Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары


Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Сабақтың тақырыбы:  Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі.    Абиотикалық         факторлардың түрлерімен таныстыру.

2. Дамытушылығы.   Оқушыларға орта факторлары                  туралы айта отырып, факторлардың әсер ету    механизмі, заңдылықтары, бейімделу және икемделу&n түрлерімен таныстыру.

3.Тәрбиелілігі. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке    тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ, жауап

Көрнекіліктер: Плакаттар, суреттер, карточкалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

< 2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 
   

Тіршілік ортасы

   Мағынаны тану

(Түртіп алу әдісі)

+

(Білемін)

V

(Мен үшін жаңалық)

?

(Менде пайда болған сұрақ)

 

Жаңа сабақ: Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

 

Абиотикалық факторлар дегеніміз – организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға ылғал, температура, жарық сәулелер, ауа, оның құрамы, т.б. әр түрлі өлі табиғат құрауыштары жатады.Температура - экологиялық фактор. Дене температурасының сипатына қарай барлық организмдерді екіге топтайды: пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді өзгеріп отырады) және гомойотермді (дене температурасы тұрақты организмдер) Пойкилотермді топқа барлық омыртқасыздар, омыртқалылардың  балықтар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар жатады. Гомойотермді топқа құстар мен сүтқоректілер жатады. Бұл организмдер қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырадыӨсімдіктер төменгі температураға шыдауына байланысты жылу сүйетіндер және суыққатөзімділердеп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт, т.б. жатса, ал суыққа төзімділерге мүктер, қыналар, қарағай, шырша, самырсын, т.б. жатады.

Өсімдіктер мен жануарлардың температураға қатысты қасиеттерін білу, оларды ауыл шаруашылығына пайдалануы ғылыми негіздерін қалайды және тәжірибеде қолданылады.

Әрбір жеке организмдердің өзіне тән температу деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температурасыңа төзімділік көрсетеді. Мысалы, балықтар +52С-та ал, бактериялар +80 С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк- жасыл балдырлар +44 С- та  өсе береді.

Температураның қалыпты мөлшерден ауытқуы кез келген организм денесіндегі зат алмасуды тежеп, жасушадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілік баяу тоқтайды.

Ортаның температура өзгерісін өсімдіктер түрліше қабылдап, оған бейімделуге көшеді.

1.Күзге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суынан арылып, қоюланып (глицерин, моносахаридтер, т.б. ) оның органоидтері төменгі температуралары бейімделіп, төзімді күйге көшеді.

2. Қыс кезінде өсімдіктер тыныштық күйге көшеді (спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр күйінде болады ). Ал ірі ағаштар жапырағы, өркенін тастап, бойындағы шырындық заттар қоюланып, қысқа төзімді формаға ауысады.

 Жануарлар қолайсыз температураға жағдайына қысқы ұйқыға (анабиоз ) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп,баяу күйге көшіп ең төменгі деңгейде болады.Ал кейбір организмдер (аю)  қоректің жетіспеуінен ұйқыға кетеді.

Кейбір жануарлар төменгі температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады.

1.Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа орналастырады(жыл құстары,кейбір сүтқоректілер,т.б.)

2.Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап қысқа дайындала бастайды( аңдар,құстар,итбалықтар,шошқалар,т.б.)

3.Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді ( суыр,борсық,аю,тышқан,т.б.)

Ылғал да экологиялық факторлар ретінде организмдерге әсер етеді.Ылғал көбінесе климатқа,құрлықтың температуралық белдеулеріне,табиғатбелдемдеріне байланысты болады.Кейбір жағдайда ылғал шектеуші фактор  рөлін атқарады.Ылғалдың жетіспеуін өсімдіктерде өнімді төмендетіп жібереді.Әсіресе шөл-шөлейтті белдемдерде ылғал жетіспейді.Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше процесс байқалады.Ылғалға қатысты Жер шарының географиялық тұрғыда зоналдылық заңдылығы әрекет етеді.Осыған орай, Жер шарында -тундра ,орманд- тундра,тайга,орманды дала,тропик,экваторға қарай фауна мен флора жер бедеріне сай өзгеріп отырады.Зоналардың жіктелуі температурамен ылғалға қатысты болады.

Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары былай жіктеледі.

1.Ксерофиттерге (грекше ``xeros`` -құрғақ,«phyton» - өсімдік; құрғақсүйгіш)ылғал тапшы аймақтарда өсетін (шөл,шөлейт,дала)өсімдіктер жатады.Ксерофиттердің жапырағы,сабағы түрін өзгертуге бейімделген сексеуіл,жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік, т.б.)

2.Сукуленттер (латынша `` succulentus`` шырынды; шырын-жапырақ өсімдіктер )- ксерофиттер типі.Олардың жапырақтары,сабақтары етженді болып жұмырланып немесе текенеттерге айналған , мысалы,алоэ,агава,кактус, т.б.

3.Мезофиттер (грекше ``mesos``-аралық )-ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ; ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер.  Мысалы , беде,атқонақ, інжугүл,саумалық,т.б.

4.Гидрофиттерге (грекше``hugros``-ылғал )- ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер .Оларға ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер жатады.

5.Гидрофиттер (грекше ``hudros``-су)-төменгі бөлігі суда болатын грунтқа бекініп өсетін өсімдіктері.Оларға элодея,балдырлар,т.б. жатады.

Ылғалдың да жануарлар  тіршілігінде маңызы зор.Оларды құрлық, су жануарлары және қосмекенділер деп топтайды.Құрлық жануарлардың өз кезегінде- орман ,дала, тоғай,шөл жануарлары деп бөлінеді.

Су жануарлар- балық,судағы сүтқоректілер,(киттер, дельфиндер,т.б.), буынаяқтылар,губкалар,былқылдақденелілер, құрттар т.б.

Құрлық жануарлары – сүтқоректілер, құстар,бауырымен жорғалаушылар,жәндіктер,т.б.

Қосмекенділер- көл бақалары ,теңіз тасбақалары,т.б.

Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты жер шарының орташа температурасының көтерілгені туралы фактілер бар.Температура көтерілген жағдайда ,ылғал азайып табиғат зоналары жылжып, бүкіл экожүйелері шөлге айналу процесі жүруі мүмкін.Бұл жағдай әсіресе су тапшылығына тәуелді Орта Азия,Қазақстан,Кіші Азия,Африка,т.б.Құрғақшылық аймақтарда байқалып,антропогендік ландшафтылардың көлемі ұлғаюы мүмкін.Аталған елдердің әлеуметтік – экологиялық жағдайларына елеулі нұқсан келтірері сөзсіз.

1.Абиотикалық факторлардың ішінде температураның ылғал негізгі рөл атқарады.Оларға қатысты өсімдіктермен жануарлардың экологиялқ топтары қалыптасқан.2.Ылғал мен температура жер шарының географиялық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Үйге тапсырма: 1-Кестені толтыру

2-Адам әрекетінің жануарларға әсері туралы мәлімет жинау

Қорытынды.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.
Жануарлардың сан алуандығы
Тіршілік ету ортасы Экологиялық факторлар
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу
Абиотикалық факторлар
Қазақстанның табиғат зоналары
Ғаламшардағы тіршілік
Жануарлардың көп түрлілігі ашық сабақ
Табиғат-туған анамыз
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 9992 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык