Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы» мамандықтары туралы кең мағлұлмат


«Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы» мамандықтары туралы кең мағлұлмат

Сабақтың тақырыбы: «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы» мамандықтары туралы кең мағлұлмат

Сабақтың мақсаты: Ағаш материалдарымен жұмыс жасау білу және конструкциялық материал ретіндегі қасиеттері, ағаш ұқсату шеберлігі туралы білімдерін кеңейту.
а) білімділігі: ағаш ұсталығымен айналысатын кәсіптер туралы мағұлматтар бере отырып,кәсіптік бағдар беру, мамандыққа деген ынтасын арттыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ойын еркін жеткізуі мен пікір айту дағдыларын қалыптастыру,тиянақтылық пен жылдамдыққа машықтандыру.
б) тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу. 
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «кластер» стратегиялары, «қарлы кесек» ойыны,сөзжұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, ағаш мүкістері, ағаш түрлері,ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарынан-слайд. 
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, этнопедагогика.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру. Берілген тапсырмаларды тексеру.
Сұрақтарға жауап алу. 1. Ағаш қандай материал және оны не үшін қолданамыз?
(Ағаш-табиғаттың бір бөлшегі, оны түрлі құрал-саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаш материалын өңдеу үшін қандай ерекшеліктері ескеріледі?
(Ағашты өңдеу үшін табиғи түр-түсі, тығыздығы, жұмсақ, қаттылығы,жылу мен ылғал өткізгіштігі ескеріледі).
3.Суретке қарап, ағаштың құрлысын айтып бер. (Ағаш өзегінен, өзек сәулесінен,камбийден, қатты қабаттан, флоэмадан, қабықтан тұрады).
4. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады? (Ағаштың қабығы оны қоршаған ортаның әсерінен, күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан қорғайды).
5. Ағаш материалының қандай қасиеті бар? (Түсі, тығыздығы, текстурасы, дымқылдығы, беріктігі). 
6.Текстура дегеніміз не? (Ағаштың діңін тақтай етіп тілгенде, оның жылдық сақиналарынан тік немесе ирек сызықтар сияқты суреттер пайда болады. Осы суреттерді текстура деп атайды). 
7. Ағаш қандай бөліктерден тұрады? ( Тамыры, діңі, ұшар басынан тұрады).
8. Құрлыс материалына ағаштың қай бөлігі алынады? (ең берік тұсы діңнің орта бөлігінен алынады).
9.Ағашты қалай кептіреді? ( Ең қарапайым кептіру-табиғи кептіру. Ол үшін ағаш материалдарының арасынанауа өтетіндей етіп қабаттап жинайды).
10. Ағашты кептіргенде оның тез кебетін шет жақтары жарылып кетпеуі үшін не істеуге болады? (Ағаштың шет жақтарына майлы бояу немесе әк жағылады).
11. Ағашта кездесетін мүкістің қандай зиянды әсерлері бар? (Без, қос өзектілік және талшығының қисаюы ағаштың сапасын төмендетеді, беріктігі азаяды,сызаттанады).
Үй тапсырмасын бекіту: «Қарлы кесек» ойыны. Шарты: Ойын бастаушы қолындағы қар кесегін бір оқушының атын айтып, соған лақтырады. Кесекті ұстаған адам ағаш, тал және оның түрлеріне байланысты ырым, мақал-мәтелдер, өлеңдер айтуы қажет. Ағаш туралы мақал-мәтелдер:
1.Бір талды кессең, он тал ек. 2. Бабын тап та, бақ өсір. 3. Бір тұт еккен кісі жүз жыл гауһар терер. 4. Әкеден мал қалғанша, тал қалсын.
1.Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым» Қорқыт.
 2.қабаққа біткен қайыңның беріші еді,безі еді,
Өтіндей-ақ аюдың, әкемнен қалған көз еді» .
1.Түсінде ағаш көрсе, адам байиды – деп жорамалдаған.
2.Жеміс ағаштары күзде қайта гүлдесе, алдағы қыс жылы болады.
3.Емен ағашының ұрығы көп болса, қыс қатты болады.
4.Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызса, несібе мол болады.
Жаңа сабақ: Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыз мамандық түрлері туралы болмақ, соның ішінде ағашпен жұмыс жасайтын мамандық туралы болады.
«Кластер» стратегиясы бойынша ой қозғау. Шарты: Тақтаға жазылған мамандық сөзінің айналасына оқушы мамандық сөзін естігенде не түсінетіндігін жазады. (Оқушылар тақтаға өз ойларынан мамандықтың не екендігін, оның не үшін қажет екендігін жазады). 
Мамандық – Табыс. Сүйікті іс. Шығармашылық. Қызығушылық.Еңбек көзі. Кәсіп. 
Адам баласы жер бетінде пайда болған күннен бастап, тіршілік етіп, күн көру үшін табиғаттың түрлі мүмкіндіктерін пайдаланған. Алғашқы қауымдық құрлыс кезіңде құрал-саймандар дайындап, кәсіп ету-күнкөріс көзі болса, бертін келе оның бәрі материалдық және рухани құндылықтарға жалғасты. Міне сол материалдық және рухани құндылықтар табиғаттың ең тамаша бөлшегі-ағашты да орнымен пайдаланып, адам өмірінің барлық қажеттіліктеріне жаратуға негізделді. Халық – ағашты өңдеп, одан әр түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы деп атаған. Әдетте, қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үй сүйегін, яғни, кереге,уық, шаңырағын жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салынатын жастықағаш, жүкаяқ, төсекағаш, кебеже тәрізді үй-іші мүлкі мен аяқ-табақ оятын ісмерлерді оймашы деп таныған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін ау, түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шыпта, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атайтын болған. Алайда, бұлай бөлінгенмен де балташылар үйшілікпен, үйші тоқумен, тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтанда ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп те атаған.
Ал ұсталар айналысатын кәсібінің ерекшелігіне қарай темір ұстасы және ағаш ұстасы деп те екіге бөлінген. Осы ұсталық өнердің екі түрін де меңгерген әмбебап шеберді нағыз ұста деп таныған. Он саусағынан өнері тамған шебер ұсталарды халық аса құрметтеген. Ұстаның дүкенін жалпы жұрт «құттыхана» атаған. Олар соққан затты кие тұтқан. Атап айтқанда, үлкен ұсталардың қолынан шыққан заттарды ырым етіпілу күні бүгінге шейін ел арасында да сақталған. Әрбір шебер ұста бұйымды жасап шығу үшін, үлкен толғанысын, биік талғамын, көп уақытын арнаған. Шебердің жұмыс жасайтын орнын шеберхана деп атайды. Шеберхана әрі кең, жарық жеткілікті түсетін бөлмеге орналасқаны жөн. Жарық күні бойы біркелкі түсу үшін, шеберхананың терезелері солтүстік жақта болғаны дұрыс.
Сабақты бекіту: Тест.Балташы қандай кәсіппен айналысады? а) ау тоқумен, ә) қайық, арба шана жасаумен, б) етік тігумен.
Киіз үйдің керегесін, уығын, шаңырағын жасайтын адамды кім деп атайды? а)үйші, ә)оймашы, б)тоқушы.
Оймашының қолынан шыққан бұйымды ата. а)қазан, қамшы, сырмақ. ә)кілем, кітап, қылыш. б)кебеже, сандық, жүкаяқ.
Үйге тапсырма: Қолөнер бұйымдары атауына ребус, сөзжұмбақтар құрастырып келу.
ұмат

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Ағашты жұмырлап ою тәсілдері
Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу
Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы
Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері.
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8091 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык