Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу


Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу

Сабақтың тақырыбы: Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу.(практика)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс : математика,биология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру
Едендер
Едендерді пайдалану кезінде келесі  талаптарды сақтау керек:
- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін);
- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;
- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;
- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.
Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы. 
Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек.
Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0,5-1,0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады. 
Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек. 
Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады.  
Жаңа еден тақтайлары қатты кеуіп қалған кезде, оларды қорытып, бояу керек.  
Қатты тозған немесе зақымдалған бөлек тақтайларды жаңасына үш жағынан ауыстыру керек.   Жөндеу жұмыстары біткеннен соң жаңа тақтайларды грунттайды, сылап екі рет бояп шығады.  
Линолеумнан және синтетикалық материалдардан жасалған едендердің пайдалану барысында міндетті түрде жоятын негізгі ақауларына келесілер жатады:  жарылулар, қабарулар, қирату, негіздің қыртысталуы, отырғызу процесстері.
Цементті-құмды қабатпен жабылған едендегі тозған линолеумді ауыстыру кезінде, еден астын цементті ертіндісімен тегістеп, жөндеуден өткізу қажет, содан кейін линолеум төсеу керек. Еден астындағы негіз қатты, тығыз, жақсы бетпен тегістелуі керек.  Басқа жағдайларда тегістеу үшін қалау материалдарын – жартылай қатты ағаш тақтайларын және басқа да материалдарды қолдануға болады. 
Линолеум жабынындағы жергілікті қабынуларды тесу және жүк салу арқылы жоюға болады. 
Ксилолитті едендердің бөлек бөліктері бұзылған жағдайда, сол бөліктер алынып, орнына ксилолитті масса жағылады.  Басқа жағдайларда ксилолитті еденді басқа материалдардан жасалған жабындардың төсем қабаты ретінде қолдануға болады. 
Ксилолиті едендерді пайдалану және жөндеу кезінде тиым салынады:
- едендерді жиі және мол сулауға (жоғары электр өткізгіштікке ие болып едендер жарамсыз болып қалады);
- негізді тегістеу кезінде ізбес,  цементті-әкті ерітінділерін, күйінді цементтерді қолдануға.
Керамикалық тақталардан жасалған едендердің негізгі ақауларына қыртысталу және жабындардың бұзылуы, жергілікті түсу,  шұңқырлар, жарылулар және уатылулар жатады.
Бетонды негіздіктен қалған керамикалық тақталар  ерітіндіден тазартылып, сумен жуылады. Тақталардың бекітуін цемент ерітіндісімен жүргіземіз, сонымен қатар ауыстырылатын тақтаны коллоидты-цемент,  эпоксидты немесе желімнің көмегімен ауыстырамыз.
Цементті едендердің бұзылған орындарын бітеу кезінде оларды сондай материалмен жабу керек. Негіздіктің беті берік, кесілген, шаңнан тазаланған және ылғалды болу керек.
Цементті едендердің жөнделген орындарын екі күннен кейін  цементпен қатырып тастау керек. 
Бағалау.
Қортындылау:
Үй тапсырмасы:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еденге паркеттің төсеу
Паркетті төсеуге қажет мастиктер
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы
Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы
Пәтердің есіктерін дайындау және жөндеу технологиясы
Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері. Линолиум
Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары
Сырлау, еден, паркеттерді және линолеумдарды жөндеу жұмыстары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2419 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык