                              ат жарыс

5ф. Шығарма кейіпкерлері 

Топтастыру жұмысы.   Бір оқушыдан шығып, кейіпкерлерді жазады. Келесі оқушы мінездеме береді.

 
  Овал: кейіпкерлер

 

 

 

 

-Жылқының. (Құлагер)

   2009 жылдың қараша айының 27 жұлдызында, Ұлы Дананың тұлпары-Құлагерге арналған ескерткіш салынып бітті. Мүсіннің ұзындығы-8 метр, биіктігі-5 метр, салмағы-5 жарым тонна, таза мыстан құйылған.

     Ескерткіш салудың идеясының авторы, әрі ұйымдастырушысы Сәдібек Түгелдің айтуынша, «Құлагер монументінің ұлт үшін, ұрпақ үшін мәні де, маңызы да өте зор. Өйткені Құлагерді тұғырына міндіру арқылы зұлымдыққа тойтарыс берілді, ізгілік баянды етілді».

    Халық ұзақ тосқан киелі ескерткіштің салтанатты ашылуы 2010 жылдың мамыр айында өткізіледі.

 

Енді осы жылқыны күтіп, баптап өсіретін адамды кім дейді? Оны мына сөзжұмақ арқылы шешіп көрейік.

7ф. Сөзжұмбақ

1. І. Жансүгіровтың поэмасы («Құлагер»)

2. Ер қанаты - ... (ат)

3. Жылқының сүті (шұбат)

4. Жылқының басына кигізетін, ауыздық пен тізгіні бар қайыстан істелген әбзел (жүген)

5. Ат жарысы (бәйге)

6. Жеті қазынаның бірі (жүйрік жылқы)

Жарайсыңдар!

Ал енді осы атбегі туралы не білесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады. Содан соң атбегі өнері туралы тақтада көрсетіледі. (флипчарт шығады) 1 оқушы «Ақан сері» романынан үзінді айтады. (қосымша)

7ф. Поэзия минуты

 «Құлагер» өлеңін оқып  мағынасын ашу .  (Ақан серінің портреті)

Жануар, жаз жайладым, күз жайладым,

Сыртында қызды ауылдың көп байладым.

Құлагер мерт болды деп есіткенде

Тұра алмай орынымда бай-байладым.

8ф. Тест (қорытынды) уақыт беріледі.

1. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы Құлагер кімнің жүйрік аты екенін табыңыз.

А) Батыраш.

В) Қобыланды.

С) Ақан сері.

Д) Ілияс.

Е) Біржан сал.

2. Қара өлең ұйқасын табыңыз.

А) абаб.

В) абвб.

С) ааба.

Д) аабб.

Е) абба.

3. Сәкен Жүнісовтың шығармасын табыңыз.

А) «Бала Шоқан»

В) «Қажымұқан»

С) «Қазақ солдаты»

Д) «Абай жолы»

Е) «Жапандағы жалғыз үй»

4. Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.

... қызыл шұнақ аязында тер қатқандай, тұла бойы жыбырлап, дірілдеп барады ғой.

А) Ақпанның

В) Желтоқсанның

С) Наурыздың

Д) Қаңтардың

Е) Сәуірдің

5. «Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың» деген кімнің сөзі.

А) Мөңке

В) Ақан

С) Күреңбай

Д) Батыраш

Е) Әлібек

6. «Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттелетінін табыңыз.

А) Тәңірберген

В) Абай

С) Батыраш

Д) Қараман

Е) Сағынай

 

9ф. «Ашық сабақта» ойыны.

Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты өз ойларын білдіретін сөйлемдер ойлауы тиіс.

1-топқа:                                                2-топқа:

ашық сабақта                                       бүгін

тапсырма                                              сұрақ                                                                                

әсіресе                                                   көңіл

жарайсыңдар                                        еңбек

 

10ф. Бағалау (оқушы бағалайды)

 

11ф. Үйге тапсырма: Ер қанаты-ат (эссе), 12 тапсырма, тест.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Ақан Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығын қайталау
Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны
Ақан Сері
Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары
Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды
Жылқы АШЫҚ САБАҚ
Елінің ардақтаған Ақаны еді
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6487 | Қосты: Сейдалина Тоғжан Сансызбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык