Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МS Excel бағдарламасында диаграммалар құру, редакциялау және форматтау


МS Excel бағдарламасында диаграммалар құру, редакциялау және форматтау

МS Excel бағдарламасында   диаграммалар құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың тақырыбы:

МS Excel бағдарламасында   диаграммалар құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты: 

Оқушылар Excel бағдарламасының диаграммаларын құру, форматтау және редакциялау  жолдарымен танысады және қауіпсіздік  ережелерін сақтай отырып, компьютерде диаграмма құру қадамдарын орындап меңгереді.

Зерделеу нәтижелері:

Диаграмманы құру және қолдану үшін оның қандай нәтиже көрсету керектігін анықтау керек деген тұжырымға келу.

Түйінді идеялар:     

Диаграмманы құру, редакциялау және форматтау мен қатар стандартты және стандартты емес диаграмма типтері қандай мақсатта және қандай жағдайда қолданылатынын үйрену болып келеді.

Жұмыс түрі:         топтық жұмыс.

І. Кіріспе:

  • сыныпта психологиялық ахуал жасау;
  • сыныпты 3 топқа бөлу /оқушылар түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді/;
  • топ басшысын сайлау;
  • Үй тапсырмасы бойынша сынып ережесі тақтаға ілінеді;

ІІ. Өткен тақырыпқа ой тастау:

3 топ бір-біріне «Excel бағдарламасында диаграмма құру, редакциялау және форматтау» тақырыбына байланысты  сұрақтар қойып, жауап береді.

Бұл кезеңде оқушылар арасындағы диалогтік әдісті көруге болады.

ІІІ. Негізгі кезең:

  • Практикалық  жұмыс.

1-тапсырма:

  • тарих пәніне байланысты ҚР халқының өсу диаграммасын құру (сандық мәлімет беріледі)

Х (жыл есебімен)

1979

1989

1999

2009

2012

Халық саны У(жуықтап, млн есебімен)

14684

16465

14953

16402

16800

 

І топ: Диаграмманың гистограмма түрін қолдану;

ІІ топ: Диаграмманың конустық түрін қолдану;

ІІІ топ: Диаграмманың цилиндрлік  түрін қолдану;

Әр топтан 2 адам компьютермен жұмыс жасайды.

Топ басшылары өз топтарының жұмысын қадағалап отырады (уақыт ұстануы, диаграмманың дұрыс құрылуын, қауіпсіздік ережелерін сақтап отыруын бағалау парағына 2-5 балдық жүйемен бағалайды)

         Бұл уақытта топтағы  қалған оқушылар өз топтарына берілген диаграмма типтеріне ауызша сипаттама береді.

 Жұмыс нәтижесі: оқушылар 1-тапсырмадан диаграмма құру үшін орындалатын командалар мен қадамдардың орындалуын және диаграмма түрлері қандай жағдайда қолданылатынын үйренеді.

2-тапсырма:

  • қаржы сауаттылығының негіздері пәніне байланысты( 3 топқа бірдей бір аптадағы азық-түлік шығындарының дайын кесте бойынша графигін салу)

дүйсенбі

5%

cейсенбі

7%

сәрсенбі

21%

бейсенбі

5%

жұма

9%

сенбі

14%

жексенбі

39%

Топ басшылары өз топтарының жұмысын қадағалап отырады (уақыт ұстануы, диаграмманың дұрыс құрылуын, қауіпсіздік ережелерін сақтап отыруын бағалау парағына 2-5 балдық жүйемен бағалайды)

Осы тапсырмалардың орындалу нәтижесінде  АКТ әдісінің қолданылуы және оқушылардың  көшбасшылықты көруге болады.

Қалған оқушыларға Венн диаграммасын қолдана отырып, дөңгелек және сақиналы  диаграммалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтады.

Бұл тапсырмадан оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін көруге болады.

ІV. Қорытындылау: «Диаграмма» сөзіне  ментальды карта жасау. Тапсырма орындауда СТО философиясының «кластер» стратегиясы қолданылады, оның мақсаты «Excel-де диаграммалар құру» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйелеу.

Әр топтан бір адам шығып жасаған ментальды картаны қорғау арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдері қорытындыланады.

Рефлексия: /оқушылар стикерге жазады/

Жаңа сабақ бойынша қандай әсер алдың?

Нені үйрендің?

Бүгінгі алған білімің болашақта қажет бола ма саған?

 

Бағалау: формативті бағалау.

Топ басшыларының қойған бағаларын толықтыра отырып, әр тапсырмаға қорытынды жасау, тапсырманы орындаған және үй тапсырмасында белсене қатысқан оқушылар  бағаланады.  

Үй тапсырмасы:  «Диаграмма»  сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
MS Excel-де диаграмма құру
Құрама диаграмманың тұрғызылуы
Microsoft Excel кестелік процессоры
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
MS Excel- диаграммаларды құру редакциялау және форматтау
MS Excel-де диаграмма құру
Excel-дегі деректермен жұмыс істеу. Енгізу, сақтау, қорғау. Excel-дің графиктік мүмкіндіктері
Дайындалған деректер бойынша диаграммалар құру
Диаграмма құру
MS Excel бағдарламасында диаграмма құру презентация
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3188 | Қосты: Анарбаева Элмира Аббасовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык