Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Қазіргі  бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығында жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы және балалармен жұмыс істеу біліктеріне аса назар қойылады, сонымен қатар маманның жалпы мәдени дайындық деңгейі де ескеріліп отырады. Бастауыш сынып мұғалімінің интеллектуалды, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары деңгейде болуы тиіс.  Осы талаптардың барлығы бастауыш мектеп мұғалімінің  жалпы қызметтік  сипаттары мен қызметтік міндеттеріне жүктеледі.  
Бастауыш мектеп мұғаліміне қойылатын талаптардың жиынтығы мен  атқаратын қызметтерінің сипаттамалары оның профессиограммасында беріледі. Профессиограмма мазмұнында, әдетте, мамандықтың өндірістік-техникалық, әлеуметтік, психологиялық, психофизиологиялық сипаттамалары берілсе, оған тетелес психограммада  адамның психикалық-физиологиялық, психологиялық қабілеттеріне, тұлғалық қасиетіне  мамандық қырынан  қойылатын талаптар көрсетілген мамандықтың «психологиялық портреті» жасалады.
Профессиограмма ұғымы педагогикалық әдебиеттерде XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында енгізіліп, қазіргі кезде оның мұғалімдік қызметтің сипаты мен оған қойылатын талаптарды жинақтаған құжатқа айналып отыр. Профессиограммада көбіне-көп міндеттемелік-тұлғалық тұрғыдан талаптар көрсетіледі. Осының негізінде профессиограмманың құрылымы мен мазмұны мынадай болады:
1. еңбектің пәні мен негізгі нәтижелері беріледі;
2. еңбектің нақты адамның игілігіне бағытталғандығын («гуманистік адами орталықты») баса көрсету;
3. мамандықтың нақты бір құрамдас бөліктерін ажыратпай, оның сипаттамалық жүйесінің тұтастығын сақтай отырып, басымды құрамдас бөлшектерін көрсету;
4. мамандықтың практикалық бағыттылығын көрсету;
5. мамандықтың құралдары арқылы адамның мүмкін болатын даму сызығын, мамандықтың өзінің перспективалық өзгерістерін көрсету;
6. тұлғаның мамандықпен толықтырылмайтын сипатын көрсету.
Тұлға сипаты дегеніміз − тұлғаның жалпыланған қасиеті және  әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық қырлары арқылы сипатталады. Олар өз кезегінде мынадай мазмұнға ие болуы тиіс:
• әлеуметтік – ол саналылық, кәсіби қызметтің уәждемелілігі, кәсіби қызығушылық пен мүдделер, өрелік аясының кеңдігі, өзінің кәсіби қызметіне деген қанағаттанушылықтың болуы;
• психологиялық – мінез-құлық қырлары, есте сақтауы мен зейінінің ерекшеліктері, ақыл-ой үдерісінің жылдамдығы, эмоционалдық ерекшеліктері, еріктік сипаттарының жоғары болуы;
• физиологиялық – жоғары жүйке жүйесінің типі, мидың реттеушілік жүйесінің ерекшеліктері .
Бүгінгі бастауыш мектеп мұғалімінің осындай көрсеткіштеріне мектепке жұмысқа қабылдау кезінде мән берілмей келе жатқанын айту керек. Профессиограмма маманның кәсіби қалыптасуын жетілдіру жолдарын көрсетеді. Сондықтан бұл әдіс маман  дамуының икемді сызбасы деуге болады.
Мұғалім профессиограммасы оның имиджін қалыптастыруда негіз бола алады деуге болады. Өйткені еңбекке орналасушы тұлға туралы алғашқы ақпарат иегері болатын профессиограммада мұғалімнің толықтай тұлғалық сипаты мен оның мүмкіндіктері көрсетіліп, болашақтағы дамуының анық жолдары нақтыланған мазмұндағы бағдарлық сызықтар беріледі.
Біздің жағдайымызда көрсетілген профессиограммалық талаптарға сай бастауыш мектеп мұғалімінің профессиограммасының мазмұнына  жалпы мыналарды қосуға болады: мұғалімнің жалпы қызметтік функциясы, оған  қойылатын талаптар, педагогикалық шеберлік.
 Мұғалімнің жалпы қызметтік функциясы – педагогтің жұмыс бағдары болып табылатын кәсіби білімі мен білігі. Оның басты бағыты оқыту, білім беру, тәрбие, оқушыны дамыту, қалыптасттыру. Осыған байланысты мұғалім әрбір бағыт бойынша нақты әрекеттер жасайды, түпкі мақсатына келетін болсақ, мұғалім оқу, тәрбие, даму, қалыптастыру  үдерісінің басқарушысы мен үйлестірушісі болып табылады [1,380-381]. Сондай-ақ бастауыш мектеп мұғалімі диагностика, болжау, жобалау мен жоспарлау қызметтерін қоса атқарып отырады. Осындай күрделі қызметтерді атқарушы мұғалімге оның педагогикалық қызметінің табыстылығының көрсеткіші кәсіби сапасының жүйесі жасалады. Оның құрамында мұғалімнің педагогикалық қабілеті, кәсіби қасиеті ажыратылады. Сонымен мұғалімнің имидж қалыптастырушы технологиясының  бір компоненті ретінде педагогикалық қабілет пен кәсіби қасиетін  толық көрсететін профессиограмманы алуға болады.
Бастауыш мектеп мұғалімінің профессиограммасында оның «адам-адам» және «адам-таңба» жүйесінде қызмет ететіндігі көрсетіледі. Сонда «адам-адам»  жүйесіндегі жұмыстың мазмұны балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен қарым-қатынаста болуды көрсетсе, «адам-таңба» жүйесінде сәйкес жұмыс жоспарларын жасау, жазбаша жұмыстарды тексеру, қажет құжаттарды жүргізуді атайды. Ал бастауыш мектеп мұғалімінің жұмыс құралы қарапайым қаламсап, қағаз және компьютерлік технологиялар деп көрсетілген. Сондай-ақ бастауыш мектеп мұғалімі өзі оқытып отырған оқушылардың денсаулығына және өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиістігі аталса, оның жеке қабілеттік ерекшеліктері деп эмоционалды-еріктік тұрақтылық, шыдамдылық, кез келген кедергілерде зейінін шашыратпай, жинақтай білу қабілетінің болуы көрсетілген.
Осы аталғандардың барлығының бастауыш  мектеп мұғалімінің имидждік компоненттерінен де көруге болады.
А.А.Калюжный мұғалімнің имиджелогиялық құрамдас бөлшектеріне мыналарды жатқызады:
1) педагогтің  кәсіби құзыреттілігі және эрудициясы;
2) педагогикалық рефлексия;
3) педагогикалық мақсат қоюшылық;
4) педагогикалық ойлау және импровизация;
5) педагогикалық қарым-қатынас [2, 60-61].
Олардың әрқайсысының өз кезегінде мазмұндық қырлары ашылады. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі дегеніміз − оның кәсіби білімі мен білігінің және психологиялық-педагогикалық қасиеттерінің сәйкестілігі, яғни профессиограммадағы «адам-адам» және «адам-таңба» жүйесіндегі қызметінің сипаты болып табылады. Ол дегеніміз бастауыш мектеп мұғалімінің білігіне қойылатын негізгі талаптардың жиынтығы: балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен қарым-қатынаста болу, жұмыс жоспарларын жасау, жазбаша жұмыстарды тексеру, қажет құжаттарды жүргізу, компьютерлік, ақпараттық сауаттылығы. Аталған талаптар мен сипаттамалар бастауыш мектеп мұғалімінің тұтас бейнесін жасауға негіз болып, көптеген практикалық міндеттерді шешуге арқау бола алады.
      Бастауыш мектеп мұғалімі қызметінің психологиялық сипатына келетін болсақ, ол біріншіден, оның операционалды-уәждемелік бағыты – адамның  жаңа жағдайға бағдарлануындағы алға қойған мақсаты  мен міндеттері, яғни оның бойында уәждеме пайда болып, қызметке дайындық кезеңі туындайды,   екіншіден, орталық орындаушылық бағытында адам орындаушылық қызмет кезеңіне көшеді, үшіншіден, бақылау-бағалау бағыты – адам ойымен артқа шегініп,  өзінің қолындағы құралдар мен тәсілдер арқылы қойған міндеттеріне жеткен, жетпегенін бекітеді [2, 61]. Осы жерде бастауыш мектеп мұғалімі профессиограммасындағы қызметтік мамзұнында көрсетілген талаптарды орындаудың нақты жолы көрсетілгенін атауға болады, яғни ол дегеніміз – мұғалімнің  балаларды оқытуы мен тәрбиелеуі, қажетті байланыстарды орнатуы және  өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап отыруы
       Бастауыш мектеп мұғалімінің профессиограммасында оның қойылған мақсатқа жетудегі оңтайлы жолдарды таба білуі, білім мен білігінің кең болуы сияқты кәсіби қасиеттері аталады. Бұл жағдайды педагогикалық имиджелогияда педагогикалық қызметтегі біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру деп қарастырады: мақсат қоюдан бастап, оқушыларға кең көлемде әсер ету қабілетіне ие болу және де өз жұмысының  барысын оқушылардың оқытылуы мен тәрибеленуінің соңғы нәтижесіне жеткенше бақылап отыру.
Сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық міндетіне  оқушының мұғалім әсеріне дейінгі даму сипаттамасын білуді де қосады. Мұғалім өзінің оқушысының психикалық күйін үнемі бақылап отыруы тиіс.
       Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігінің нақты құрылымдық бөлшектері қызметтік және коммуникативтік болып ажыратылады, мұғалім өзінің кәсіби қызметінде міндетті түрде өзінің жалпы адамзаттық және кәсіби мәдениетін көтеріп отыруы мен тұтас педагогикалық үдерістің негізі болып табылатын өзара қарым-қатынасты ұйымдастырып отыруы тиіс [2, 61]. Бұл жерден профессиограммада көрсетілген мұғалімнің жоғары деңгейдегі эмоционалды-еріктік тұрақтылық пен  зейінінің дұрыс шоғырлануы,  көптеген қарым-қатынастарға шыдамдылық танытуын айтуға болады.
       Бастауыш мектеп мұғалімінің табысты кәсіби қызметінің сипаты ол оның педагогикалық эрудициясы мен мақсат қоя білуі. Бұл жерде мұғалімнің оқу және тәрбиедегі, тұтас педагогикалық үдерістегі  констурктивті қызметі іске қосылады. Мұғалімнің конструктивті қызметі дегеніміз – оқу-тәрбие материалдарын дұрыс таңдау, композициясын құру, нақты жобалай білу. Осы жерде мұғалімнің ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметі мен құзыреттілігі ажыратылады [3, 282]. Педагогикалық имиджелогияда ол мұғалімнің оқушыларды жоспарланған оқу-тәрбие және қоғамдық жұмысқа тартуына бағытталған қызметі болса, коммуникативтік қызметі оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы оларды тұтас педагогикалық үдеріске белсенді араласуға ояту болып табылатын қызметі  [2, 51].
Қорытындылай келе, мұғалім имиджін қалыптастыру технологиясында профессиограммалық әдістің қолданылғаны жөн деп айтуға болады. Өйткені профессиограмма мен мұғалімнің имидж қалыптастырушы технологияларының компоненттерінің тікелей бір-бірімен ұштасып жатқаны жоғарыда нақты көрсетілді, яғни мұғалім имиджінің технологиясы мен мұғалім профессиограммасындағы талаптардың сәйкестіктері өте көп деуге болады. Олар: 
 1) мұғалім еңбегінің мазмұны, мұғалімнің сәйкес білімі,  біліктері, маңызды кәсіби қасиеттері;
 2) мұғалім қызметінің сипаттары және оларды іске асыру жолдары;
 3) мұғалімнің кәсіби қызметіне сәйкес педагогикалық техникалар және олардың іске асырылуындағы мұғалім тұлғасы мен қызметі.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
                  1. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. -Москва, 2004.
            2. Калюжный А.А. Психология формирования имиджа учителя. - Москва, 2004.
            3.Дидактика средней школы // Под ред. Данилова М.А., Скаткина М. - Москва, 1975
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Менің тәрбиеге көзқарасым
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Мұғалімнің құзыреттілігін арттыруда жаңа технологияларды қолдану
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9280 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык