Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы


Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы

Сабақтың тақырыбы Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы

Мақсаты: 1. Білімділік:  Оқушыларға бактериялардың табиғат пен халық шаруашылығындағы маңыздылығын түсіндіру.  
2. Тәрбиелік:  Оқушыларды жеке бас тазалығын сақтауға, салауатты өмір салтын            ұстануға  тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың бактериялар жайындағы білімдерін толықтыра отырып, микроскоппен дұрысжұмыс жүргізе білуге баулу.
Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстану
I . Ұйымдастыру кезеңі.       1. Сәлемдесу,түгелдеу.
                                                  2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
                                                  3.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
 
II. Үй тапсырмасын сұрау
 
Биологиялық диктант
1. Ауру туғызатын бактериялар дегеніміз не? ...................................................................
2.  Қан улы заттарды ............ ................... бүкіл денесіне таратады.
3.  .........  мен  ................. бактериялары ауада тез жойылады.
4.  Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын ............  дейді.
5.  Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - ..................................................
6.  Бактериялардың басқа түрлері ...............................................  ауруларын туғызады.
7.  .....................  ауруын дизентерия бактериялары қоздырады.
8.  Бактериялар мақта өсімдігінде  ...............  ауруын туғызады.
III.  Жаңа сабақты түсіндіру
        Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. 
        Шіріту бактериялары -  біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Бактериялар топырақты минераларды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғырлым көп болады. 1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады. Түйнек бактериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер мен селбесіп тіршілік етеді.
      Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден– ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Мата былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қант пен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз т.б. жемістерді тұздау үшін қолданады.
        Әдейі ауру тарату үшін қоздырғыш бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егеді. Оны бактериялогиялық қару деп атайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту
          1.  Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?
          2.  Бактериялардан өндірісте қандай заттар бөлініп алынады?
          3.  Бактериялардан қандай дәрілік антибиотиктер өндіріледі?
          4.  Бактериялардың тұрмыстағы зияны неде?
          5.  Ционабактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?
V. Үйге тапсырма: 
1. §4.Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы.
          2. Жұқпалы аурулар туралы хабарлама жазыңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ
Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.
Биология пәнінен тест сұрақтары
Бактериялар. Бактериялардың жалпы сипаттамасы
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Теңіз балдырлары
Топырақтың маңызы
Бактериялардың құрылысы мен тіршілігі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 14050 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык