Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу.


Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу.

 

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу.

Тақырыбы: Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу.

Оң жақ бағындағы

тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір»

тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер

1.Жүйке жүйесі орналасуына қарай қалай бөлінеді?

Ж: Орталық және шеткі болып бөлінеді.

2.Орталық жүйке жүйесіне:

Ж: Ми мен жұлын жатады.

3.Ақпараттың үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге қабілетті күрделі мүше:

Ж: Адам миы

4.Мидың пішіні қандай және қайда орналасқан?

Ж: Мидың пішіні күрделі және ол бас сүйек қуысында орналасқан

5.Ересек адам миының орташа салмағы:

Ж:1300-1400 г. Бұл организм жалпы салмағының 2%-ы.

6. Адамның миы қанша бөлімнен тұрады?

Ж: 3 бөлімнен, ми діңі, мишық, үлкен ми сыңарлары

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау; а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім? Не? Кімнің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Бос орынға тиісті сөздерді жазыңдар.

1.Үлкен ми сыңарлары – мидың ең үлкен және эволюциялық тұрғыдан ең жас бөлімі.

2.Адамда үлкен ми сыңарлары өте жақсы жетілген және бас сүйек сауытының ми бөлімінде орналасқан.

3.Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан – қыртыстан түзілген.

4.Қыртыстың жалпы ауданы 2200-2500 см2, қалыңдығы 2,5-3 мм, оны 14-18 млрд нейрон денесі құрайды.

5. Қыртыс астында ақ зат орналасқан, оның қалың қабатында қыртысасты ядролар түзіледі.

6.Ми сыңарының әрқайсысы ірі жүлгелермен маңдай, төбе, шүйде, самай бөліктеріне бөлінген.

7.Ең терең жүлге – маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажырататын орталық жүлге және самай бөлігін шектейтін бүйірлік жүлге.

8.Үлкен ми сыңарларында сенсорлық – сезімтал аймақтар орналасқан. Самай бөлігінде есту аймағы, ал иіс сезу және дәм сезу аймағы төбе және самай бөліктерінің шегінде, шүйде бөлігінде – көру аймағы орналасқан.

9. Қимыл-қозғалыс аймағы орталық жүлге алдында, маңдай бөлігінде орналасқан.

10.Адамның оң және сол жақтағы ми сыңарларының қызметі әртүрлі. Оңқайдың сол жақ ми сыңарында, ал солақайдың оң жақ ми сыңарында адам туылғаннан кейін қалыптасатын есту және сөйлеу мен жазудың қимыл-қозғалыс орталықтары орналасқан.

11.Жүйке жүйесі ауруларының себебін, алдын алу, емдеу және диагностика қою әдістерін невропатолог анықтайды.

12.Спиртті ішмдік асқазанда сіңіріледі де, 2 минуттан кейін қанға түсіп, қанмен барлық жасушаларға тасымалданады.

13.Спиртті ішімдіктің әсерінен адамның шартты рефлекстік іс-әрекеті бұзылады, күрделі қимылдар жасауы баяулайды, орталық жүйке жүйесінде қозу және тежелу процестерінің арақатынасы өзгереді.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Себебін анықта:

1.Ми сыңарының әрқайсысы ірі жүлгелермен бөлінген. Не себепті ең терең жүлге деп атайды?

Ж: Себебі, маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажырататын орталық жүлге және самай бөлігін шектейтін бүйірлік жүлге аралығын алып жатады.

2. Неліктен қыртыстың өткізгіш жолдары қыртыстың барлық бөлігін өзара және қыртысты орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен байланыстырады?

Ж: Себебі, қыртыстың өткізгіш жолдары ақ заттан түзілген.

3-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

 

Сол ми сыңары талдау процесіне қатысып, қисынды ойлауды басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді.

4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген  тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

 

 

Адамның оң жақ және сол жақ ми сыңарларының қызметін салыстыр.

 

Сол жақ ми сыңары                                                                    Оң жақ ми сыңары

 

Оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады Оң ми сыңары кеңістік

     сигналына  

     жауапты заттарды

    көру және сипап сезу

    арқылы таниды. Оған ж еткен ақпараттар бір

  мезгілде және жалпы

      тәсілмен өңделеді.   

     Оң  ми сыңарымен  музыкалық  қабілеттер  

     байланысты.

 

 

 

 

 

 

             Сопақша ми                                                   Ортаңғы ми

 

Екеуі де ми сыңарларына жатады.

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың басты идеясы неде?

 Ортақ қасиеті: Екеуі де ми сыңарларына жатады.

Ерекшеліктері: 1.Сол жақ ми сыңарлары: Сол ми сыңары талдау процесіне қатысып, қисынды ойлауды басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді.

                            2. Оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы  тәсілмен өңделеді. Оң  ми сыңарымен  музыкалық қабілеттер байланысты.

4-қадам: теорияны

«Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы  «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

Тірек сызбадағы бос орынға тиісті сөздерді жаз.

Үлкен ми сыңарының бөліктері

 

төбе

самай

шүйде

маңдай

 

 

 

 

 

Есту аймағы

Үлкен ми сыңарларының аймақтары

 

 

 

Шүйде бөлігінде

Маңдай бөлігінде

Иіс сезу мен дәм сезу аймағы

Төбе мен самай бөліктерінің шегінде

Бұлшықет сезімінің аймағы

Орталық жүлгенің артында

Көру аймағы

Қимыл-қозғалыс аймағы

Самай бөлігінде

 

 

 

 

 

 

 

 

5-қадам: практика

жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі). Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады  

Үлкен ми сыңарлары қыртысының сенсорлық аймақтарының орналасуымен сәйкестендір.

Аймақ атаулары

Орналасуы

1.Көру аймағы

 

2.Есту аймағы

 

3.Иіс сезу және дәм сезу орталығы

 

4.Тері-бұлшық ет сезім аймағы

 

5.Қимыл-қозғалыс аймағы

 

6.Ассоциациялық аймақ

А)маңдай бөлігінде, орталық жүлге алдында;

Ә)төбе бөлігінде, орталық жүлге артында

Б)шүйде бөлігі

В)төбе бөлігі

Г)самай бөлігі

Ғ)самай және маңдай бөлігінің ішкі беті

Д)төбе және самай бөліктерінің шегінде

 

6-қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.

Сен қалай ойлайсың?

Қыртыстың дәм сезу аймағы зақымданса не болады?

Ж:


 

 

ІІІ-кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

ІІІ-кезең (кері байланыс-бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды+3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.  Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей (5 балл) әр тапсырманың бағасы 1 балл

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім? Не? Кімнің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Бос орынға тиісті сөздерді жазыңдар.

1-тапсырма:

Адамда үлкен ми сыңарлары өте жақсы жетілген және бас сүйек сауытының ми бөлімінде орналасқан.Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан – қыртыстан түзілген.Қыртыстың жалпы ауданы 2200-2500 см2, қалыңдығы 2,5-3 мм, оны 14-18 млрд нейрон денесі құрайды.

2-тапсырма:

Ми сыңарының әрқайсысы ірі жүлгелермен маңдай, төбе, шүйде, самай бөліктеріне бөлінген.

7.Ең терең жүлге – маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажырататын орталық жүлге және самай бөлігін шектейтін бүйірлік жүлге.

8.Үлкен ми сыңарларында сенсорлық – сезімтал аймақтар орналасқан. Самай бөлігінде есту аймағы, ал иіс сезу және дәм сезу аймағы төбе және самай бөліктерінің шегінде, шүйде бөлігінде – көру аймағы орналасқан.

3-тапсырма:

Адамның оң және сол жақтағы ми сыңарларының қызметі әртүрлі. Оңқайдың сол жақ ми сыңарында, ал солақайдың оң жақ ми сыңарында адам туылғаннан кейін қалыптасатын есту және сөйлеу мен жазудың қимыл-қозғалыс орталықтары орналасқан.Жүйке жүйесі ауруларының себебін, алдын алу, емдеу және диагностика қою әдістерін невропатолог анықтайды.

4-тапсырма

Спиртті ішімдік асқазанда сіңіріледі де, 2 минуттан кейін қанға түсіп, қанмен барлық жасушаларға тасымалданады.Спиртті ішімдіктің әсерінен адамның шартты рефлекстік іс-әрекеті бұзылады, күрделі қимылдар жасауы баяулайды, орталық жүйке жүйесінде қозу және тежелу процестерінің арақатынасы өзгереді.

 

2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс. ІІ кезеңнің 5-қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

5-тапсырма. Суретке қарап, мидың басты аймақтарын көрсет.

 

ІІ деңгей (5 балл+4 балл= 9 балл) әр тапсырманың бағасы 1 балл

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

1-тапсырма

Себебін анықта.

1.Не себепті сол жақ ми сыңары сөзді түсіну, құрастыру, сөз символдары мен жұмысын қамтамасыз етеді?

Ж: Себебі, сол жақ ми сыңары талдау процесіне қатысып, қисынды ойлауды басқарады.

2.Не себепті оң жақ ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды?

Ж: Себебі, оң жақ ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады.

 

3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген  тапсырмалар болу керек. 2 кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.

 

2-тапсырма. Кестені толтыр

Ми бөлімдері

ұқсастығы

айырмашылығы

Сол жақ ми сыңары

 

 

 

Екеуі де ми сыңарына жатады.

Сол ми сыңары талдау процесіне қатысып, қисынды ойлауды басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді.

 

Оң жақ ми сыңары

Оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды  көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған ж еткен ақпараттар бір  мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң  ми сыңарымен  музыкалық  қабілеттер  байланысты.

 

3-тапсырма

Тақырыптың басты идеясы неде?

Ортақ қасиеті: Екеуі де ми сыңарларына жатады.

Ерекшеліктері: 1.Сол жақ ми сыңарлары: Сол ми сыңары талдау процесіне қатысып, қисынды ойлауды басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді.

                            2. Оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы  тәсілмен өңделеді. Оң  ми сыңарымен  музыкалық қабілеттер байланысты.

 

4-қадам: практика

жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады».

4-тапсырма

Термин сөздердің анықтамасын жаз.

Орталық жүлге маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажыратады.

Бүйірлік жүлге – самай бөлігін шектейтін жүлге

Есту аймағы – самай бөлігінде,

Иіс сезу және дәм сезу аймағы – төбе және самай бөліктерінің шегінде,

Көру аймағы – шүйде бөлігінде,

Қимыл-қозғалыс аймағы – орталық жүлге алдында, маңдай бөлігінде,

Тері-бұлшықет сезімінің аймағы – орталық жүлгенің артында орналасқан.

Қабілеттілік – қандай да бір іс-әрекетті тиімді меңгерудің психикалық мүмкіндігі.

ІІІ деңгей (9 балл+3 балл= 12 балл) әр тапсырманың бағасы 1,5 балл

5-қадам: теорияны

«Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма  басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады

 

 

 

1-тапсырма.

 

Беті тегіс емес қатпарлы, жүлгелі

Тірек сызбадағы бос орынға тиісті сөздерді жаз.

 

 

Ми сыңары 4 бөлікке бөлінген

Үлкен ми сыңарлары

Беті сұр заттан – қыртыстан түзілген

Бас сүйек сауытының ми бөлімінде орналасқан

Мидың ең үлкен және эволюциялық тұрғыдан ең жас бөлімі

 

 6-қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін және біліктілігін  өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

2.тапсырма.

Сен қалай ойлайсың?

Миға операция жасау кезінде хирург орталық жүлгенің алдыңғы жағында орналасқан қыртыс бөлігіне тиіп кеткенде, неліктен ауру адам аяғын немесе қолын қимылдатады?

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жүйке жүйесі тарауы бойынша қайталау тапсырмалары
Сабақтас құрмалас туралы түсінік.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Мидың организм қызметін реттеудегі маңызы
Қаңқа бөлімдері
ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 18694 | Қосты: Қарамолда Бағлан Жексенбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык