Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру


Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру

Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру

Батыс Қазақстан облысы.

Теректі ауданы.

Подстепный ауылы.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Э.А.Узбекова. 

Математика.

Сабақтың тақырыбы: Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру; есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық.

Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі   Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ.  Үй жұмысын тексеру: №  6.

ІІІ. Білімін бекіту:  ауызша жұмыс.

  1. Көбейту кестесі жазылған карточкаларды таратып беру.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың  тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Бүгінгі сабағымызда біздер «Изумруд қаласына» сапар шегеміз. Кішкене қыз Эллидің өз елінен адасып кетеді. Еліне қайту үшін оған сиқырлы кебіс қажет. Ол оны іздеуге шығады. Оған өз ісіне көмектесейік. Ол үшін сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Ауызша талдау.  № 1. Қай ыдысқа су көбірек сыяды? Қай ыдыстың көлемі кіші?

Мұны қалай дәлелдей аласыңдар?

-         Ең жылдам салыстыру  қай әдіс? (көзбен көру)

-         Сендер өлшеудің қандай түрін білесіңдер?

-         Шаманы өлшеу үшін не керек?

-         Қорытынды жасаңдар?

-         Сыйымдылықты өлшеу үшін қандай өлшемдерді пайдалануға болады?

Ауызша № 2.

Бидонның сыйымдылығы құмыраның сыйымдылығынан қанша артық? (4 – 3 = 1(артық))

Банканың сыйымдылығы бидонның сыйымдылығынан қанша кем? (4 – 2 = 2 (кем))

№ 3. Ауызша.   (12л – 10л = 2л (үлкен))

  № 4  Ауызша. Сыйымдылығы үлкен затты ата. 1) бак;  2) жасыл қорап;  3) ожау

Сергіту сәті.    Ү. Жаңа сабақтан алған білімін бекіту.

-Эллидің жолында Ағаш кесушіні жолықтырады. Оған жүрек керек еді. Оны тек Изумруд қаласының сиқыршысы бере алады.

 Жұптық жұмыс. № 5. Кестені толтыр:

Азайғыш

40

10

400

9

600

700

Азайтқыш

30

9

0

7

200

100

Айырманың мәні

10

1

400

63

400

600

-Олаға  егіс алқабындағы Қорқыныш кездеседі. Ол кәдімгі егісті торғайлардан қорғайтын қуыншақ екен. Ол да Изумруд қаласындағы сиқыршыға барғысы келетінін айтады. –Не үшін барғың келеді?- деген сұраққа, ол: -менде ми жоқ, орнына салом салынған дейді. Изумруд қаласының сиқыршысы маған ми салып берсе деген арманы барын айтады.

№6. Амалдарды орында.

(100-44):8+43=50             6∙(36-28)-19=29           (33+15):(24:4)=8

(23+22):5∙4=36                 400: (5∙2):8=5                30∙10-(76+83)=141

-Эллидің жолында Арыстанды кезіктіреді. Ол өте қорқақ екен. Ол да Изумруд қаласының сиқыршысына барып, өзіне батылдық алғысы келетінін айтады.

№ 7.  Қосулар мен азайтулардың мәндерін тап.

Олардың жолында қалың орман кездеседі. Одан шығу үшін есептің жауабын табуымыз керек.

Есеп шығару. № 8.

Әкелінді – 360 шар.

Сатылды – 288 шар

Қалғанын  - 8 қорапшаға бөлді.- ? салынды

Шешуі:  (360 – 288) : 8 = 72 : 8 = 9

Мак өсетін жазықтан өтулері керек.

№ 9.

   600 қызыл шар – 6 қорап            Шешуі:   600 : 6 ∙ 9 = 100 ∙ 9 =  900

   9 қорап -  ? көк шар                     Жауабы: 900 көк шар

Бір кезде Отын кесушінің денесі қарысып қалады. Оған енді денесін майлайтын май керек. Май тауып беруге көмектесеміз бе?

№ 10.

3 қатар – 8 үстел                       Шешуі: 8 ∙ 3 : 6 = 4

6 орындық  - ?есе кем.              Жауабы: 4 есе кем.

Мак өскен жазық далада арыстан ұйықтап қалады. Енді оны сүйрейтін арба жасауымыз керек.

№ 11.

24м : 4 + 3 = 6см + 3 =  9см (ұзындығы)       

6см : 2 = 3см (ені)    

Р = 9см + 3см + 9см +3см = 24см

Олар Изумруд қаласына да жетті.   

Қорқынышқа ми алып беруге көмектесейік№ 12.

Отын кесушіге жүрек алуға көмектесейік.Ауызша. № 13.

 4 есе арттыр                                             4 есе кеміт

9 ∙ 4 = 36                      6 ∙ 4 = 24                            16 : 4 = 4                    28 : 4 = 7

8 ∙ 4 = 32                       60 ∙ 4 = 240                        36 : 4 = 9                    40 : 4 = 10

100 ∙ 4 =  400                                                          400 : 4 = 100

Арыстанға батылдық әперейік.Есепті шығар.№ 14.

І күні – 6 км  

Шешуі:   6 + (6 : 2) + (6 : 2 + 2) = 6 + 3 + 5 = 14

ІІ күні - ?, 2 есе кем.           ?    

Жауабы: үш күнде 14 км жол жүрді.

ІІІ күні - ?, 2 км артық

ҮІ. Сабақты қорыту:

Эллиге сиқырлы кебіс алып берейік№ 15.Ауызша .

 От жағу үшін Отын кесуші бір бұтақты 5 дециметрден үшке бөлді, ал екіншісін 3 дециметрден беске бөлді. Бұтақтардың ұзындықтарын салыстыр.

   5 ∙ 3 = 3∙ 5

№ 17. Ауызша суретке қарап көзбен салыстыру.

Сөйтіп Элли аман-есен еліне келді.

Үйге тапсырма: №  6, 165  бет.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Геометриялық фигуралар.
Теңдеудің көмегімен есептер шығару
Есеп (қанша қысқа?).
Теңдеуді шешу.
Әріпті өрнектерді салыстыру
4 санын қосу және азайту
2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Геометриялық фигуралар
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3669 | Қосты: Э.А.Узбекова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык