Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың


Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың. (халық даналығы)

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. 
Сабақтың міндеттері: 
- Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
- Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:сюжетті суреттер
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, өлеңді қимылмен көрсете отырып айтады. 
Үлкенге де сіз, (оң қолын алға созады)
Кішіге де сіз. (сол қолын алға созады)
Барша жанды құрметтеп,                (екі қолын кеудеге қояды)
Бас иеміз біз.                                    (бас иеді)
Әңгімелесу
Әңгіме сыйластық туралы түсінікті кеңейту үшін ұйымдастырылады. Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды, балалар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сыйласаң – сыйлы боларсың
Әсем – үздік оқушы. Тәртібі де жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан да оған демалыс орнына жолдама берді. Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпаған еді» деп уайымдап жүр.
- Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге сәлем беріп,амандасып қайт, - деді апасы Әсемге
Әсем дос қызымен Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.
- Ертең Бурабайға барғалы жатыр едім. Сіздермен қоштасуға келдім, - деді сәл ұяла сөйлеп.
- Сапарың оң болсын!
- Аман жүр, қарағым! Өркенің өссін! – деп, үлкендер риза болып, бата-алғыстарын айтып, үйлерінен дәм татқызды. Бұл – үлкенді сыйлай білудің белгісі. Сыйласаң – сыйлы боласың.
• «Сыйласаң – сыйлы боласың» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптары дәйексөзбен түсіндіріледі.
Дәйексөз 
Мұғалім тақтаға «Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың» деп жазып қояды және түсіндіреді. 
- Әсемнің үлкендерді сыйлап, әдейі амандасуға келгенін түсінген олар да сый көрсетті. Сыйласаң  -  сыйлы  боларсың деген осы. Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды, түсінуге тырысады. Ондай адамдар барлық адамдармен тез тіл табыса алады. Сондықтан да өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың деген сөз қалған.
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы шағын шығарма тапсырады.
1. Сыйластық деегеніміз не?
2. Қандай адамды сыйлы деп атаймыз?
3. Сені сыйлаған кезде нені сезінесің?
4. Сені сыйламаған  кезде мнені сезінесің?
Ойын
Оқушыларға карточка таратылып беріледі. Карточкада мұғалім, дәрігер, жүргізуші, дүкенші, т.б сөздер жазылған. Мысалы: мұғалімді білім бергені үшін сыйлайды т.б
Ойын-жаттығу
Балаларға өз үйлеріндегі жақын туыс адамдар бірін-бірі қалай сыйлайды деген сұрақ қойылады. Мұғалім алдын ала күтілетін жауаптар жазылған күн шуақтарын сары түсті дөңгелекті айналдыра іліп тұрады.
Үй тапсырмасы
Ребустың шешімін тауып, бос тор көздерді толтыру.
Қорытындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
« Әдепті бала - әдемі бала»
Мен әдіпті баламын
Достаса білейік!
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Үлкенге - құрмет, кішіге ізет
Құрметтей білейік
Менің ұстазым
Менің отбасым
Халқым менің қонақжай
Мейірімділік – асыл қасиет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 17002 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 16 декабря 2015 08:37
Өте жақсы,маған ұнады.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык