Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҚМЖ 10 - сынып "Ауыл шаруашылығының салалық құрылымы. Өсімдік шаруашылығы"


ҚМЖ 10 - сынып "Ауыл шаруашылығының салалық құрылымы. Өсімдік шаруашылығы"
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Тексерілді
Пән мұғалімі Исаева Замира Наухановна
Пәні География
Сыныбы 10 «А» 10 «Ә» 10 «Б» 10 «В» 10 «Г» 10 «Ғ»
Өтетін күні 04.02015ж. 05.02.2015ж. 07.02.2015ж. 07.02.2015ж. 07.02.2015ж. 07.02.2015ж.

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының салалық құрылымы. Өсімдік шаруашылығы.
Мақсаты: Оқушылардың дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының маңызды салалары туралы білімдерін одан әрі дамыту арқылы жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының салалары туралы білімдерін толықтырады және пікірлесіп ортақ шешімге келуге дағдыланады.
Ресурстар: Оқулық, 10 сынып атласы, Дүние жүзінің саяси картасы, постер, суреттер, интернет материалдары.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй жұмысын тексеру кезеңі
(5 мин) Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім балалардың ашық тест тапсырмасын береді:
1.Ауыл шаруашылығында дүниежүзі бойынша шамамен қанша адам еңбек етеді?
2.Дүниежүзінде ЭБХ-ң қанша пайызы осы салада еңбек етеді?
3.Латын Америкасы елдерінде жер қорының негізін құрайтын ірі жер иеліктері ?
4.Интенсивті мал шаруашылығы қай аймақта жақсы дамыған?
5.Екінші «жасыл революция» немесе биотехнология қай жылдардан басталды? Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің тест тапсырмасын көрсетеді.
1.1,3 млрд.
2.46%
3. Латифундиялар
4.Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), АҚШ
5.ХХ ғасырдың 80 жылы

«Мен саған – сен маған» стратегиясын пайдаланып, өзара бағалайды.
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі (2 мин) «Ой қозғау»
Өсімдік шаруашылығының салаларын атаңдар?
Мадақтау арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптары:
Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.

3.Жаңа тақырып кезеңі (15 мин) 1. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2. Жаңа сабақтың тақырыбы айқындалғаннан кейін мәтінмен танысып шығуға тапсырма беріледі.
3. Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім сыныпты «дәнді дақылдар», «техникалық дақылдар», «бақша және жеміс-жидек шаруашылығы» деп 3 топқа бөледі.

1 - топ – Дәнді дақылдар
2 - топ – Техникалық дақылдар
3 - топ – Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы

Бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау

Оқушылардың жауаптары:
Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
1.Дәнді дақылдар. Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
Бидай. Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған. Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған. Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып саналатын жер — АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды.
Күріш. Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.
Жүгері. Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.
2.Техникалық дақылдар. Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.
Майлы дақылдар. Майлы дақылдар Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.
Қантты дақылдар. Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы — шөптесін, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері — Франция, АҚШ, Ресей, Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері.
Талшықты дақылдар. Талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Ол жылу мен ылғалды аса көп қажет етеді. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды. Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта өсірушілер — Азия елдері, 2-орынды — Америка, 3-орынды Африка елдері иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Көпшілік елдер қысқа талшықты мақта егеді, өте бағалы ұзын талшықты мақта өсіруден Египет ежелден-ақ танымал. Басқа талшықты дақылдар — зығыр мен джуттың таралу аймағы анағұрлым шектеулі. Дүниежүзілік зығыр өндірудің 3 4 бөлігі Ресей мен Беларусь Республикасына, ал джут өндіру Үндіста мен Бангладештің үлесіне тиеді. Табиғи каучук беретін гевея ағашының плантациялары алғаш XIX ғасырда Оңтүстік Америкада қолға алынған болатын. Кейіннен ол Азияға ауысып, қазір Азия елдері табиғи каучук өндірісінің басты ауданына айналып отыр. Әсіресе Таиланд, Индонезия мен Малайзия ерекше көзге түседі.
Крахмалды дақылдар. Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды Қытай алады.
Сергітпе дақылдар. Сергітпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктік (шай субтропикте де) белдеулерде өсіріледі және таралу аймағы айтарлықтай шектеулі. Шайдың отаны — Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Үндістан, Қытай және Шри-Ланка өндіреді. Ал субтропиктерде шай Грузия жерінде өсіріледі. Кофенің отаны — Африка, қазір оның түсімінін; 2/3-сін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао, керісінше Америкадан шыққан, қазір оның негізгі өндірушілері Африканық Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер қатарына Кот-д-Ивуар, одан кейін Бразилия, Гана, Индонезия мен Нигерия жатады.
Дәм-татымдық дақылдар. Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.
3.Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді. Субтропиктік (жерортатеңіздік) және тропиктік белдеулерде көбірек таралған. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.
Жаңа тақырыпты бекіту (6 мин) Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1.Өсімдік шаруашылығы қандай маңызды салалардан тұрады?
2. Дәнді дақылдардың түрлерін атаңдар? Оқушылардың жауаптары:
1. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
2. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Қорытындылай келе төмендегі сұрақты қою:
Жаздық бидай өсірілетін негізгі аудандарды атап, картадан көрсетіңдер? Оқушылар өз ой – пікірлерін айтады.

6. Бағалау кезеңі
(2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.
7. Үйге тап. беру кезеңі (1мин) §38 оқу, Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау, конспект жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
Кері байланыс орнату Стикерге аттарын жазып, ілінген жаймадағы тақырыпты меңгеру деңгейлеріне байланысты жапсырады.
Мысалы: «Мен тақырыпты өте жақсы меңгердім»,
«Мен тақырыпты жақсы меңгердім»,
«Мен тақырыпты аса жақсы меңгермедім»
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығының географиясы
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Көкөністер, жеміс-жидектік және бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіру
Фермер, агроном, лоборант-эколог, мал шарауашылығы
Өсімдік шаруашылығы географиясы
Өсімдік шаруашылығы географиясы
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Егін шаруашылығы
Жеміс. Тұқым. Көкөніс.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8206 | Қосты: Исаева Замира Науханқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык