Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру жұмыстарын жүргізу


Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру жұмыстарын жүргізу

Сабақтың тақырыбы: Үй бөлмесін не пәтерді  жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру жұмыстарын жүргізу

Сабақтың білімділік мақсаты: Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу. Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беріп кету;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды кәсіби мамандықтарға баули отырып,шығармашылық,танымдық ойын дамыту
Сабақтың түрі : Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.
Сабақта қолданылатын технология элементтері: СКТ технологиясы және деңгейлеп оқыту
Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, бейне баяндамалар, тақта, таратпа көрсетілімдер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу
3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау
4 кезең : оқушылар көңілін аударту
ІІ Үй тапсырмасы
Табиғатта таралуы
Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір минералды сулардың құрамына сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде кіреді.Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.
Физикалық қасиеттері:
Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға
ҚҰЙМАЛАР
Құйма– металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны, т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама. Құйманы легирленген шойыннан, көміртектік және легирленген болаттантүсті қорытпалардан (мысалы, алюминий, т.б.) әзірлейді.
Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Шойын-темірдің көміртекпен құймасы,оның да құйылғыштық қасиеті жоғары.Қола – мыс 80-90,қалайы-10-20 жақсы құйылады.Машина жасау, көркемдеп құю
Жез -мыс 60-90 мырыш 10-40 қаттылық машина жасау, тұрмыстағы техника
Дуралюмин алюм 95-97 мыс 1,4 магний 04-2.8 марганец0,2-1 жеңілдік ,беріктік авиа машина
ІІІ.Жаңа сабақ мазмұны
ШОЙЫН МЕН БОЛАТ
Темір-жер қыртысында таралуы бойынша АL кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды.
Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.
Металдарды алу әдісі
1 оқушы Гидрометаллургия Пирометаллургия Электрометаллургия
Соның ішінде темір Пирометаллургия әдісі арқылы көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.
Өнеркәсіпте алынуы:
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
2 оқушы.Шойын мен болат өндірісіне қолданылатын оксидтерге сипаттама беру.
С,О2, СО2, СО, Fe2O3, Fe, MnO2, SiO2, CaO ,P2O5 ,FeO сипаттама беру.
Видиоролик жүреді.
 азотпен байытады; осы сияқты жылу арқылы силицийлеу, алюминийлеу, хромдау әдістері бар. Пайдалану ретіне қарай Болат мынадай негізгі топтарға бөлінеді: құралымдық Болат , аспаптық Болат және айрықша хим.-физикалық қасиеттері бар Болат (қышқылға төзімді Болат , тот баспайтын Болат , ыстыққа төзімді Болат , электр тех. Болат , т.б.).
Қайта өндірілетін шойын құрамында- С цеминет Fe3 C түрінде болады. Және одан болат өндіріледі.
Қазақстандағы қара металлургия
Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі
Лисаковск кен байыту комбинаты
Теміртаудағы Металлургия зауыты орналасқан
Бұл екі зауыт
Атасу және кокс,флюстер, отқа төзімді заттар мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптермен бірге ірі қарағанды металлургиялық комбинатын құрайды.
1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген
Жаңа сабаққа қорытынды жасалады.
№ 1 тапсырма Барлыгына толтырылмаған домна пешінің үлгісі беріледі. Соган бейнефильмде корген реакция теңдеуін жазады.
Жаксы жазған оқу тақтадағы үлгісін толтырады.
№ 2 тапсырма барлығына тағыда толық қайталау шлу жасалынады.
1. Домна пешінің құрылысы, жалпы сипаттама
2. Шойын өндірісі
3. Болат пен шойын өндірісінің ерекшелігі
4. Қандай жолмен шойынды болатқа айналдыруға болады.
5. Темірді кеннендомна пешин колданбай тікелей алудың артыкшылыгы неде?
№3 тапсырма
Тест беріледі .темірге байланысты
Үйге тапсырма
1. Домна пешінде жүретін реакциялардың бірі : Fe2O3 +3CO → 2Fe +3CO2. Осы теңдеу бойынша 32 г рекеттесетін тотыќсыздандырғыштыш зат мөлшері:
2. Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотыќсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялыќпен салыстырєғандағы шығымы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Темір
Болат өндірісі
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Түсті металлургия
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Шойын және болат өндірісі
Темір
шойын мен болат
Металлургия
Темір презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2209 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык