Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары


Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары

Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және  оның алдын алу жолдары

     Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды-көпті кешкен тіршілігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға індет болып таралған. «Суицид» деген пәле қайдан шықты? Оның сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады? Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол салады ? Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын қалай алуға болады ? Өмірдің мәні неде ?
      Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып, жесең, соның өзі бақыт. Біріқ ойлы-қилы өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма ? шыдауы керек деп жұбату сөз айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал  жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен горі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа» мезгілсіз аттанып жатады.
      «Суицид»  латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы -  қасақана өз өмірін қию.Бұл ұғымға 19 ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген. Қазіргі таңда  өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның  мінез-құлқы.
      Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық  індетке жетелейді. Казіргі жастардың көпшілігі  жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондыктан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді.
       Депрессиялық жағдайға  түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге,  оның агрессиясы  бірінші кезекте өзіне, содан соң  жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда  жақындары немесе қоршаған ортасы  оның бойындағы өзгерістерді  түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады.
        Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір  туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды  желкесінен алып, жолынан тайдыратын, үмітін үзетін, басқа түскен қиындықпен күресуіне жол бермейтін, өмірден түңілдіретін – осы суицид.
           Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі    орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай.  
       Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ.. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға  салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды. 
Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс. 
        Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Балалар мен олардың отбасына деген арнай  (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, тіпті кей жағдайларда тек  қана көңіл бөлуді қамтитын) іс-шаралардың ұйымдыстырылуы қажет.
      Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады.
       Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушылардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Осы кішкентай заттың өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртрлі жайлар орын алуы мүмкін. Бала осы жағдайдан қалай шығады, кімнен көмек күтуі керек деген сұраққа келсек, бірінші кезекте мектеп психологына жүгінуі тиіс. Оқушылар мұны тиімді әдіс деп таппайды. Сондықтан «Сенім телефондарының» жұмысын жандандырып, жолға қоюымыз қажет. Ол бүгінгідей емес, қолжетімді жағдайда болуы керек. Бала кез-келген уақытта, өзін қинаған қандай проблема болсын, сенім телефоны арқылы тегін хабарласып, толғандырған сұрақтарына жауап алуы тиіс.
           Бүгінгі таңда психолог тек баламен ғана емес, қиын жағдайға тап болған баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі проблемасы осы отбасынан басталып отыр. Бүгін ол баламен жұмыс жасадың делік, ертең сол күйзелген  күйінде алдыңа қайта келеді. Сол себепті оның үйінде орын алған негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет. 
        Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен күресуде «Әрбір мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс», балалар тағдырына жауапты мекеме, мектептер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек. 
        Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау  ұйымының жұртшылыққа жариялаған жантүршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид  оқиғаларының көбейе түскендігін, өзіне-өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілік алдында үрейленуі, шыдамсыздығы , төзімсіздігі,  қорқақтығы, бүгінгідей нарықтың қатал қиындықтарының алдына қарсы тұра алмаулары себепкер болып отырғандығы баршамызға мәлім.
        Ендеше, Адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. Оның бірден-бір жолы- жастар тағдырына немқұрайлы қарамай, оларға өздерін сүйетін жандар бар екендігін сезіндіріп, жер бетінде ұстап қалып, өлімнен гөрі өмір сүру үшін батырлық көбірек керек екен деген ойларын нығайтсақ деймін.
         Адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік ! Мәнді де сәнді өмір сүру,  балаларымызды қызыққа, өмірсүйгіштікке баулу  сіз бен  біздің қолымызда.  Ендеше, «Ел қорғайық, боламын десең, бесігіңді түзе», -  демекші, еліміздің болашағы жастарымызды    игі істерін қолдайық,  ағайын 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әдеп және жантану    (Ұлттық тәлім-тәрбие) 
«Атамұра баспасы   1993
2. Б. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арналған оқулық. 
Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 72-84 беттер
3. К.С.Нурахметова. Жетістік психологиясы тренингтер
әдістемелік нұсқау
«Дарын»
 Астана-2009
4. Мектептегі псизология журналы  №5 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қоғамдағы «Қиын бала» ұғымы
Қиын балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру
Өмір өрнегі
Отбасындағы бала тәрбиесі
Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы сабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Күйзелістен айығу жолы
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12124 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык