Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері


Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері

Сабақтың тақырыбы: Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.   Өткен материалдарды қайталау.
А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.
Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?
В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды? 
3. Жаңа сабақ. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан  аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық  тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.
Слайдтардан алған мәліметтерге сүйене отырып сабағымызды жалғастырайық.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ  ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.
Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;
екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
-          бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;
-          бұйымдарды бояу, оған әр беру;
-          боялған бұйымдарды тазалау, лактау.
Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.
10. Қорытынды.
«Үтір» (қайырма), «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!
Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды  көрмеге алу.
Үйге тапсырма: дайындаған ою-өрнекті көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы» тақырыбына реферат жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Металды көркемдеп өңдеу
Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу
Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы
Тақтайдан жасалған едендер мен плинтустарды төсеуді үйрену
Қаңылтырмен көркемдеп безендіру
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3119 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык