Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып


Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Күні: 7.10.2014
Сынып: 7 б
Сабақтың тақырыбы: Жаз деген...
Сабақтың мақсаты: Жаз мезгілі туралы және жаздағы ауа райы туралы айта алу; тақырып бойынша байланыстыра сөйлеу дағдыларын арттырады;

Күтілетін нәтиже: Мәтінді оқып,мазмұнын айта алады.Жаңа сөздерді жатқа біледі,сауатты жазады және өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алады.
Сілтеме 7-сынып қазақ тілі оқулығы , 52-53 беттер
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.Оқулық 4. АКТ
2. Шар 5. жетондар
3. Карточкалар
Оқыту әдістері: СТО
Ой қозғау
Оқыту үшін бағалау
Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер 1.топтық жұмыс
2. жұппен жұмысы

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушыларды түгендеу, 2 топқа бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Бағалау парақшаларын тарату.
2. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу.

ІҮ. Тапсырма Сұрақтар тапсырмасы.
Жоба қорғау
Ү. Сергіту сәті Қимыл қозғалыс жаттығуын жасау «Мен қазақпын»
ҮІ. Пысықтау Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңін мәнерлеп оқу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
3-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын әңгімелеңдер.

ҮІ. Бағалау Оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы
2-тапсырма.52-бет.Үлгі бойынша сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдерді жазып алыңдар.
ҮІІІ Кері байланыс Күлімдеп және мұңайып тұрған смайликтер жапсыру арқылы кері байланыс орнатылды.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.
Психологиялық тренинг өткізу.Күлімдеп тұрған смайлигі бар шарды бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер айту.
Күннің көзі ,жұлдызша қиманы таңдату арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Сыныптың алтын ережелерін еске түсіру.
Әр оқушыға бағалау парақшасын тарату. Күннің көзі ,жұлдызша қиманы екі түрін таңдаулары бойынша 2 топқа бөлініп, орындарына отырады.

Сынып алтын ережелерді дауыстап оқып, естеріне түсіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын «ала доп» әдісі арқылы тексеріп өтеміз. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушыларға смайликтер таратып беріледі.
«Отбасы мүшелеріне арналған сыйлықтар» тақырыбына эссе жазу. Оқушылар допты бір-біріне беру арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу Интербелсенді тақтада жазылған сөзжұмбақты шешу арқылы үй тапсырмасын анықтап алады.
Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жаздыртады.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады.
Тапсырма
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
а/Жаз айларын атаңдар.
ә/Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
б/Ауа райы қандай?
в/ Жаз қандай ай?
2.Топқа тапсырма береді.
«Жаз деген» Жоба дайындауға тапсырма береді. Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды.

«Жаз деген» тақырыпқа әр топ жоба дайындайды, қорғайды.
Ү. Пысықтау Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңін мәнерлеп оқу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар деп тапсырма береді.
Сонымен балалар Ыдырысовтың өлеңі бойынша жаз деген не екен? деген сұрақ қояды.
3- тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеңдер./ жұппен жұмыс/
Карточкамен жұмыс. Мәтін бойынша карточкалардағы сұрақтарды таратып береді. 1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңді мәнерлеп оқиды, тәуелдік жалғауы бар сөздерді дәптерлеріне теріп жазады. Берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар жұпқа бөлініп, мәтінді 3 абзацқа бөліп,оқып,аударып,бір-біріне түсіндіреді.Содан кейін жұптағы оқушылар топтарына оралып,мәтінді толық талқылап, бір-біріне түсіндіреді.
Мәтін бойынша карточкалардағы сұрақтарға жауап береді.
ІҮ. Сергіту сәті «Мен қазақпын» сергіту сәтін ұйымдастырады Сергіту сәтіне қатысады.
ҮІ. Қорытынды Сабақты қорытындылайды.
«Ала доп» әдісін қолдана отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз. Оқушылар жауап береді.
Кері байланыс Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, Күлімдеп тұрған немесе мұңайып тұрған смайликтерге жапсыруға тапсырма береді. Тақтада ілулі тұрған «Смайликтерге» сабақтан алған әсерлері туралы жазылған стикерлерлерін жапсырады.

ҮІІ. Үй тапсырмасы 2-тапсырма.52-бет.Үлгі бойынша сын есімдерді қатыстырып,сөйлемдерді жазып алыңдар. Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алады.
ҮІІІ. Бағалау
Сабақ барысында алған смайликтер санына байланысты балдарын қорытып, бағалау. Бағалау парақшасындағы смайликтерді санайды.
Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есім.
Жаттығу жұмыстары
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
орта мерзімді сабақ жоспары 7 сынып
5 сынап. Менің мектебім
Окрытый урок по казахскому языку "Менің мектебім". 5 класс
Кестелер. Кестелерді құру
Хайуанаттар бағында. Емес болымсыздық шылауы.
Тымақ. Буын
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5662 | Қосты: Аренова Меруерт Жұмабекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык