Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау


М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау

М.Төлебаевтың «Біржан - Сара»  операсынан ариялар орындау

Тақырыбы: М.Төлебаевтың «Біржан - Сара»  операсынан ариялар орындау

Мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға халық өнерпаздары Біржан мен Сараның

                        айтысы негізінде жазылған М.Төлебаевтың «Біржан - Сара»

                        операсынан үзінділер орындату.

                   Ә) Дамытушылық: Көріністер қою арқылы халық әнші – сазгерлерінің

                        әндерін насихаттау, жәрмеңке мәнін ашу.

                   Б) Тәрбиелілік: Халықтың музыкалық мұрасын қастерлеуге,

                                                өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Типі: Саяхат, аукцион

Түрі: Кіріктірілген сабақ, концерт – сабақ, жәрмеңке сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі- иллюстративтік, репродуктивтік,

                                              сұрақ-жауап

Көрнекі-құралдары:  Тақырыптық суреттер, кітап бұрышы, жәрмеңке

                                        заттары, сахналық костюмдер, декорациялар

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, бүгінгі 6 – сыныптар арасында өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы – М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау деп аталады.

Ол 3 бөлімнен тұрады:

 

1 - бөлім. «Қояндыға саяхат»

2 - бөлім. «Өнерпаздар Қарқаралыда бас қосты»

3 - бөлім. «Біржан – Сара» сахнада

     Тәрбие сағатымыздың мақсаты – Халық әнші – сазгерлері әндерін кеңінен насихаттау, халық өнерпаздары Біржан мен Сараның сонау Қоянды жәрмеңкесіндегі айтысы негізінде жазылған М.Төлебаевтың осы аттас «Біржан - Сара» операсының сахнаға қалай жеткендігін  көрсету және жәрмеңке мәнін ашу.

  1. Кіріспе бөлім «Қояндыға саяхат»

- Енді осы айтыс – операмыздың дүниеге келген жері Қояндыға саяхат жасайық. Қоянды  - Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты жер. Талды өзенінің Қарасор көліне құяр сағасында орналасқан. Табиғаты әсем. Бұл жерде Мәди әнге қосқан атақты Қарқаралы тауы бар.

Ал, жәрмеңке тақырыбына келер болсақ, өткен ғасырларда бұл жерлерде, атап айтқанда Қоянды, Қарқара жерлерінде атышулы жәрмеңкелер өткен. Жәрмеңкенің мақсаты – сауда – саттық жөнінде шартқа отыру, өздеріндегі заттарды сатып, орнына тері – терсек, басқа да өнімдерді алып кету. Оған алыс елдерден, әсіресе шығыс елдерінен саудагерлер келетін болған. Мысалы: Үнді, Иран, Парсы жақтан келген саудагерлер парша, әшекей бұйымдар әкелген. Қытай елінен шай, жібек мата әкеліп сатқан, т.б. Енді осылай көпшілік жиналған жерде өнерпаздар міндетті түрде өз өнерлерін көрсетіп, той – думан ұйымдастырған.

Әсіресе өнерпаздардың Меккесіндей болған Қоянды жеріне келіп өнер көрсетпеген әнші – күйшілер кемде – кем. Мысалы: Тәттімбет, Балуан Шолақ, Ақан Сері, Мәди, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Біржан т.б. Бұл турасында мәліметтерді мына әдебиеттерден оқи аласыңдар (Көрнекіліктермен жұмыс).

  1. Негізгі бөлім «Өнерпаздар Қарқаралыда бас қосты»

(Сахнада түрлі көріністер өтіп жатыр, балуандар күресі, өнерпаздар, саудагерлер, т.б.)

Әр жылдарда осында халық әнші – күйшілері, сал – серілер өнер көрсетті.

  1. Үкілі Ыбырай «Гәкку» - Орындайтын: Несіпбаев Шыңғыс
  2. Майра Уәлиқызы «Майра» - Орындайтын: Шенеусізова Рысты
  3. Жаяу Мұса «Ақ сиса» - Орындайтын: Несіпбаев Шыңғыс
  4. Мұхит Мералыұлы «Дүние - ау»
  5. Тәттімбет «Қосбасар» күйі
  6. Ақын Сараның өнерінен көрініс. (Бақтыбергенова Гүлжайнар Сараның әнін орындайды.)
  7. Көрініс. Біржан өзінің «Айтбай» әнін айтып отырады. (Әрі қарай Біржанның Жанботаға ренжігені бейнеленеді).

Ән «Жанбота» (Біржан ролінде – Ильясов Дәулет, Жанбота ролінде – Құрманбаев Оспан)

Мұғалім сөзі:

  • Біржан сол жолы жәрмеңкені тастап кетіп қалды. Тағы бір жолы жәрмеңкеде ақын қыз Сарамен айтысып қалады. Оны біз опера барысында көреміз.
  • 1 – оқушы. Біржан туралы айтады.
  • 2 – оқушы. Сара туралы айтады.
  • 3 – оқушы. М.Төлебаев туралы айтады.
  1. Қорытынды бөлім «Біржан - Сара» сахнада

(Сахна. Әнші Естай Қояндыға жиналғандарға арнау айтып жатыр.)

  1. «Біржан - Сара» операсынан Естайдың термесі.

                       Орындайтын: Қалымбетов Алтынбек

  1. Сара мен Біржанның ариялары.
  2. Біржанның ариясынан үзінді.
  3. «Біржан – Сара» операсынан үзінді. (Сараның Біржаннан жеңілуі туралы әңгіме)
  4. «Жар - Жар» айтысын рольге бөліп орындау.
  5. «Біржан - Сара» операсынан Би мен Хор.

Сабақты қорытындылау.

  • Қояндыны картадан тауып бер.
  • Ол жерде қандай өзен, көл, тау бар?
  • Қоянды жәрмеңкесінде қандай өнерпаздар өнер көрсеткен?
  • Операда қандай қазақтың салт – дәстүрлері көрсетіледі?
  • Басты кейіпкерлер Сара мен Біржан кімдер?
  • Операны кім жазған?
  • Либреттосын кім жазды?

(соңы)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
Айтыс өнер, айтыс түрлері-қайым, түре және сүре
Халық әні және опера
Айтыс- құдіретті өнер
Қысқа қағыспа айтыс.
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы
Ақын Біржан
Біржан-айтыскер ақын
Біржан Сал Абай аулында
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3325 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык