Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу


Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу. (практика)

Мақсаты: Оқушыларымыздың білімі мен ойлау қабілетін ой  ұшқырлығын   анықтау.Білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық

белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың барысы
Сайыс сабағымыз 5-кезеңнен тұрады:
Бәйге
Тіл өнер
Жеті жұмбақ
Тапқырлық
Жорға
1.Бәйге бөлімін бастаймыз. Бағалануы 10ұпай
Ағаш өнерімен айналысатын шебер?   (Ұста)
Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу (Эскиз)
Ағашты қай бөлігінен шырпиды?   (Жоғарғы)
Жер қыртысының ең үстіңгі қабаты (Топырақ)
Кереге мен шаңырақты бір-бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлшегі (Уық)
Мақта қай талшыққа жатады?   (Табиғи)
Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе? (Мүсін)
Ағаш кесу үшін пайдаланылатын құрал?   (Бұрғы)
Темір өзектің бойына бұрама кесу (Ойма)
10.  Өсімдік қай шаруашылықта өсіріледі? (ауыл шаруашылығы)
11.  Өсіп тұрған ағаш неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
12.  Ағашқа белгі салу кезінде нені пайдаланған дұрыс? (Карандаш)
13.  Зергерлік бұйымдарды ата? (алтын, күміс, сақина, сырға, білезік)
14.  Өлшемнің неше есе үлкейтілгенін немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер? (Масштаб)
15.  Ағаш дінінің қабығын ашуға арналған пышақ? (Қосқолды пышақ)
16.  Ағашты көркемдеп оятын құрал (Әртүрлі жүзді қашау)
Сайыскерлердің ұпай санын әділқазылар бағалайды.
2.Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл – өнер». Жарыстың шарты: мақал-мәтелдерде жасырылған сөзді, жұмбақтардың жауаптарын тауып, қазақ, орыс тілдеріне аудару керек. Әрбір жауап үшін 10 ұпай. Осы жарыста ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3.Жеті жұмбақ бөлімі
1.Спорт 10 ұпай. Серуен жорық деген не? (Саяхат)
2.Тарих 10 ұпай. Республиканың ең алғашқы астанасы? (Орынбор)
3.Биология 10 ұпай. Кемірушілер отрядына жататын сүтқоректі? (Тиін)
4.География. 20 ұпай. Ең алғаш глобус жасаған кім? (Неміс ғалымы Бехайм)
5.Әдебиет 20 ұпай. Қазақтың ұлы ақыны? (Абай)
6.Сурет 20 ұпай. Графика дегеніміз не? (Бір түсті бояу)
7.Математика 30 ұпай. Ауданның өлшем бірлігі   (м2 )
8.Арнайы сұрақ 30 ұпай. Ағаш ұнтағы желімге араластырып, нығыздау арқылы шығатын материал? (ДВП, ДСП)
9.Өнер 30 ұпай. Киізден жасалған ыдыс салатын әшекейлі дорба? (Аяққап)
Әділқазылар алқасынан «Жеті жұмбақ» сайысының бағасын беруді сұраймыз. Ұпайы төмен екі оқушыға ойынға қатысып, өз білімін сынға алғаны үшін рахмет айтып қоштасамыз. Біздің келесі турымыз «Тапқырлық»
4. «Тапқырлық» жарысының шарты қағаздан ою ойып құрастыру. Бағалану 20 ұпай.
5.Жорға жарысы. Екі нұсқа (А және Б) бойынша сұрақтарға жауап беру.(Барлығы 20сұрақ)
Екі ойыншымыздың жауаптарын тыңдадыңыздар. «Жорға» сайысының бағасын берулеріңізді сұраймын.
-          Осымен «ХХІ ғасыр жас технологі» атты сайысымыз мәреге жетті. Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ағашты өңдеу
"Әр бала - болашақ данышпан"
Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты.
«Математика алғыры»
Зерде.
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Сынып үздігі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1862 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык