Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу


Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу

Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу

Сабақтың тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тең айнымалы қозғалыс туралы түсінік беру, «үдеу» ұғымымен таныстыру;

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

Тәрбиелік: іздемпаздыққа, ұқыптылыққа, тездікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, плакат

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа тақырыппен таныстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

№2.   Дененің жүрген жолының мәні тым үлкен болып, ал орын ауыстыру векторының модулі өте аз болуы мүмкін бе? Мысал келтіре отырып дәлелдеңдер.

№3.   Суретте Г.Х.Андерсеннің  «Түймеқыз» ертегісі бойынша диафильмнің кадры көрсетілген. Кадрдегі текстің физика тұрғысынан дұрыс емес екендігін түсіндіріңдер

ІІІ. Жаңа сабақпен таныстыру.

-          тең айнымалы қозғалыс туралы түсінік беру: оның тең үдемелі, тең баяулайтын қозғалыстар д/аталатын түрлері туралы бірнеше мысалдар келтіре отырып түсіндіру;

-          жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін қоданылатын физикалық шамамен, оның формуласымен, өлшем бірлігімен жеке-жеке таныстыру:;      

-          Үдеудің формуласынан жылдамдықты тапсақ: .   Координата осьтеріндегі проекциялары енетін теңдеуді   түрінде жазуға болады.

-            формуласынан барлық үш вектор (v, vo, a) бір түзудің  (хо )бойында жатқандықтан, олардың проекцияларының модульдері векторларының өздерінің модульдеріне тең болады.

-          Егер vo  және  a векторлары проекцияларының таңбалары бірдей болса, онда дене жылдамидығының модулі уақыт өтуімен артады.

-           Егер vo және a векторының проекцияларының таңбалары қарама-қарсы болса, онда дене жылдамдығының модулі уақыт өтуімен кемиді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

а) §4 сұрақтарын талдау

- тең айнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

- тең айнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?

- үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?

- үдеу қандай формуламен өрнектеледі және оның өлшем бірлігі қандай?

- үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?

-Үдеумен қозғалатын дененің жылдамдығы нөлге тең бола ала ма?

- Үдеу нөлге тең болғанда (а=0), қозғалыс қандай сипат алады?

ә) Есептер шығару. 3-жаттығу

№34. Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ –қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін салыңдар.

№35.

 Суреттегі жылдамдық графигін пайдаланып бастапқы жылдамдықты, төртінші секундтың бас кезіндегі және алтыншы секундтың аяқ  кезіндегі  жылдамдықты табыңдар. Үдеуді есептеп шығарыңдар және   

 vx = vx(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар.

Шығарылуы:

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:  §4.   3-жаттығу (4)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелері
Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау
Дененің импульсі. Импульстің сақталу заңы
Кинематика және динамика негіздерін қайталау
Қозғалыс заңдарын қорытындылау
Кинематика негіздері
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу
Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 10441 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык