Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 2 – ге көбейту кестесі


2 – ге көбейту кестесі

2 – ге көбейту  кестесі

Сабақтың тақырыбы:    2 – ге көбейту  кестесі

Сабақтың мақсаты: 
                                   Білімділік:     оқушылардың  көбейту  туралы    

                                    білімдерін  тереңдету  және сандарды  2 – ге  көбейтуге

                                    берілген тапсырмаларды орындау.

                                   Дамытушылық:   ойлау,  есте сақтау, танымдық   

                                   қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу 

                                   дағдыларын   жетілдіру.
                                  Тәрбиелік:     ұйымшылдыққа,   тапқырлыққа,  

                                  жылдамдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   пысықтау сабағы 
Сабақтың түрі:    дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі:  түсіндіру,  сұрақ – жауап, ойындар,  әңгімелеу, саяхат.  
Сабақтың   көрнекілігі:  флипчарт, бейнеролик, суреттер,  қима - қағаздар 
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ. Үй тапсырмасын  бекіту ( 4 мин)

ІҮ. Жаңа сабақ  (25 мин)

Ү. Сабақты бекіту (6 мин)

ҮІ. Үйге тапсырма  (1 мин)

ҮІІ. Бағалау (1 мин)
                                                      Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқу –құралдарын алғызу

б) назарын  сабаққа  аудару
в) психологиялық дайындық

Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

 - Бүгінгі  сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз.  Сабақта алған білімдерімізді   ортаға саламыз. Саяхатқа   дайындық  жүргізу  ретінде  алдымен     үйге берілген тапсырманы  тексеріп алайық.

-         Үйге қандай  тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру          266 бет, № 8

302 кг = 3 ц 2кг                 128 кг = 1 ц 28 кг                         3 м = 300 см

45 дм = 4 м 5 дм                246 см = 2м 4дм 6см                   6м 7дм= 670дм

(әр топтан бір оқушыдан  шығып,  тақтада  ілінген  плакатқа тапсырманың дұрыс жауабын  жазады)

ІІІ. Үй  тапсырмасын бекіту

-         Балалар  мен  сендерге  бейнекөрініс  көрсеткім  келіп  отыр.  Мұқият  зейін  қойып  тамашалайық.

 

  «Табиғаттың  көктемгі  тынысы»  атты бейнекөріністен  үзінді  көрсету.

 

-         Балалар,  көктем  мезгілі  несімен  ерекше?

-         Көктемде қандай  өзгерістер  болады?

( балалардың  жауаптары  тыңдалады)

- Олай болса,  көктемнің  алғашқы  әсем  гүлі  бәйшешек  гүлін  тергілерің  келе ме ?

«Бәйшешек  гүлін  теру»   ойыны  арқылы 2 санының көбейту  кестесін еске түсіру

( әр топ кезекпен  тақтаға шығып,  бәйшешек  гүлін  тереді және  артына  жазылған  көбейтіндінің  мәнін табады)

2 * 1 =2

2 * 2 =4

2 * 3 =6

2 * 4 =8

2 * 5 =10

2 * 6 =12

2 * 7 =14

2 * 8 =16

2 * 9 =18

2* 10 =20

-  Міне балалар,  енді  біз  саяхат  жасауға дайынбыз. Біз  бүгін «Көктемгі орманға  саяхат»  жасаймыз.

 - Орманда қандай аңдар бар екен, олардың көктемгі тіршілігі  қандай екенін байқайық. Орманда  бізге  көптеген  тапсырмалар мен  есептер  кездеседі. Ал сендер оларды  орындауға  дайынсыңдар ма?

- Жақсы,  ендеше саяхатқа  немен  шығамыз деп  ойлайсыңдар? (автобуспен)

«Ынтымақ  автобусы» біздің  саяхатқа  баратын  көлігіміз.  Көлік сапарға дайын. (суретін  тақтадан көрсету)

-   Жолаушы  азаматтар. М.Мәметова  атындағы № 27 орта мектебінің  аялдамасынан «Ынтымақ  автобусы»   қозғалғалы  тұр, сақ  болыңыздар!

(автобус  жүріп,  орманға  келіп  тоқтау)

ІҮ. Жаңа сабақ

-  Балалар, орман  ішіне  кірмес  бұрын  біз алдымен  сандарды 2 –ге  көбейту кестесімен  таныс  болуымыз  керек.

№ 1, № 4.  Түсіндіру(флипчарт  арқылы)

-  Жарайсыңдар,  балалар! Орманда  түрлі  жыртқыш аңдар  кездеседі. Сол үшін де  абай  болып,  жан – жағымызға  қарайлап, сақтанып  жүрейік.

Мынау  қандай  аң ?  - аю.

Аюдың  қысқы  ұйқысынан  қалай  оянатынын  білгілерің  келе ме ?

- Ол үшін  оқулығымыздағы №2 және № 3  тапсырмаларды орындайық.

Топпен жұмыс.  № 2, № 3.

( әр топқа  қима  қағаздар  таратылып, тапсырманың  орындалы  реті  түсіндіріледі және  әр  топтан  1 оқушыдан  шығып  дұрыс  жауабын жазады)            

    1-топ

?

– топ                         

?

 

2

7

 

  2-топ

?

– топ                        

?

        

4

 3-топ

3  - топ

12

6

– топ                                                                      

 

1        

 

2

?

2

?

 -  Жарайсыңдар,  балалар!

- Қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан аюды апанның төбесіне сырт – сырт етіп денесіне тамған тамшы оятып жібереді. Ояна бастаған аю не болғанын түсінбестен апаннан сыртқа шықса, айнала қаптаған су. Маңай тіпті өзгерген.
- Бұл су қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? /Күн жылынады. Қар ериді. Топырақ жібиді. Бәйшешек гүлі атады. 

- Балалар, мына жәндік  қалай аталады?  - көбелек.

Көбелектің  қалай  пайда  болатынын білгілерің келе ме?

Олай болса, келесі тапсырманы  орындайық.

Оқулықпен,  дәптермен жұмыс.

( әр топтан бір оқушыдан  шығып тақтада  орындайды)

№ 5. Өрнек құр және  оның мәнін тап:

1)    6 және 2 сандарының көбейтіндісі;                            6 * 2 = 12

2)    8 – ді 2 есе  арттыру;                                                    8 * 2 = 16

3)    36 мен 48 сандарының  қосындысы;                          36 + 48= 84

4)    462 мен 150  сандарының  айырмасы.                       462 – 150 = 312

Көбелек -...........................

Балалар, мына  ағаштың   төбесіне қараңдаршы. Бұтасында не отыр?  - тиін. Тиін қысқа саңырауқұлақтарды кептіріп жинап, сонымен қоректенеді екен. Бірақ  тиіннің  саңырауқұлақтары  таусылып, оның қарны  аш  сияқты. Біз  оған  «қозықұйрық»  саңырауқұлағынан  теріп  берейік.  Ол үшін  оқулықтағы № 6, 8 тапсырманы  орындайық.

№ 6, 8. Есепті  шығар:

(Әр топқа  жеке есеп жазылған қағаздар таратылады.  Оқушылар  өз есептерін талдап,  топтан бір оқушыдан тақтаға шығып,  түсіндіріп жазады)

1 – топ.

Бірінші  гүлзарды  суғару  үшін  16 шелек су,  екіншісіне – 13 шелек су  жұмсалды.  Ал  үшіншісіне  бірінші мен екіншіге  қанша су  жұмсалса,  сонша  су  жұмсалды.  Үшінші  гүлзарды  суғару  үшін  неше  шелек  су  жұмсалды?

Шешуі:  16 +13  = 29

Жауабы: үшінші   гүлзарды суғару үшін 29 шелек су жұмсалды.

 

2 - топ

Мектеп бағында 24 жоғары сынып  оқушылары  және 8  мұғалім  жұмыс істеді. 12 адам  үйіне кетті.  Мектеп  бағында неше  адам қалды?

Шешуі: (24 + 8) – 12 = 20

Жауабы: мектеп  бағында 20 адам қалды.

 

3 – топ.

1 голшоқтың  бағасы – 400 теңге  тұрады. Дәл  сондай  гүлшоқтың  екеуін  сатып  алды.  Қанша  ақша  төленді?

Шешуі:  400 * 2 = 800

Жауабы: Құны 800 теңге болды.

 

Дұрыс орындаған  топ қозықұйрық  саңырауқұлақтарын  тиінге сыйлайды.

 

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап   күш.

Мен ұшамын  кептерше,

Еңкейемін қолым жеткенше.

 

Жеке  оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі  қима  қағаздар  тарату.

 

Ү. Сабақты бекіту.

-         Балалар, мынау қандай  жануар?  -  қоян.

 

Қоян  түсті қақпанға.
Жортып келе жатқанда.
Қақпаннан  біз босатайық.
Босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық. 

 

№11.  Есепте ( ауызша):

(Оқушылар тақтаға шығып балық аулайды. Балықта жасырылған тапсырманы орындайды)

 

9*2     6*2     2*8    4*2     2*9     2*6      3*2      2*7     8*2    2*5   7*2    2*1

Балалар,   сендерге  қоян рақметін білдіріп жатыр.

Балалар,  қайтатын  уақыт болды.  Бүгін  біз    орманда  жануарлардың  көктемгі тіршілігімен  таныс  болдық.  Кейбір  аңдарға  көмектестік.кеш  батып  кетпей үйімізге  оралайық. Сендерге  көп рахмет.

ҮІ.  Үйге тапсырма.

268 бет № 7,  №9

ҮІІ.  Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
Оқушылардың білімдерін пысықтау.
Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері.
8-ге көбейту және бөлу кестесі
10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
2 -ге көбейту және бөлу. Есептер шығару
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
9 санын қосу және азайту
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4105 | Қосты: Бектибаева Жулдызай Икарамовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык