Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс


Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс

Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік:             Оқушыларды табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат байлықтары. Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мүмкін.

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.

Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар  табиғаттың дайын «сыйын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай  нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.

Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген.

Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз – Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қатар ұйымдастырылып, жүргізу қажет.

 Жаңа сабақты бекіту:

1. Табиғат байлықтарының қандай түрлерін білесіңдер?

2. Өздерің тұратын жерде қандай табиғат байлықтары бар және олар қалай пайдаланылады?

3. Адамның шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне табиғат жағдайларының әсері қандай?

4. Табиғи ортаға адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді? Өздерің тұратын жердегі адам әрекеті өзгерткен табиғат жағдайларына мысал келтіріңдер.

Қорытынды: Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадымызда сақтайық.

Үйге тапсырма: §61-оқуға. Қосымша материалдар жинау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты қорғай білейік.
Табиғат - туған үйіміз
Табиғат зоналары
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Жер шарындағы халықтар және елдер
Табиғат – біздің екінші үйіміз
Табиғатты қорғау негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Табиғат кешені ашық сабақ
Табиғат – біздің екінші үйіміз.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 28729 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык