Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЭХРО-2017 көрмесі, елдіктің ерен жеңісі


ЭХРО-2017 көрмесі, елдіктің ерен жеңісі

Тақырыбы: ЭХРО-2017 көрмесі, елдіктің ерен жеңісі

Мақсаты:Оқушыларға ЭХРО-2017 туралы түсінік беру,толығырақ 
                таныстыру,экономикаға   әкелетін пайдасын айту,елін мақтан   
                 тұтуға,көркейтуге,үлес қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,Елбасының үндеуі,компьютер.
Сабақтың барысы:
1.Ұ.к.
2.Тақырыппен таныстыру.
Кіріспе әңгіме:
-Балалар,ЭХРО-2017 көрмесі туралы естідеңдер ме?
-Ол туралы не айта аласыңдар?
-Ия,ЭХРО-2017 халықаралық көрмесін Қазақстанның жеңіп алғаны бәрімізге белгілі.Бұл біз үшін үлкен жеңіс,қуаныш жіне жауапкершілік.
-Қай қалада өтетін болды?
-Бүгін бізде қонақта Егемен Қазақстан газетінің редакторы Ғаббасов Дәулет және осы көрмені ұйымдастырушысы Бердібаев Асқар мырзалар келіп отыр.
Осы мырзаларға ЭХРО-2017 көрмесі жайлы сұрақтар қоюларыңа болады.
-Дәулет аға,ЭХРО-2017 бүкіләлемдік көрме туралы неайтар едіңіз?
-Ең алдымен осы ұлкен жеңіспен бүкіл Қазақстан халқын құттықтағым келеді.ЭХРО-2017 көрмесінің Астанада өтетіндігі бізге сан-салалы жетістік әкеледі.Қазақстан халықаралық көрмелер бюросының мүшелігіне 1997 жылы қабылданған болатын.Қазақстан ЭХРО-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді. 2005 жылы ЭХРО Испанияда өтті.Сонда қазақстан ІІІ орынға ие болған.
-Менің сұрағым Асқар мырзаға:
-ЭХРО-2017 көрмесін қандай ұтымды жағымызбен жеңіп алдық?
-ЭХРО-2017 көрмесінің тақырыбы: «Болашақтың Энергиясы» деп аталады.Бұл тақырып адамзат үшін ең өзекті мәселе.Бүгінде әлемге  дамудың жаңа экономикалық  қауіпсіз жолдары керек.Қазақстан  жасыл экономикаға бағытталған ел.Бұл тақырып планетаны сақтауға бағытталған маңызды қадам болмақ.
     Жоба бойынша көрме қалашығында Өмір,Әлем,Ғарыш, Сана атты төрт павильон жұмыс істемек.
-Дәулет мырза,бұл көрменің Қазақстан үшін қандай пайдасы бар деп ойлайсыз?
-Біріншіден, миллиондаған туристер келеді,дүниежүзі елдерінің Қазақстанға деген қызығушылығы артады.Инвестиция құйылады.Қаламыздың инфроқұрылымы кеңейеді.Жаңа жұмыс орындары ашылады.Шағын және орта бизнес салалары дамиды.Озық техналогиялар мен ғылыми жетістіктер келеді.
-«Болашақтың энергиясы» не себепті таңдалып алынды?
-Қазір дүние жүзінде энергияның тапшылығы айырықша сезілуде.Электр қуаты шикізатының азайып бара жатқандығы әлем халқын алаңдатып отыр. Табиғат қазыналары таусылып барады. 35 жылдан кейін мұнай толық бітеді деген болжам бар.Бұл тығырықтан шығудың жолын бүкіл әлем іздестіру үстінде.Бұл проблеманышешуде Қазақстанның үні айырықша шығуда.
Енді адамзат жарық күннен,өкпек желден, тасқын судан энергия қуатын өндіруге көшеді.
Қазақстан  ЭХРО-2017 көрмесіндегі осы тақырыптың алыну себебі осы.
-ЭХРО-2017-ге қандай дайындықтар жүріп жатыр?
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырмалар берді.Елімізде 3 айда келетін қонақтар үшін туристік маршруттар дайындау,көлік жолдарын дайындау,еліміздің тарихын дайындай алатын мамандар дайындау жұмыстары жүріп жатыр.Қонақүйлер  салынады, ЭХРО-ауылдар бой көтереді.
  ЭХРО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу мақсатына 1,2 млд. Еуро қаржы бөлінді.Қаржының 250млн. еуросы көрме өтетін аумаққа инфроқұрылымдар салуға,1млн.-ы көрме қалашығына қонақүй кешендерін,ойын-сауық орталақтарын,павильондар салуға жұмсалады.
-ЭХРО-2017 көрмесінде Астананы қалай елестетесіз?
-Мысалы,ақ қыраулы дала,қазақтың қараша үйі,үй ішіне кірсең құранды ер,құрулы шымылдық,жерге төселген тоқыма кілем,құрақ көрпе,жаюлы дастархан,ұлттық өрнек салынған торсық,саба.Несін айтасыңқазақ деген халықтың салт-дәстүрі түгел жарасымын тапқан.
-Енді «Егемен Қазақстан » газетінің тілшісі ЭХРО-2017 көрмесі туралы елдің ойын білу үшін ел аралап қайтқан еді,экранға қарайық.
-ЭХРО-2017 көрмесі жайлы не айтасыз?
-Қазақ елінің атағын жалпақ жаханға паш еткен бұл жеңіс сөзсіз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің жанқиярлық еңбегінің жемісі.Қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.Ендігі біздің негізгі міндетіміз-әлемдік шараны абыроймен өткізу.
-ЭХРО-2017 көрмесі жайлы ойыңызды білсек.
-Қазаққа осы тәуелсіздіктен артық қандайбақ,қандай бақыт керек.Осы елдіктің арқасында керегені кеңейттік,абыройды асырып,мерейді өсірдік.ЭХРО көрмелер бюросында тілеуіміз оң, тілегіміз қабыл болып,161 мемлекеттің 103өі дауыс беріп,Астана төрінде ЭХРО-2017-ні өткізетін болдық.
   Мұндай көрме еліміздің әлеуетін арттыруға,туризмнің дамуына үлкен үлес қосады.
Тақтаға елбасы Н.Ә.Назарбаевтің суреті менүндеуі ілініп , таныстырылады.
Қорытынды сөз:
Өздерің естіп отырғандай, электр қуатын табиғаттан  алу басты міндет болып отыр.Ауадағы көмірқышқыл газының көбеюі,ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды.Ғалымдардың пікірінше ауаның температурасы 6,4 градусқа жылынып,мұхиттардың деңгейікөтеріледі екен.Сондықтан көмірқышқыл газын азайту керек.
Бұл ретте  біріншіден,«жасыл энергия» бағытына ерекше мән беріліп отыр.
-Оны қалай түсінеміз?
-Ағаш отырғызу,гүлдендіру жұмыстары
-Екіншіден,жел энергиясын қолдану.Жел энергиясын пайдаланса, көмірқышқыл газы 1,5 млд-қа дейін азаяды екен.
Жел агрегаттарын салу үшін Қазақстанда 8 алаңтаңдалып алынды:Оңтүстік Қазақстан,Астана,Атырау,Ерейментау,Арқалық,Қарқаралы,Форт-Чевченко.
-Міне балалар,бүгінгі сабақта ЭХРО-2017  көрмесі жайлы көп мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.
-Енді көкейлеріңе не тоқыдыңдар соны тексеріп көрейін.
-Жасыл энергия» ойынын ойнап жіберейік.
-ЭХРО деген не?
-Біздің еліміздде қай жылы өтеді?
-Қай қалада?
-Көрменің еліміз үшін пайдасы қандай.
-ЭХРО-ның тақырыбы қандай?
-Табиғаттан қандай энергия алу бағытталған

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"ЭКСПО КӨШБАСШЫСЫ" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
Қосындыны санға көбейту
Нұрлы бағыт.
Болашақ қуаты
Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Көкөністерді азыққа пайдалану.
Болашақ бүгіннен басталады
Жаңаша бағалау білім сапасын көтеру кепілі
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
ЭКСПО көрмелеріне саяхат
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2640 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык