Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі


Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қадыр Мырза-Әлінің  өмірі мен шығармашылығынан  қысқаша мәлімет бере отырып, «Кәрі қыран» өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;
  ә) дамытушылық: оқушылардың адалдық, биіктік, ұлт туралы ұғымдарын кеңейту; 
  б) тәрбиелік: адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «рөлдегі оқушылар» әдісі, мәнерлеп оқу, салыстыру, іздену т.б
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, Инсерт кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер, қыран суреті, электронды оқулық, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: Биология,География, музыка, бейнелеу өнері,қазақ тілі.
                                                      Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру( жедел сұрақтар қою арқылы)
  1. Қалихан Ысқақовтың туған жылы.
2. Туған жері.
3. Шығармаларын ата.
4. Шығармаларының алтын арқауы.
5. «Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлерін ата.
6. «Отыздар шамасындағы орта бойлы, арық қара жігіт. Оның мөлдіреген тұнық көзінің тереңінде әлдебір мұң иіріліп жатқандай, биік қабаттың астында мөлиетін де тұратын. Алқымында балық желбезегіндей қатпар-қатпар боп сыңсып жататын ескі жарадан қалған қызылшақа тыртығы бар еді...?» Кімнің портреті?
7. Алматай ағай Қасымға қандай қызық кітап берді?
8. Алматай бұл кітапты неге жасырады?
9. «Қоңыркүзеді» повесіндегіоқиғақайкезеңдіқамтиды?
  10. Қасым неге күзді еске алып отыр?
  11.«Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деген қай шығарма?
  12. Алматыға келгенде жазушымен кездесем деген үміті неге үзілді?
  ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы (оқушылар дайындаған слайдтар бойынша)
2.Ақынның өлеңіне жазылған әндерге шолу (тыңдау)
  3. Ақын туралы пікірді аудио таспадан тыңдау.
4.Ой шақыру. Қыран қандай құс? Ол туралы не айта аласыңдар?
  5. «Білгенге маржан». Қыран құстар туралы түсінік беру (оқушылар дайындаған мәлімет).
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.
Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи
Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай
Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай
6. Мәтінмен жұмыс.1) Электрондық оқулықтан «Кәрі қыран» өлеңін тыңдау.
2) Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу (мұғалім және бірнеше оқушы оқиды)
Сонан соң бірнеше оқушы оқиды.
Ой талқы.
-Не түсіндік?
-Қыран қандай?
- Өзін-өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?
7. Сөздік жұмысы
Зәбірі артты - азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр (қарғыс) - біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету - дүниеден безу.
8. Әдебиет теориясынан 
Баллада туралы мәлімет. Символ дегенміз не?
Топтық жұмыс.
1-топ-Өлеңнің шумағына талдау.
2-топ-Ұйқас түрін табу.
3-топ - буын, бунақ санын анықтау.
Сергіту сәті.
Ақынның өлеңіне жазылған "Атамекен" әнін қосылып айту.
Ой түйін.
Венн диаграммасы.
Қазақхалқы мен Қыранқұстысалыстыру.
  Өлеңмен жұмыс. Оқушылар 5 топқа бөлінеді.   
  «Рольдегі оқушылар»
  1-оқушы-мәнерлеп оқиды; 
  2-оқушы-мазмұнын айтады; 
  3-оқушы- көркемделген сөздерді табады; 
  4-оқушы- мағынасы түсініксіз сөздерді табады; 
  5-оқушы- жоспар құрады
  Қорытынды: Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.
  «Мұзбалаққа» түсінік беру.

  Екеуін салыстыру (4 қасиеті)
  өжет                                 қырағы           осал                                   жас

 

  қайсар                                    сақ          тәжірибесіз                      аңғал

  9. Мәтінді талдау, идеясын ашу.
1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
2. Қарт қыран қандай халге душар болды?
3. Неге намыстанды?
4. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?
5. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
6. «Кәрі қыран» өлеңінің баллада жанрына жатқызуға болатын белгілерін анықтап, мысалдармен дәлелдеп әңгімелеу.
7. «Қыранша өмір сүргенің-
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!- деген жолдардағы тұспалды ойды анықтау. Ақынныңойынәңгімелеңдер.
  10. Өлеңге поэтикалық талдау жасау
Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы.
  Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.
Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып, 
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б.
Психологиялық параллелизм – көк аспанын мұң қаптаған кезде..
Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр.
Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір.
Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты, т.б.
  11. Өлеңді композициялық құрылымына талдау.
Шығарманың экспозициясы: Қияда қалғып отырған кәрі қыран.
Байланыс: Кәрі қыранның ауыр халі.
Дамуы: Шау бүркіттің ойы.
Шарықтау шегі: Қақ бөлінген көк тас.
Шешімі: «Қандай бақы! Қыранша өмір сүргенің!»
  12. Қырандар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
1. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан үзіндісінде Ахметтің лашынының құсы туралы оқыдық.
  2.М. Шаханов «Отырар» өлеңінде алты ай бойы Отырарды құтқарам деп арпалысқан Қайыр атты ханды қыранға теңейді.
13. Инсерт кестесі.
ІV. Бекіту: Небілдік?Не таңқалдырды? Не білгім келеді?
  V. Бағалау.
  VII.Үйге тапсырма:  «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Мырза-Әли, Жеті өлеңі
Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Қадыр Мырза Әли “Ана” өлеңі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5837 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык