Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.


ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.

ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал  жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.

Тренинг.  Тақырыбы:  Балама жайлы жағдай.
Мақсаты:  Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Баланың ҰБТ-ге дайындығына ата-ана тарапынан болатын көмекті жан-жақты талқылай отырып, ата-анаға психологиялық көмек беру.               
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, 4 фарматта ақ  қағаз, ата-аналарға арналған кеңес парағы, слайдтар.
Әдіс-тәсілі:  тренинг сабақ, сұрақ-жауап. 
Жүргізілу барысы:  
1. Кіріспе.
      «Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11-сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар ролі ерекше және де маңызды болады. Өйткені балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет. 
ҰБТ-ті тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата-аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін. Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенменде жасыра алмайсыз. 
    Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәттіліктердің барлығы жасөспірімнің өзіне байланысты. Алайда бұл  сәттіліктерге қол жеткізу үшін ата-ананың, ұстаздардың, туған-туыстың, достарының жасөспірімге қолдауы ауадай қажет. Сол себептен де бүгін сіздерді пікір алысуға, бір-бірімізден тәжірибе алмасу үшін жинап отырмын.
2. Әр ата-ана өздері бүгінгі күнге дейін баласына қандай көмек беріп жатқандығы жөнінде әңгімелейді.  Пікір алысып, тәжірибе алмасады. 
3.  1- жаттығу.    «Сәлемдік  хат » .
Мақсаты: Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту.
Уақыты: 5 минут.
Нұсқау: Қағазға сәлемдесу сөздерін жазыңыз. Сосын оны қобдишаға саламыз. Содан соң мен оны араластырып сіздерге ұсынамын. Сіз оған хатты топ алдында оқып, өзіңізге бүгінгі күннің естелігі ретінде қалдырасыз.
     Талдау:
Сәлем хат жазу қиын болды ма?
Сіздің сәлеміңізді оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Көңіл-күйіңіз қалай?
4.   2-жаттығу.      « Жанұя »  сұрақтарға жауап.
1. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөні?
2. Балаңыздың парталас көршісінің есімі кім?. Ата-анасының есімдерін айтыңыз?
3. Балаңыздың досының есімін ата?
4.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Балаңыздың оқыған әдеби шығармасының атын, авторын атаңыз?
6. Бүгінгі сабағыңыздың сабақ кестесін айтып беріңіз?
7. Балаңыздың сыныбында жуық арада қандай тәрбие сағаты өтілді?
8. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын әуені?
9. Қызығушылығы басым пәнін атаңыз?
10. Қандай мамандықты ұнатады?
11. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
12. Балаңызды еркелеткенде көп айтатын сөзіңіз қандай?

5. 3-жаттығу.     «Миға шабуыл».
 Мен сіздерді пікір-талас клубына шақырамын.
Нұсқау:
Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарды өзара талқылап, қорғауы керек.
1-ші топқа тапсырма: ҰБТ-ге дайындалатын орынды қалай ұйымдастыру керек?
2-ші топқа тапсырма: Емтиханды жақсы тапсыру үшін не істеу керек?
3-ші топқа тапсырма: Емтиханға бір күн қалғанда қалай ұйымдастыру керек?
4- ші топқа тапсырма: Емтихан күнін қалай ұйымдастыру керек?
Талдау:
Сұрақтарға жауап беру қиындық туғызды ма?
Сіздің балаңыздың дайындығына көмек беруіңізге бұл талқылаудың пайдасы болды ма?
6. Ата-аналарға балаларының сынама тестен кейінгі алынған сауалнамаларға жауабымен таныстыру.
Мақсаты: Ата-ананы өзінің баласының ата-анадан күтетін көмегімен, баласының жай-күйімен таныстыру.

Мектеп бітіруші оқушылардың сынама тестен кейінгі жай-күйін анықтау мақсатында   алынған сауалнаманың қорытындысына  

         Сауалнама алынған сынып: 11а
Қатысқан оқушы саны: 14
                                                                                       
1. Сынама тест тапсырғанда қандай пәндер қиындық туғызды?
1. Математика  - 4
2. Математика, физика – 8
3. Физика – 1
4. Алгебра, биология – 1
2. Қандай пәндерді орындау оңай болды?
1. Қазақ тілі – 2
2. Қазақ тілі, Қазақстан тарихы – 12
3. Осы сынама тестке дайындықпен келдің бе?
6. Дайындалып келдім – 3
7. Тәуекелге сендім – 9
8. Аздап дайындалдым – 2
4. Өз біліміңе  сенімдісің бе?
2. Сенімдімін – 6
3. Сенімім аз -  8
5. ҰБТ-ге ата-анаң тарапынан қандай көмек көрсетілуде?
4. Моральдық жағынан (үй шаруашылығынан босатады) – 6
5. Материалдық жағынан (репетитор жалдау, қосымша әдебиеттер алып беру) – 8
6. Пән мұғалімдерінен саған қандай көмек қажет? Қандай пәннен?
1 Физика – 5                      4. Дүниежүзі тарихы - 1
2. Математика – 10           5. Биология -3
3. Орыс тілі – 8                 6. Қосымша сабақтар, күнделікті тапсырма беріп соны қадағалап отырса, талап етсе.
7. Ата-ана тарапынан саған қандай көмек қажет?
1. Ешқандай көмек қажет емес - 11
2. Моралдық көмек - 2
3. Материалдық көмек – 1
8.  Сынама тест тапсыру кезінде сенде қобалжу болды ма?
2. Ия – 5
3. Жоқ – 9
9. Қандай пән сен үшін дайындықты көп қажет етеді?
1. Математика  - 10
2. Физика – 1
3. Биология – 1
4. Қазақ тілі – 1
5. Тарих – 1
10. Барлық уақытыңды ҰБТ-ге дайындыққа жіберіп жатсың ба?
1. Ия – 2
2. Жоқ – 1
3. Аздап дайындалудамын – 11

8. Ата-анаға кеңес: 
- Балаңыз ҰБТ-ден төмен балл жинағанда да сіз, оның әлі көп жетістіктерге қол жеткізетінін айтыңыз.
- Алдымен өзіңіздің қобалжуыңызбен толқуларыңызды  баса біліңіз! Себебі, бала сіздерге қарап жүйке жүйесінің күрт кері әсерге қарай өзгеруі мүмкін.
- Балаңыздың көңіл-күйін көтеруге тырысыңыз  (Мысалы кішкене жетістіктері болса мадақтап отырыңыз).
- Балаңыздың денсаулығына көп мән беріңіз! Іштей қобалжулар денсаулыққа теріс әсерін тигізуі мүмкін.
- Емтиханға дайындалатын орнын жайлы етіп орналастыруға тырысыңыз! Үстелінің үстін сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қойыңыз. Өйткені бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
- Өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесіңіз. Себебі, өз-өзіне сенімділігінің төмендеуінен  ҰБТ-ден үлкен қате жіберуі мүмкін.
- Балаңызға бір күндік кесте жасауға көмектесіңіз!
1. Емтиханға 8 сағат дайындалу қажет.
2. Спортпен шұғылданып, немесе таза 8 ауада жүруі керек.
3. 8 сағаттан кем ұйықтамасын, қажет болса түстен кейін ұйықтап алсын.
(Өздеріңіз жағдайға қарай өзгертуге болады).
- Сондай-ақ баланың тамақтануына көп көңіл бөліңіз! Әсіресе осы уақыттарда ойлану арқылы миға күш түсетіні анық, сондықтан астағы түрлі дәрумендердің болғаны жөн. Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, дәрумендерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректендіріңіз! Емтихан алдында тойып тамақтануға болмайды. 
- Балаңыздың күнделікті емтиханға дайындық барысында , қандай пәннен қиындық туып тұрғанын байқағаныңыз абзал.
- Тест сұрақтарын жаттауда көптеген әдебиеттерден жаттаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз! 
- Емтиханға бір күн уақыт  қалғанда балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз?

Бала емтихан алдында жақсылап ұйықтап алсын!
- Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жасатыңыз!
- Психикалық жүйке әсерін төмендету әдістерін жасатыңыз!
- Қандай жағдайда да сіз оны жақсы көретініңізді, оған сенетініңізді айтыңыз!
9. «Жеміс-жидектің пайдасы » (Слайд түрінде көрсетілдеді).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Отбасы-тәрбиенің ұясы
Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас
5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Сынама тестен кейін оқушының жай-күйін анықтау сауалнамасы алынады.
Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек.
Емтихандағы мінез-құлық (іс-әрекет)
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 14293 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык