Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Айтыс өнер, айтыс түрлері-қайым, түре және сүре


Айтыс өнер, айтыс түрлері-қайым, түре және сүре

   Айтыс өнері, айтыс түрлері – қайым,түре және сүре.


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп, оның түрлерімен таныстыру. халық - ақындық жанр мен әншілік, ақындар, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту.
2. Тәрбиелік. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың білімдерін жан - жақты дамыту. Ата – бабаларымыздың салт - дәстүрінен көп мағлұмат беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Нота сауатына арналған кестелер, плакат, буклет. Ақындар суреті, карточкалар үнтаспа, музыка аспаптары суреттері, слайдтар.

 Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Түгендеу


ІІ Үй тапсырмасын сұрау
2/4 өлшемі дегеніміз не?
Қол қимылымен өлшемді көрсету.
«Не деу керек?» әнін мысалға алу

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылар, сендер ақынның кім екенін білесіңдер ме? Ақын өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ал енді сол ақындар өзінің суырып салма өлеңге қаншалықты шешен екендігін көрсету үшін арнайы сөз сайысына, яғни айтысқа қатысқан. Ал, айтыс дегеніміз не, балалар?
Айтыс «айтысу» деген сөзден шыққан. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болады.
Айтыстың қандай түрлерін білеміз?
1. Бәдік айтысы Ата бабаларымыз сөзбен ауруды аластап, малды емдемек болған.
2. Жар - жар айтысы. Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі. Өлең құрлысы 7 - 8 буынды.
Жар - жар әнін айтқызу
өлеңде «қаранасар» деген не мағынаны білдіреді?
Қара жібек кездеме, мата деген мағынаны білдіреді.
3. Қыз бен жігіт айтысы. Ойын - сауықта айтылады. 11 буынды. Басы қайталанып, негізгі ой үшінші, төртінші жолдарында айтылады. Әр әуенге салынып айтыла беріледі.
4. Мақал - мәтел айтысы, жұмбақ айтысы, күй тартысу айтысы, оқушылар айтысы бар.

Ал енді біз ақындар айтысына тоқталайық. Ақындар айтысына сөз өнерін шебер меңгерген суырыпсалма, тез арада жауап бере білетін ақындар қатысады. Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Айтыскер ел тарихы, жер жайын білуі керек. әсерлі болуы үшін домбыра, гармон, қобыздың сүйемелдеуімен орындаған.
Слайдтардан түрлі аспаптардың суреттерін көрсету. Ақындармен таныстыру.

Енді ақын қыздардың бірі - Сара Тастанбекқызы туралы айтайын. Сара атақты әнші, ақын Біржанмен сөз сайысына түскен. Сара Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Жастайынан сауықшыл, домбырашы, ақын, күйші қауым ортасында өседі. Әнші қыз 13 жасынан қолына домбырасын алып, топқа түскен.
Біржан мен Сара айтысы - ақындар айтысының ең үздің үлгілерінің бірі. Біржан айтыста өз халқының әдет-ғұрпын сақтап, кішінің үлкенді сыйлайтынын айтып:
«Әуелі қазақшалап көріселік,
Бері кел, жасың кіші менен гөрі»,- деген сөзіне Сара да Біржанның өнеріне ризашылығын білдіріп, қазақ қыздарына тән ізеттілікпен қолын беріп, былай деп жауап береді..
«Сара» оқушыларға тыңдату.(М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан)

Ежелден, сен басылған желді көрік
Таң қалам сәулетіңді сенің көріп, сал Біржан
Өлеңді қолқа қылсаң ағытармын,
Ендеше көрісейік қолым беріп, сал Біржан.

Аса көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаев /1913 - 1960/ «Біржан - Сара» операсын жазды. Бұл шығармада алғашқы рет қазақ халқының айтыс өнері қолданылған. Онда Біржанның өмірі, оның жас Сараға деген шынайы сезімі баяндалады. Біржан мен Сара айтысында Біржан жеңіп шығады. Екі ақынның бір - біріне деген сүйіспеншілігі пайда болады. Алайда Сара Жиенқұлға айттырылып қояды. Біржан махаббат жолында күресте қаза болады. Қайтыс болар шақта ол домбырасын Сараға ұсынады.

Сара мен Біржан тектес айтыскерлер осы сыныпта да табылады. Қазір алдарыңа Айгерім мен Райымбекті шақырып, оқушылар айтысын тамашалаймыз. Оқушылар айтысы да айтыстың бір түрі.
Оқушылар айтысы
Өлеңі: О. Әубәкіров
 

 

1-оқушы:
Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың.
Жайын біліп қояйын
Сендей салақ баланың.

2- оқушы:
Сөзді тыңда қарағым
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен лагерьге барамын.

1 - оқушы:
Қайда барсаң онда бар
Семіргенің жөн болар.
Тәртібіңнен алайда
Болмай тұр - ау оң хабар.

2 - оқушы:
Айналайын көкешім
Тәртіпті айтып не етесің?
Сендердегі Серікбай
Неге жарды шекені?

1 -оқушы:
Қай өнерің асып жүр
Қай тәртібің тасып жүр?
Сендердегі Сембай да
Сабағынан қашып жүр.
 

 


Карточка тарату.
 

 

№1 
1Ақын дегеніміз кім?
2 нотада неше сызық бар?
3 Жартылық нота нешеге саналады?
№2
Жыр дегеніміз не?
Алпамыс батыр жырынан үзінді айт.
№3
1. Терме дегеніміз не?
2. «Ми» нотасы қай сызықта жазылады?
№4
1. «Қанеки тілім сөйлеші» термесі кімдікі?
2. «Қанеки тілім сөйлеші» термесін әуенімен айт.
№5
1. сегіздік нота нешеге саналады?
2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы
№6
1. «Әр нәрсенің парқы бар» толғауы авторы
2. Толғауды жатқа айт.

 



Енді үш боймен жарысып жұмбақ айтысын ұйымдастырайық.

ІV Қорытынды, бекіту
1. Ақындар айтысына кімдер қатысқан?
2. Біржан - Сара айтысында кім жеңіске жетті?
Қандай ақындарды білеміз?

Үй тапсырмасын беру. Мақал - мәтел сайысына дайындалу. Төрт жол өлең шығару.
Бағалау

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
Күй тартыстың мәні.
М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау
Айтыс- құдіретті өнер
Қысқа қағыспа айтыс.
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы
Айтыс және көркемдік ерекшелігі
Біржан-айтыскер ақын
Айтыс ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 15574 | Қосты: Хасенова Маншук | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык