Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері


Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері

Мақсаты:

Білімділік: Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардан жинаған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Ұсақ масштабты карталарда бейнелену әдістерімен таныса келе география пәніне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу:

1. Карта дегеніміз не?

А) сурет

В) табақ

С) глобус

2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:

А) 2

В) 3

С) 4

3. Тақырыптық карталарды тап:

А) топографиялық карталар

В) дүниежүзінің климат картасы

4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?

А) 3

В) 4

С) 5

5. Ірі масштабты картаны тап:

А) 1: 90.000

В) 1: 200.000

С) 1: 150.000

6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ?

А) топографиялық шолу

В) топографиялық

7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған?

А) шолу

В) топографиялық

С) топографиялық шолу

Тест тапсырмасына арнайы бір парақ қағаз дайындап, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(13 мин)

Дүниежүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықты өлшеу жұмыстары жүргізілмейді. Жер бедері қат- қабат бояулармен көрсетіледі.

0 метрден төмен- қою жасыл

0-200 метр- солғыл жасыл                 биіктік шкаласы

200-500 метр- сарғыш түс

 Мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады.

Тереңдікке байланысты өзгереді- тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер:

-          мемлекеттердің астаналары;

-          аса ірі өндіріс орталықтары;

-          тарихи қалалар;

Дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарының ең маңыздылығы,  темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады.

 

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

(10 мин)

Атлас пен карталарды пайдаланып дүниежүзіндегі аса биік жерлер мен ең терең аймақтарды биіктік және тереңдік шкалалары арқылы анықта, биіктік пен тереңдік шамасында тап.

Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(7 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

-          Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?

-          Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?

-          Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?

-          Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§  15 оқу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб
Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру
Глобус. Глобустан картаға көшу
Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу
Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Глобус. Глобустан картаға көшу
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5787 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык