Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері


Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері

Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері

Сыныбы: 8

Мұғалім: Найзагулова Б. М

Тақырыбы: Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Анализатор түсінігін нақтылауды жалғастыру; адам өміріндегі анализаторлардың әрқайсысының маңызы, олардың өзара байланысы мен өзара бақылауы туралы білімді тұжырымдау; оқушылардың сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланыс туралы қорытынды шығара білу біліктілігін қалыптастыру.

Дамытушылығы:  тепе-теңдік, дәм сезу, иіс сезу анализаторларының құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық-физиологиялық жаңа түсініктерді тұжырымдау.

Тәрбиелігі: Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу гигиеналарын сақтауға тәрбиелеу

Құрал – жабдықтар: оқулықтағы суреттер, кестелер, 4-зертханалық жұмысқа арналған оқулықтағы материалдар.

Сабақ типі: Аралас сипатта.

Әдістемелік шешім: Жалпысұхбаттасу, өздік жұмыс, көрнекіліктерді қолдану арқылы сұхбат-дәріс.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу.

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

-      Мылтық атылғанда, жарылыс болғанда, ауызды ашу ұсынылады. Неліктен?

(Құлақтағы дабыл жарғағына түсетін қысымды тепе-теңдікте сақтау мақсатымен.)

-      Құлақ иіріміндегі сұйықтықтың музыка әсерінен болатын ырғақты тербелісі

рефлексті түрде бұлшық ет тонусын арттырады. Неліктен музыка тыңдап жүру, жаттығу жасау, билеу әлдеқайда жағымды? (Ырғақ қимыл-қозғалысты дәл, нақты етеді. Егер тонус жоғарыласа, барлық қимылдар жеңіл жасалады да, қажу баяу басталады.)

Қатты шу жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп, шектен тыс қажуды, психикалық ауруларды тудырып, ұйқыны қашырады. Шудың әсерін азайту үшін қандай шаралар ұсынуға болады?

2-тапсырма: «Дұрыс пікірді табыңдар».

  1. Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан және сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады.
  1. Сыртқы құлақ есту түтігінен және құлақ қалқанынан тұрады.
  2. Сыртқы құлақ дыбыс тербелістерін қабылдап, өткізіп отырады.
  3. Дабыл жарғағы ортаңғы және ішкі құлақтың ортасында орналасқан.
  4. Сыртқы есту жолы дабыл жарғағымен аяқталады.
  5. Ортаңғы құлақ есту түтігі арқылы мұрын-жұтқыншақпен байланысады.
  6. Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір-біріне бірігіп кеткен.
  7. Есту сүйекшелері – есту анализаторының рецепторлары.
  8. Ішкі құлақ саңылаулар мен иірім түтікшелер жүйесі болып табылады.
  9. Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.
  10. Есту сезімталдығының аймағы үлкен ми сыңары қыртысының самай бөлігінде орналасқан.
  11. Дыбыс толқыны есту мүшесінде сұйықтық тербелісіне, содан соң жүйке импульсіне айналады.
  12. Есту анализаторының мынандай бөлімдері болады: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ.
  13. Құлақтың сезімтал құрылымы, кортиев мүшесі болып бұзады.
  14. Тұрақты қатты шу дабыл жарғағының созылмалығын бұзады.

Жауаптар: 1, 3, 5, 6, 9, 11, 12, 14, 15

ІІІ. Жаңа матермалды оқыту. Тіректік білімді өзектеу. Мынандай терминнің мағынасын түсіндіріңдер.

Анализатор – сенсорлық жүйе. Анализатор.......... тұрады. Сезіну дегеніміз не?

Сезіну (түйсік) – тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде пайда болатын психикалық күй.

Мұғалім. Түйсік сыртқы әлем туралы білім көзі болып табылады. Бұл сыртқы әлемдегі құбылыстар туралы ақпаратты миға дейін жеткізіп, адамға қоршаған әлемде бағытын табуға мүмкіндік беретін негізгі жол болып табылады.

Түйсіктер қандай болады? Көру, дәм сезу, иіс сезу, есту, сипап сезу түйсіктері болады. Олар бізді қоршаған заттар мен құбылстардың қасиеттерін көрсетеді.

 Өмірлік тәжірибені өзектеу (оқушылардың бұрын алған білімдерімен тәжірибелерін қайта қалыптастыру).

Әрбір оқушы парақтың сол жағына өзінің тақырыбы бойынша білетін ақпаратын жазып, ал оң жағына жауабын білгісі келген сұрақтарын жазу.

Иіс сезу

Иіс сезу

Не білемін?

Білмеймін, бірақ білгім келеді

Өмірлік тәжірибелерді өзектеу бойынша жеке-жеке жұмыс жасап болған соң, оқушылар оқулықтағы мәтінге қарап, өздерінің жазған ойларына талдай жасайды және белгілеп шығарады: + белгісін оқулық бойынша тексергенде, дұрыс болып шыққан ақпараттарға. (-) белгісіне дұрыс болмай шыққан ақпараттарға; дөңгелек белгісін (0) жауабын параграфты оқу барысында тапқан сұрақтарға; V белгісін мұғалімге қойғысы келген сұрақтарға қойып шығады.

Сабақтың келесі кезеңінде топ ішіндегі әлеуметтендіру жүргізіледі: Әрбір оқушы топқа өзінің тақырыбын таныстырып өтеді. Содан соң топ сұрақтарды қайта қарастырып тексереді де, олардың ішінен ең қызық сұрақтарды таңдап алады.

ІV. Оқытылған материалды бекіту.

  1. Сипап сезу дегеніміз не?
  2. Барлық анализаторлардың өзара байланысты жұмысы не үшін қажет?
  3. Неліктен көзді жұмып, мұрнымызға сұқ саусақты тигізе аламыз?
  4. Тағамды қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы. §20 мазмұндау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі
Адамның сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі. Мұрын-иіс сезу мүшесі
Есту мүшесі және есту анализаторы
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
Есту мүшесі және оның құрылысы
ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Сезім мүшелері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 11896 | Қосты: Бахтыгуль | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык