Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау


Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау

 

Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау

Сабақтың тақырыбы:   Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау.

 Ақпаратты тасымалдаушылар.

 

Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты сақтауға,оқуға,нысандарды іздеуге үйренеді ,ақпарат  тасымалдаушылармен  танысады.

 

Сабақтың міндеттері:

vБілімділік:  оқушылар ақпаратты іздеуге , жазуға  және сақтауға үйренеді, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік алады .

 

vДамытушылық: оқушылар ойлау қабілеттерін, логикалық-абстракциясын дамытады,    пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады.

 

 

vТәрбиелілік: оқушылар бойында патриоттық сезім оятады, жауапкершілікке, жұппен жұмыс істеуге  тәрбиеленеді.

 

Сабақтың типі:   түсіндіру - практикум сабағы .

 

 

Білім мен білікке қойылатын талаптар :

 

Оқушылар  білуі  тиіс: ақпаратты  сақтау ережесін,

«Сохранить» және «Сохранить как....» командасын,

жұмысты  іздестіру алгоритм  командасынан

«Пуск – Поиск»  орындалуын.

Оқушылар  үйренуі тиіс:

нысандарды  іздестіруді  жүзеге  асыруды,

Windows стандарттық пограммасында ақпаратты сақтауды, оқуды.

 «Сохранить» және «сохранить  как » командасын  пайдалануды,

ыңғайлы тәсілдерді  пайдалануды.

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интербелсенді тақта, планшет, смартфон, оқулық,  дәптер, компакт-дискілер CD-R/RW, DVD-R/RW,  флеш карта,  сурет, магнит, тест, бор.

 

 

Пайдаланатын  технологиялар:

Сын  тұрғысынан ойлау,  АҚТ.

 

Пайдаланатын стратегия: Блум таксономиясы, 5- жолды өлең.

 

Әдіс- тәсілдері: өзіндік  жұмыс,жұппен  жұмыс,  тәжірибелік  жұмыс, оқыту  мен  оқуда  АҚТ –ны  пайдалану,  оқулықпен  жұмыс, шығармашылық жұмыс.

 

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, математика, тарих, ағылшын тілі

Сабақтың өту барысы:

                                 1.Оқушыларды ұйымдастыру / психологиялық дайындық  «Макарена» (2мин) 

                              2.Үйге берілген тапсырманы тексеру (3мин) 

                              3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (5мин)

                              4.Тапсырмаларды орындау

                              5.Сабақты бекіту

                              6.Үйге тапсырма беру

Сынып  ішінің безендірілуі:

Тақтада :  елбасының нақыл сөздері, ақпарат, информатика туралы сөздер,

 Сабақтың  басталуы:  (2мин)  6 - слаид

-         Салеметсіздер ме, баларлар. Жақсы,  рахмет,  отырыңыздар. Сабаққа  даярмыз ба? Көңіл –күйіміз қалай?

-         Ия, ендеше  бүгінгі сабағымызға  кіріспес бұрын  бой  жазу «Макарена» сергіту сәтіне шақырамын.

-         Орнымызда тұрып, қайталаймыз.

 

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. (3мин)  

 -Тамаша,  балалар, осы қарқынмен бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетіп, сабағымыз сәтті өтеді деген  сенімдемін.Сіздерге сәттілік  тілеймін!

 

 -Үй жұмысымызды   тексеру үшін алдарыңыздағы «Өзіңді тексер!» тестін  орындаймыз.

Ал, іске сәт!

1. Пернетақтада  Кірістіру бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға  болады?

А) Ctrl + С /е/

Б) Ctrl + V ./а/

C) Ctrl + X /и/

D) Ctrl +Z/ у/

 

2.Пернетақтада  Бәрін  ерекшелеу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға  болады?

А) Ctrl + С /п/

Б) Ctrl + V /р/

C) Ctrl + X/и/

D) Ctrl +А. /қ/

 

3. Пернетақтада  Қиып  алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға  болады?

А) Ctrl + С /с/

Б) Ctrl + V /ж/

C) Ctrl + X./п/

D) Ctrl +Z /н/

3. Нысанды  жойғаннан  кейін диіскіде орын  босайтын тәсіл:

А) Нысанды  тышқанмен Қоржынға  жылжыту   /д/

Б) Ерекшеленген нысанға Shift +Del  пернелерін  басқанда /е/

В) Контекстік  мәзірде  Жою бұйрығын  таңдау /г/

D) Нысанды  ерекшелеп, Реттеу            Жою бұйрығын  таңдау/а/

4.Ерекшеленген нысандар  тобына  қолдануға  болмайтын  әрекет:

А) Көшіру  /в/

Б) Атын  өзгерту./р/

C) Жою /о/

D) Жылжыту /м/

5. Пернетақтада  Көшіру  бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға  болады?

А) Ctrl + С. /а/

Б) Ctrl + V /г/

C) Ctrl + X /ш/

D) Ctrl +Z/ м/

 

7.Windows нысандарына   қолданатын амалдардың артығын  көрсетіңдер:

А)Көшіру  /м/

В)Жылжыту/ф/

С)Жою /с/

D) Сақтау. /т/

 

Орындап  болсаңдар ө з- өзімізді тексере  қоямыз. Парақтармен көршімен  алмасамыз.Бір – бірімізді  тексереміз, бағалаймыз. Тақтаға  назар  аудырыңыздар. (тақтаға  дұрыс  жауапты  шығарып  қою  8 слайд ). Ендеше  тестің  әр бір  дұрыс жауабы  әріпке  тең, сол  әріптерде  құпия сөз  жасырылған.Ол  қандай  сөз екен. Ойланамыз  (балалар ақпарат деп  айтқаннан кейін)

Құпия  сөз:

 

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

  /ақпарат/ 

 

-         Ия, балалар,  дұрыс  айтасыздар, тест  жасау  арқылы іздеп тапқан сөзіміз ақпарат деген сөз . Яғни,  ол  бүгінгі жаңа  сабағымыздың тақырыбымен  тікелей  байланысты. Бүгінгі күнді  жазамыз.Сынып  жұмысы. Оқулығымызды  109 бетте  ашыңыздар. Ал, бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз қалай аталады?

   §13 Ақпаратты  іздеу, жазу және  сақтау. Ақпаратты  тасымалдаушылар.

 

3.Жаңа тақырып.   Компьютерде  тәжірибелік жұмыс     (5мин)

 

(Алдын  ала    суреттерін оқушылардың компьютеріне «сурет »  деп   сақтап  қою керек)

 

Жаңа сабақ  түсінікті  ме? Маған  қояр сұрақтарыңыз бар  ма?

Жақсы  керемет.Өте  алғыр  екенсіңдер.Онда  жаңа  сабақты  қалай  түсінгенімізді тәжірибелік   тапсырма  арқылы көрсетейік. Сіздерге  сәттілік  тілеймін!

 

1. Іздеудің көмегімен «Сурет » файлын  тауып, іске  қосыңыздар.

- Балалар сіздер фаилды  ашқанда не  көрдіңіздер, бұл  сурет жайлы қандай ақпарат  білесіздер ? Кәне  балалар, ойланып  көрейік....

Балалардың жауабы  тыңдалады.

-Ал  ендеше  мен  сендерге  тағы  бір  ақпарат  хабарлаймын.                                          -«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға  жетпес  байлығы»    деп   Н.Ә. Назарбаев.,биылғы  халыққа жолдауында 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізуді атап  өтті.Ендеше балалар  біздің бұл  суреттер   «Отан» деген атқа лайық.                Слайд бойынша 25,26,27.28 

 

-         Өте  дұрыс, бүгінгі  сабақты  жақсы  түсініп, оны  тәжірибе  түрінде  де, жақсы көрсете алдыңыздар. мұғалім сөзі:

Іс тәжірибеміздің түйіні:

  • Ақпарат іздеу үшін іздеген нысан орналасқан буманы ашып,нысан атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек.

 

  • Ақпаратты жазу Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрықтарымен орындалады.

 

  • Ақпаратты оқу Ашу бұйрығымен орындалады.

 

Жаңа сабақ  түсінікті  ме? Маған  қояр сұрақтарыңыз бар  ма?

Жақсы  керемет.

 

-         Көзімізді демалту  үшін  « Қауіпсіздік  ережелері»   бойынша, сіздермен  көзге  арналған  жаттығулар  жасаймыз.  Презентацияда (1мин).

-         Балалар,естеріңізде  болса  біз жаңағы  файлымызды  қалай  сақтадық, «Отан» деп  сақтадық емес пе? 

-         Олай болса,біздің бәріміздің бір ғана Отанымыз бар,ол – тәуелсіз Қазақстан!

5.Сабақты бекіту тапсырмалары:  (2мин)

- Келесі тапсырма «Дискета» және «Тышқан» сөздерінің әрбір әрпінен тәуелсіз Қазақстанға байланысты сөздер  құраңыздар, 2 сөздің ақпараттық өлшем бірлігін табыңыздар.

Тапсырма  2 қатарға  беріледі: оң қанаттағы  7 бала  отырған  қатарға «Дискета» беріледі, «дискета» сөзінің өлшемін    есептеңіздер.

6       Сол  жақ қанатындағы  отырған балалар  «Тышқан  беріледі»,«тышқан» сөзінің  өлшемін  есептеңіздер.

7       Іштеріңізден  екі  оқушы шығып  тақтада «Тышқан» және «Дискета» сөздерінің  өлшем  бірліктерін есептеңіздер. (шығару жолын  түсіндіреді)

 

      -Тамаша, қошемет балалар жақсы отырыңыздар. Алдарыңыздағы  кері байланыс парағын толтыра қойыңыздар.

 

   Кері байланыс  

 

Кері  байланыс парағы

 

Аты  - жөні

 1- тапсырма   «Өзіңді тексер!»        СТО әдісі

 2 - тапсырма

 «Практикум»

 

 

3 тапсырма

«Шығармашылық жұмыс»

БТ

Қорытынды

баға

 

 

 

 

 

 

Өзіңе ұнаған  тапсырма ( + )

 

 

 

 

 

 

 

Саған  қиыншылық туғызған  тапсырма  (+)

 

 

 

 

 

 

 

Әр  тапсырмаға  өз бағаңды  қой

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс  парағын әкеле  қойыңыздар.  Балалар бүгін  сендер өздеріңнің білімді, алғыр, тәртіпті оқушы екендеріңді  дәлелдедіңдер.Сабағымыздың қойған  мақсатына  жеттік.Маған сендермен   жұмыс  істеу  ұнады. Мен  сендерге  ризамын. Менің сендерге  қоятын  бағам «бес» .

қанекей,маған  қояр  бағаларыңды  көрсете  қойыңдар. Бас бармақ жоғары қарай– өте жақсы, көлденеңінен – орташа, төмен – нашар.

 

Электронды поштамызға жаңа ақпараттар түсуде,яғни хаттар  келуде. Мына хатымыз santa_*bk.kz / 2 мин /

Хат:

Құрметті 5 «А» сынып  оқушылары!

    Сіздерді келе  жатқан жаңа 2015 Изобильный  ауылының орта  мектебінің  ұжымы біздің әріптесіміз Искакова Орынбасар Сеитовнаның информатика сабағына атсалыса  қатысып, үлкен  жауапкершілікпен  қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреді

                                                                                мектеп әкімшілігі.  2014ж

 

-         Балалар, бірақ бір  нәрсе жетіспей  тұр, кәне балалар партаның  астына қараңыздар. Не  бар  екен? (файлда үй жұмысы)

  1. Үйге тапсырма:  /синквеин /

§13      Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

            «Қазақстан»  -  туралы 5 жолды өлең шығарып, оны  компьютерде теріп жазу.

            Тәуелсіздік  күніне   құттықтау  хаттарын  жіберу.

21 ғасыр  білім  ғылымының дамыған  ғасыры. Бүгінгі  алған  білімімізді ертең, Қазақстанстанымызды дамыту  жолына жұмсаймыз деген сеніммен бүгінгі  сабағымды аяқтаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақпаратты жазу және іздеу. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері
5 сынып тақырып бойынша тестілер жинағы.
MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу» қорытынды, қайталау
Обьектілерді іздеу. Обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері Нысандармен жұмыс істеу
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрі
Мәтінді редакциялау және пішімдеу ашық сабақ
Файлдармен жұмыс
Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 6319 | Қосты: Искакова Орынбасар Сеитовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык