Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүйікті қалам-Жезқазған.Отбасылық марафон.


Сүйікті қалам-Жезқазған.Отбасылық марафон.

 

Сүйікті қалам-Жезқазған.Отбасылық марафон.

Тақырыбы: Сүйікті қалам-Жезқазған.Отбасылық марафон.

Мақсаты. «Отан от басынан басталады» мақалының мағынансын аша отырып, оқушыларды өз туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын бойларына сіңіре білу. Оқушылардың бойына туған жеріне деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған банер.

Барысы: Құрметті ата-аналар,қонақтар «Бақытымның бастауы-Жезқазған» атты мерекелік іс-шара  аясында өткізгелі отырған ,«Сүйікті қалам-Жезқазған» атты отбасылық марафонға қош келдіңіздер. Олай болса ортаға марафоеға қатысушы отбасыларын ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.Қатысушы Әбдімұрат отбасын шақырамыз.Бұл кісілер тобына «Сарыарқа» деп атын қойған екен .Қарсы алыңыздар.  Ибрагимдер отбасын қарсы аламыз.Бұл отбасын «Атамекен» тобы деп атаған екен.Қарсы алыңыздар. (Таныстырулары).Жоғары шығарып отырғызу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» деген болатын. Құрметті бүгінгі іс-шараға қатысып отырған қонақтар,ата-аналар марафонды өтікізудегі  басты мақсат балаларымызға өз туған жеріміз Жезқазған қаласын мақатан етіп,сүйе білуге,құрметтей білуге дәріптеу.Марафонды бастамас бұрын бекеттері мен ережелерін таныстырып өтейін.Марафон бірінші бекеттен басталады.

І бекет : Мен тұратын көше.Бұл жерде көшеңіз жайлы 5 блиц сұраққа жауап беру.

ІІ бекет: Суреттер сөйлейді. Жезқазған қаласындағы ғимараттар,ескерткіштер атауларын атап,қай жерде орналасқанын табу.

ІІІ бекет:Түсін мені.

Стол үстіндегі суретті анасы көрмей ұстап тұрады.Ал баласы оған ыммен,ишарамен түсіндіреді.Бұл жерде мектеп пен отбасына байланысты құралдардың суреті  болуы мүмкін.

І V бекет: Поэзия бекекті: Стол үстінде өлең шумақтарының қиындылары жатыр,содан өлең ұйқасын тауып оқып беру.

V бекет тілек бекеті: «Сөз ойла,тез ойла» деп аталады.  Мұнда Жезқазған деген сөз берілген,сол сөздің әр әрпінен басталатын тілек сөздер айту.

Бекеттен өтіп болған соң қолдарыңыздағы бағалау парақшасын бүгінгі марафонның жүру уақытын бақылап отырған төрешіге өткізесіздер.

Бұл марафонда уақытты үнемді пайдаланып,шапшаңдық көрсеткен топ жеңіске жетеді.Топтарды қолдап отырайық.Бірінші марафонға  «Сарыарқа»тобын шақырамын.Қолдарыңызда бағалау парақтары болады.Сол параққа әр бекеттің жауаптылары баға қойып береді.

Ал олай болса марафон басталды!!! Уақытты төреші белгілейді.

І бекет : Мен тұратын көше.5 блиц сұраққа жауап беру.

І топ сұрақтары.

1.Көшеңіз кімнің атымен аталады.Қай жылдан бастап.

2.Көршіңіздің есімін атаңыз.

3.Үйіңіздің жанында қандай сауда орталығы бар?

4.Көшеңізге қай жылы,қай айда көшіп келдіңіздер?

 5.Көшеңізде қанша үй бар?

ІІ топ сұрақтары.

1.Мектептен үйге дейін неше көшеден өтесіз.

2.Көшеңіздің аталу тарихын айтыңыз.

3.Көшеңіздің ұзындығы қанша метр деп ойлайсыз?

4.Көшеңізде қанша отбасымен араласасыз?

5.Көшеңізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

ІІ бекет: Суреттер сөйлейді. Жезқазған қаласындағы ғимараттар,ескерткіштер атауларын атап,қай жерде орналасқанын табу.

(Мыс стелласы,мұражай,пирамида,Қ..Сәтбаев ескерткіші,алғашқы құрылысшылар алаңы,ғарышты бағындырушылар,мыс зауыты)

ІІІ бекет:Түсін мені.

Стол үстіндегі суретті анасы көрмей ұстап тұрады.Ал баласы оған ыммен түсіндіреді .Бұл жерде мектеп пен отбасына байланысты құралдардың суреті  болуы мүмкін.(компьютер,күнделік,мектеп,гүл)

І V бекет: Поэзия бекекті: Стол үстінде өлең шумақтарының қиындылары жатыр,содан өлең ұйқасын тауып оқып беру.

Жезқазған.

Қарай қалшы Жезқазғанға бүгінгі,

Табиғат та тәжім етіп жүгінді.

Көктеңбілсай теңіздей боп тербеліп,

Кеңгір суы кең дала жүгірді.

       К.Салықов.

Жезқазған.

Жарқырап жұлдыздары шахталардың,

Көз тартар карьердің шың-құздары.

Жасампаз жарқын елің жырға қосты,

Жезтаңдай Жезқазғанның ұл қыздары.

Ш.Ділдебаев.

V бекет: Тілек бекеті. «Сөз ойла,тез ойла» деп аталады.  Мұнда Жезқазған деген сөз берілген,сол сөздің әр әрпінен басталатын тілек сөздер жазу.

Келесі ортаға «Атамекен» тобын шақырамыз.

Қорытынды:

Қатысушы топтарды ортаға шақыру.Құрметті бүгінгі іс-шараға қатысып отырған қонақтар,ата-аналар бұл марафонды өтікізудегі мақсат  сіздерді сынау емес,балаларымызға шамалы болса да өз жерін құрметтей,аялай  білуге үйрету. Болашақта еліміздің патриоттары болатынына сенімім мол. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Толағай» отбасылық сайыс.
Дауыссыз л мен р
Спорт – ел мақтанышы
Спорт – ел мақтанышы
Бақытты сәт
Сан есім
"толағай" отбасылық сайыс
Жыл басы Әз-Наурыз
Жалпы және жалқы есім
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2244 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык