Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзендер қайдан басталады және қайда құяды Сұрау есімдігі


Өзендер қайдан басталады және қайда құяды Сұрау есімдігі

Сабақтың тақырыбы: Өзендер қайдан басталады және қайда құяды Сұрау есімдігі

Сабақтың мақсаты: Табиғат  туралы білімдерін кеңейте түсу; жүйелі сөйлеуге үйрету.
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.
Сабақтың білімділік мақсаты: мәтінді мәнерлеп оқу.  Оқу түрлері:
түсініп оқу, іштей оқу, жылдам оқу, теріп оқу, тізбектей оқу, кідіріп оқуға басты назар аудару. Сұрау есімдігі туралы алған білімдерін практикада қолдану, пысықтау
Сабақтың дамытушылық сипаты: Оқушының ой - өрісі, дүниетанымын кеңейту,  оқушының ойлау, елестету, жүрекпен жете сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту
Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ізденуге жетелеу, жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу; Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беріп, әсемдіктісезінуге, туған жерін қадірлеуге, мақтан етуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  Табиғат көрінісі.
Сабақта пайдаланған әдіс - тәсілдер:сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Жақсы тілек тілейік!
 - Көркем сөз. ( «Ана», «Отан» туралы)
Үй тапсырмасын сұрау:
- Есімдік дегеніміз не?
- Оның қандай түрлері бар?
- Мысалдар келтіру. Әр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету.
3. Жаңа сабақ.
а) «Табиғатпен тілдесейік». Әдісі: сұрақ - жауап
- Біздің айналымызды не қоршап жатыр?
- Табиғат дегеніміз не?
ә) Табиғатқа байланысты «Жер», «Су», «Ауа» топтарына бөлу. Оқушылардың өз аттарын қорғауы
б) «Табиғат және адам», « Табиғат - менің өз үйім», «Табиғатты аялау, қорғау» тақырыпарында әңгіме жазу.
- Табиғаттың тамаша көрінісін көзімізді жұмып, жан дүниемізбен сезініп алып, енді қағаз бетіне түсіріңіздер
(Теледидардан « Табиғат тамашалары»
тақырыбындағы бейнебаяны жіберіледі)
в) « Табиғат - менің өз үйім» тақырыбындағы тарауға байланысты пікірлерін тыңдау.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені....
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
- Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені....
 
ғ) «Өзендер қайдан басталады және қайда құяды?» мәтінінін мұғалімнің оқуы. Әдісі: мәнерлеп оқу. Теледидардан «Өзеннің ағысы» тақырыбында бейнебаян жіберіледі
4. Оқулықпен жұмыс
а) оқушылардың оқуы. Әдісі: іштей оқу, кідіріп, мәнерлеп оқу, «түртіп алу» стратегиясы
ә) сөздік жұмысы әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
5. Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
а) Қазақстандағы өзендерді еске түсіру. Әдісі: сұрақ - жауап
7. «Жер - Анаға» хат жазу
8. «Су - тіршілік көзі» ой толғау.
Суға байланысты тыйым сөздер айту.
 
9. «Сыңарын тап» ойыны.
әдісі: мақал - мәтелдердің сыңарын табу.
10 «Білімге деген кұштарлық» ойыны.
Әдісі: топпен жұмыс
 
11. Өзеннің суретін салу
12. «Не білдік?» «Не үйрендік?»
әдісі: топпен жұмыс. Сызбаларды толтыру.
13. Қорытындылау. Әдісі: Оқушылардың жауабы арқылы басқару, сызба құрастыру, сатылай - кешенді талдау.
14. Бағалау. Әдісі: мониторингті әр топқа беру, таныстыру.
15. Үйге тапсырма

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ы.Алтынсарин "Өзен"
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Табиғатты қорғай білейік.
Есімдіктен өткенді қайталау
Сілтеу және сұрау есімдігі
Смаханұлы Бұлбұл мен тоқылдақ
Суды қорғау
Адам және табиғат
Табиғат ашық сабақ
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2785 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык