Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Теңдеудің көмегімен есептер шығару


Теңдеудің көмегімен есептер шығару

Теңдеудің көмегімен есептер шығару

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы, Подстепный ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Халиуллина Нұргүл Хабақызы

Санаты: І

Еңбек өтілі: 29 жыл

Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен есептер шығару

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға теңдеудің көмегімен есептер шығару жолдарын меңгерту

ә) оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенділіктерін шапшаң есептеу дағдыларын  дамыту

б) оқушыларды ұқыптылыққа, зерептікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: моноблок;

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жекеше жұмыс түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбек.

 

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

1.Психологиялық дайындық

  1. Сұраққа жауап

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс айларын ата

- Қазір қыстың нешінші айы?

-Ендеше біз бүгінгі сабағымызда «Қысқы ойындар» ойынымен математикадан білімімізді көрсетеміз.

  1. Қосудың компоненттерін ата
  2. Азайтудың компоненттерін ата
  3. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
  4. Белгісіз азайғышты қалай табамыз?
  5. Белгісіз азайтқышты ше?

Сонымен бірінші ойынымыз «Қар лақтырысу» ойны.

 Оқулықтағы 1- тапсырманы ауызша орындаймыз

89-9=80                      70-9=61                              33+25=68

56-19=37                     50-19=31                           44+25=69

87+8=95                      90-29=61                            55+15=70

42-18=60                     30-7=23                             66+5=71

67-28=39                     100-77=23                         77+8=85

Мына өрнектер нені білдіреді

5+3                   9-4                   а+17                     10*0                  20:20

5+3=8             9-3<7              х+34=50

 

Х+34=50 неге теңдеу деп аталады?

Өйткені белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды. Ал теңдеуді шешу дегеніміз – теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.

    Шана тебу арқылы біз енді  оқулықтағы 2- тапсырманы орындаймыз. Теңдеулерді шеш. Тақтаға оқушылар шығып орындап нені тапқанын айтады

       19+х=71             83-а=14                в+45=39+27                    100-х=50-18

  х=71-19               а=83-14               в+45=66                           100-х=32

    х=52      а=69                     в=66-45                             х=100-32

19+52=71              83-69=14               в=21 х=68

71=71                   14=14               21+45=39+27                       100-68=50-18

 66=66                                   32=32

 

   Енді 3-ойынның түрін ойнамас  бұрын «Есеп» туралы не білетінімізді ортаға салайық

  • Есеп неден тұрады?
  • Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.

 Балалар біз бүгінгі сабағымызды теңдеу арқылы есеп шығарып үйренеміз.

 Бәріміз моноблокқа қараймыз, есепті оқып, теңдеу құрамыз.

  1. Екі сөреде 43 кітап бар. Бірінші сөреде 20 кітап, екінші сөреде қалғаны тұр. Екінші сөреде неше кітап тұр?

20+х=43

  1. Олжас бір сан ойлады. Ол оны 23-ке арттырғанда 62 саны шықты. Олжас қандай сан ойлады

Х+23=62

  1. Бір күнде қалыңдығы 100 мм қар түсті. Егер екі күнде 300 мм қар тускен болса, екінші күні неше миллиметр қар жауды?

100+х=300

  1. Аулада 45 бала ойнап жүр. Олардың14-і ер бала, ал қалғаны қыздар. Неше қыз ойнап жүр?

14+х=45.

     Келесі ойынымыз шаңғы тебу. Бәріміз жарысып кім бірінші келетінін корейін. Олай болса оқулықтағы 3-есептің а), ә) бөлігіне теңдеу құру арқылы шығарамыз, б) бөлігін жазбаша есеп ретінде шығарамыз.

 

   Есеп 3

А) 24+18+х=60    ә) 24+24+х=60

     42+х=60                 48+х=60

      х=60-42                х=60-48

        х=18                   х=12

24+18+18=60            24+24+12=60

Б) Мөңке – 24 кг.

                                     ? алабұға -

Сазан - ?  18 кг кем

Шешуі: I 24+(24-18)= 30 алабұға   II   1) 24-18= 6 сазан    2) 24+6=30 алабұға

Жауабы: Балықшылар 30 килограмм алабұға ұстады.

Ауызша есептеу моноблокпен жұмыс

Балалар, енді бірігіп қар адам жасайық.

Ол үшін оқулықтағы 4 тапсырманы орындаймыз

    1, 2 бағанын – 1 қатар

     3, 4 бағанын – 2 қатар

        5 бағанын тақтада орындаймыз.

  Қай қатардың қары әдемі жақсы жасалар екен? Қане, тездетеміз.

  Балалар, енді барлығыңа қармақ таратайын, мұзды ойып, үйге балық аулап қайтайық.

Қармақ алу үшін мына тапсырмаларды өрнектеңдер.

   1 сағ. 5 мин. =                               7 күн =                        1 ғасыр 7 жыл =

   1 тәул, 6 сағат =                              4 дм. 3 см. =               2 сағ 10 мин =

Жарайды енді 5- тапсырманы орындаймыз:

      1 дм  5 см             7 дм  0 см              5 дм  7 см          5 дм 1 см

+                               -                             +

5 дм  9 см 3дм 5см1 дм  8 см4 дм 8 см

      7 дм  4 см             3 дм  5 см              7 дм   5 см         0 дм 3 см

Балалар, қысқы ойындары жақсы ойладың енді үйге қайтатын уақытта жақындады. Жиналамыз. Жолымызда дүкен бар. Дүкенге соғып шырын, балмұздақ, йогурт алайық. 6- тапсырмаға есеп ойлап, теңдеу арқылы шығарамыз.

   Сенде болғаны деп басталады. Қолыңда 100 теңге бар еді, оған шырын алдың, өзіңде 13 теңге қалды. Шырын қанша тұрады?

       100 - х = 13

    Қолыңда 100 теңге  бар еді, оған балмұздақ алдың, сенде 46 теңге қалды. Балмұздақ қанша тұрады?

       100 – х = 46

     Қолыңда 50 теңге  бар еді, оған йогурт алдың, сенде 4 теңге қалды. Йогурт қанша тұрады

         50 – х = 4

Үйге тапсырма.

    Балалар, уйге барып мұзды ойып аулап алған балықтарыңды қуырып жеңдер. Ол үшін үйге № 7, 8 тапсырмалардыаламыз.

Қорытындылау

  • Қандай ойындар ойнадық?
  • Қысқы ойындар.
  • Қысқы ойындар не өтіп жатыр?
  • Қысқы ХХII олимпиада
  • Қай қалада?
  • Қашан басталады, неше күнге созылады?
  • Біз математикадан қандай тақырыпты меңгердік?
  • Теңдеудік есеп шығардық.

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
“Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары”
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
2 -ге көбейту және бөлу. Есептер шығару
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбына есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер
Теңдеу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3271 | Қосты: Халиуллина Нұргүл Хабақызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык