Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік


Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік

Тақырыбы: Глобустағы және географиялық картадағы  градус торы, географиялық ендік

Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға алдыңғы сабақта алған географиялық координаттар, оларды анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру. 
Дамытушылық:Картамен, глобуспен жұмыс жасауды дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: топтық жұмыс
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО әдістері,практикалық
Құрал-жабдықтар:  глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері: 
 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі 
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
 
Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу(күз,қыс,жаз,көктем),рольдерді анықтау.
Тренинг өткізу. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.  Топқа бөліну.
2. Қызығушылықты ояту.
Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Үй жұмысы бойынша топтарға үлестірме карточкалар беру: 
1. Картадан бастапқы меридиан мен 45 с.е. пен 60 ш.б. табу
2. Ең ұзын ендікті көрсету және Қандыағаш пен Астананың қашықтығын өлшеу.
3. с.е. пен о.е. көрсету және Алматының ендігі мен бойлығын анықтау.
4. Батыс бойлық пен шығыс бойлықты көрсету және Алматы мен Астананың арақашықтығын өлшеу. Мұғалімнің  берген тапсырмаларына дайындалып, жауап беру, картадан көрсету.
3. Мағынаны ажырату. ЖИГСО әдісі
(15 мин) Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз.
 Тақырыптарды бөліп беру. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады,мұғалімнің
Бөліп берген твақырыпшасын оқиды, жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.
Постер дайындайды, оны  түсіндіру жолдарын ойластырады.
4.Картамен жұмыс
(7мин) Төмендегі тапсырмаларды орындау:
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІНІҢ КООРДИНАТАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІНІҢ АТЫ
6º ш.б. 46º с.е.
72º ш.б. 48º с.е.
72º б.б. 32º о.е.
60º б.б. 66º о.е.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.
5. Рефлексия.
Ротация әдісі.
(7 мин) Тақырыпты қорытындылауға сұрақтар қою:
- Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар?
- Градус торы дегеніміз не?
- Ендік пен бойлықты  қалай табады?
- Гринвич меридианы деген не? Берілген сұрақтарды талдауға қатысады.Барлық топтардың жауаптары талқыланып,ақырғы пікір түйінделеді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин) Оқушылар сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығы қарай өздерін-өздері бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин) §  12 оқу.Мехико,БуэноАйрес,Пекин, Ақтөбе қалаларының координатасын анықтау. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Глобус. Географиялық координата
Глобус. Глобустан картаға көшу
Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Сарамандық жұмыс №1
Глобус
Глобус. Глобустан картаға көшу
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Глобус – Жердің моделі ашық сабақ
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9923 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык