Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға айтқаны


Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға айтқаны

Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға айтқаны

(Американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның  таксономиялық жүйесін пайдалана отырып түсіндіру.)
І. Білу.
 
• Қашаған кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
• Өлеңді оқу.
• Сөздік жұмысы.
   ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі халық арасында жырлары кең тараған суырыпсалма дүлділ ақын. Қашаған Күржіманұлы 1841жылы Түрікмен ССР-ы  Ташауыз қаласының маңындағы қазақ ауылында дүниеге келген.
   Шежірелік түзілім бойынша таратсақ: Адай- Құдайке- Қосай- Бәли- Есберді- Алдаберді- Түбай(Түбек)- Оразбай- Шанықұл- Дүйсенбай- Күржіман, Адай атамыздың он бірінші ұрпағы.
   Шығармалары: «Атамекен», «Адай тегі», «Топан», дастандары, өлеңдері, айтыстары.
 
  Құрманғазы Сағырбайұлы (1818- 1889) қазақтың күйші- компазиторы, домбырашы.
  Шығармалары: «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай» т.б күйлері.
Шарғы- шариғат.
Бақырған- Сүлеймен Бақырғани кітабы.
Барсиса- діни кітаптардағы сұпы бола жүріп, шайтанға еріп азғындық  жолға түсіп, Құдайдың қарғысына ұшыраған адам.
Насуха- бұл адам күнәкәр, қанішер, адам бола тұрып, соңынан адалдық жолға түсіпті мыс.
Қағба- мұсылмандардың Меккедегі ғибадат ету орны.
Мәсуәк- сауап үшін ауыз жуатын ағаш.
Ағуыз, алқам- діни аяттар.
Біләл- Мұхамбет пайғамбардың азаншысы.
Қонаша- қонып шығатын бас қалқа.
Зауық- сауық.
 
ІІ.Түсіну
• Өлеңдерді бөлімге бөліп, ат қою.
1. Қонақтар және жігіттер ойы.
2. Кесірлі келін.
3. Саран сұпы.
4. Қара домбыраның қасиеті.
 
Домбыра- қағып, шертіп ойнайтын ішекті ұлттық музыкалық аспап.
 
ІІІ. Пайдалану.
• Өлеңдегі нақыл сөздерді пайдаланып, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы әңгімеле.
• Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тіл, ұлттық мұра- домбыраны сақтау жөнінде пікіріңді білдір.
 
IV.Талдау.
1. Өлеңдегі Есқали сұпының бейнесін талда (Мінездеме жазу)
2. Қашағанның ішкі жан дүниесінің күйзеліске түсуін өлең жолдарын пайдалана отырып дәлелде.
 
V.Жинақтау
 
• «Әке көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер» деген мақалды Есқали сұпының келіні мен баласына байланысты айтуға бола ма?
• Ақынның адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді (сараңдық, дүниеқоңыздық) сынауына қандай ой қосар едің?
• Біздің елде сіздердей жас келіндер,
      Сөйлемейтін еді ғой басын бұғып, 
      Оң жақта отырушы еді ісін алып, 
      Қонаққа тұрушы еді төсек салып,- деген өлең жолдарын пайдалана отырып, қазақ келіндері туралы ой қозға.
VІ.Бағалау
• Қазақ халқының басты қасиеті- қонақжайлылық (ой толғау жазу)
• Бабамның мұңы, даламның үні- домбыра (эссе жазу)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
Қазақ тарихы туралы не білесің?
Дүние жүзі тарихы
Қорытынды сабақ
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атақты күйшілер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9279 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык