Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киім салатын шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру


Киім салатын шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Киім салатын шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру

Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Кеңістікті бағдарлау, қарапайым құрылыс салу, оларды қалпына келтіре білуді дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан және «Лего» тәрізді ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.

Балаларды түрлі түстегі және түрдегі геометриялық пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер) бар ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының жиынтығымен таныстыру.

Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.

Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа - ұзын», «жіңішке - жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.

Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.

Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау

Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру

Балаларға қағазбен жұмыс істеудің жұмарлау және жұлу тәсілдерін көрсету. Оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» (ит, бауырсақ, құс және т.б.) көре алуға көмектесу.

Балалармен бірге қарапайым құрастыру жасау (мысалы, балалар жасыл шөпті қағазды жырту арқылы жасайды және оған бақбақ гүлін (қағазды кесектеп), құстарды орналастырады.

Тәрбиеші мен балалардың жасаған панноларын топ бөлмесін безендіруде қолдану.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- құрылыс материалдарының негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер, пластиналар) ажыратуды;

- кірпіштерді көлденеңінен бірінің үстіне бірін қоюды;

- қарапайым құрылысты атауды, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнауды;

- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты сала білуі тиіс.   
   

Сабақты қортындылау:
Бағалау:
Үй тапсырмасы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Афиныдағы демократиялық құрылыс
Афиныдағы демократиялық құрылыс
Бақыт құсы қағаздан құрастыру
Шырша ойыншықтарын құрастыру
Ойыншықтар құрастыру
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Диван-кровать жиһаздарды құрастыру
Құрылыспен байланысты мамандықтар
Құрылыс материалдары.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3424 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык