Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұмыс объектілеріне технологиялық карталар, сызбалар, құжаттар дайындау


Жұмыс объектілеріне технологиялық карталар, сызбалар, құжаттар дайындау

Сабақтың тақырыбы: Жұмыс объектілеріне  технологиялық карталар, сызбалар, құжаттар дайындау

Әрбір тақырып бойынша оқу процесінің жобасы – технологиялық карта мен сабақтың ақпараттық карталарының жиынтығынан тұрады. Сабақты өткізу мәселесі сабақтың ақпараттық картасына (САК) жобаланады. Онда сабақтың мазмұны, оны өткізу тәсілдері және оқушы мен мұғалім әрекеті толығынан жазылады. Дұрыс жобаланған технологиялық картада міндетті түрде төмендегідей бес компонент болады:

1. Мақсат қою.

2. Болжам (мақсат қою мен болжам өзара байланыста)

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу.

4. Оқу процесінің логикалық құрылымы (жобалаудың негізгі нәтижесі)

5. Түзету (екі түрлі бағытталған: біреуі – оқушы біліміне, екіншісі – жобаны жақсартуға). 

Технологиялық карта

4. Логикалық құрылым

1. Мақсат қою
2. Болжау
^ 3. Кемшілік пен қатені түзету

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу

 

 

1. Мақсат қою. Мұғалім тараудың, тақырыптың көлемінде оқу процесінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі – оқу тақырыбының шағын мақсаттарын құру болып табылады. 

2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өзіндік жұмыс. Әрбір шағын мақсатқа сәйкес болжау жұмысы болады және ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды. 

3. ^ Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде сараланып жазылған тапсырмалар жиынтығы. Мұнда оқушыға оқудың міндетті деңгейін (стандарт), жоғары (4 және 5) деңгейін орындауға жеткілікті мөлшерде тапсырмалар беріледі. 

4.^ Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды. Әр аймақ өздік жұмысты (болжау) орындаумен аяқталады.

5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек: қарастырылып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар, оқушылардың көп жіберетін қателіктері, оқушыны оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шараларының жүйесі.

Оқу процесін педагогикалық технология тәсілі негізінде жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. 

Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.

1. Технологияның негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау. 

Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. 

Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу процесін шағын мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білім мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек. 

2. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс, осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.

Жоғарыда аталып өткен бес компонентті құрайтын технологиялық картаны құрып, соған сәйкесті сабақтың ақпараттық картасын жасау арқылы информатика пәнін оқытудың қажеттігі мынада: 



Мақсат нақты, анық болып, оқушының білімі мен билігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде беріледі. 

Оқушылар білімін болжауда оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, өз деңгейіне сәйкес тапсырмалар мөлшерін таңдауға мүмкіндік болады.

Сыныптан тыс орындайтын тапсырмалар да оқушылардың деңгейіне сәйкес, яғни әрбір мақсатқа сәйкес тапсырмалар жиынтығы үйге беріледі. Үй тапсырмасының қай деңгейін орындау керек екенін оқушы өзі біледі. Себебі, әрбір оқушы өз деңгейін біліп отырады. Және келесі деңгейге жетуге ұмтылады.

Оқу процесінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.

Түзету бөлігінде сынақтан өтпеген, білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналады. 

Сонымен, информатика пәнін технологиялық жобалау тәсілмен оқытудағы негізгі мақсатым - оқушылардың оқу материалын толық игеруіне, оқушының жеке шығармашылық қабілетін арттыруға, қазіргі ақпараттық қоғамдық өмірге дайындау, яғни компьютерлік сауаттылығын, компьютерлік технологияны өзіндік даму құралы ретінде пайдалана білуге, ақыл – ойы, ойлау қабілеті дамыған саналы азамат тәрбиелеу болып табылады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
АВТОРЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУҒА
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Технологиялық шығармашылық негіздері, құрамы, басты мақсаттары
Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2888 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык