Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!


Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!

Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Асықата кенті «Жеңіс» мектеп – гимназиясының

Педагог – психологы: Тілеуова Тұмар

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!

Мақсаты:

Сан мың жылдар бойы ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен еліміздің ерен ісімен ,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған тәуелсіздіктің бізге берген жемісі еді. Шәкірттерге білім бере отырып, оларға туған топырағының сонаутереңде жатқан тарихын таныту.

Егемендіктің мәнін таныту.

Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу.

Оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды , ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Дидактикалық материалдар. Интерактивтік тақтадан суреттер көрсетіледі.

Дөңгелек үстелдің барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті Оқушылар,мұғалімдер! «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

« Әнұран» орыдалады.

Нұрсипат —Тәуелсіздік таңы

Ерасыл : Елге айналған Отаным есімі ұлы,

Аштың әлем халқына есігіңді

Зорға жеткен ардақтап осы күнді,

Түзе халқым салтың мен бесігіңді.

Тұғырыңа қонуда сан қыраның

Отан деген оранып от құшаққа

Кәусәрына шөлімді қандырамын

Сенен ғана өрбидікүш,жыр-әнім,

Қазақстан,о,менің құт тұрағым !

Жер шарына қазақтың халық атын

Тәуелсіздік туымен ұқтырамын.

Балзира Тәуелсіз ел

Қасиет ——Аспанда жарқ –жарқ жасындар,

Аққан судай зымырады ғасырлар.

Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер,

Бел-белестер,қилы-қилы асулар

Бағжан

Мен қазақпын жеті қазынам тоналғанда

Аралдай су алдым

Тәуелсіздігім оралғанда баладай қуандым

Ақан серінің құлагерімін

Әл-Фарабидің мұрагерімін

Ойран болған Отырардың

Өлмейтің куәгерімін

Батырмын дастанмын

Арманның бәрі менікі

Астындағы айлы аспанның

Амандық ———Мен қазақпын көп емеспін азақпын

Ниетіммен ақпын

Пейіліммен кеңмін

есімін киелі жердің

Егеменді ел болдық

Ұлттық намыс оянып

Құтты болсын тойымыз

Тәуелсіз Қазақстан елім

Мұғалім :

Қазақ елі-сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі,қазақ елі-асқан батырлығымен ақыл-парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың,үндіні билеген Бабырдың елі.Тоқсан екі баулы Қыпшақ тариханда Шыңғысхан шапқыншылығының өте ауыр із қалдырған,200 жылға созылған көптеген шайқастар қазақ халқы үшін ауыр зардаптар әкелгені мәлім.

Жақсыгүл  «Отырар қамалы»

Отырарым-бабам,сенсің бас иетін,

Анам сенсің терең бүккен қасиетін.

Сенің даңқың- менің мәңгі мақтанышым,

Сенің қайғы-менің мәңгі қасіретім

Ұлы Отырар қамалы,

Қайсар рухың бағалы.

Шыңғысханның соны ойлап

Түнереді қабағы

Ұлы Отырар қамалы,

Ғұмыр кештің саналы.

Сенің тұлғаң ерліктің

Үлгісі болып қалады.

Бернар

Қазақ халқының көкірегінде шер боп қатқан осы бір кезең.Туған жерінен,елінен,жұртынан айрылған кең далада жосыған халық,жоңғар шапқыншылығы.Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды,Алқа көл сұлама»деген атпен қалды.

1723 жылы жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді.

Қаратаудың қойнынан

Шықты жосып бір сарын

Күңіренте даланы

Қоңтайшы Әмірімді тез жеткіз

Алау басып олжаға

Алдымызда сүргін бар

Қан сасыған қырғын бар

Қалдырмандар ұрпағын

Мыңбасы -Құп тақсыр әміріңізге құлдық

Балнұр

Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.Еодің елдігің Ердің елдігің соңғы рет сынайтын кез келді.Жауға соққы беріп жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле билерді,батырларды батырлыққа елді бірлікке шақырады.

  Ақмоншақ  Иа бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарсақ дауысымызды мол шығарғанымыз емес пе?,қараңғы түңгі қапастан тайғанақсыз жол тапқанымыз емеспе.

Өркенім өссін десен өршіл болма

Кесапаты тиер еліне

Елім өссін десен өршіл болма

Өскенінді өшірерсін

Гүлайым

Жөн сөз ,бірі биік өрге тартса ,бірі қайқан белге тартса бірі ойпан жерге тартса күніміз түн түніміз түнек болмайма ?Жоқ босып жүрген тірліктен топтасып жүрген бірлік артық.

Бай болсаң халқына пайдан тисін

Батыр болсан жауға найзан тисін

Бай болып елге пайдан тимесе

Батыр болып жауға найзаң тимесе

Елден бөтен үйің күйсін

Төле би ——Атадан ұл туса игі

Ата жолың қуса игі

Өзіне келер ұятың

Өзі біліп тұрса игі

Мұғалім:

«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін »кең пейілді бауырмал халық бір тудың астында сабалақ атанған Абылайды хан көтерді

Қазақ билері мен хандары иек артып көмек күткен орыс патшалығы 18-19 ғ бірте-бірте өз мақсатын орындап қазақ жерін отарлап елді аздыра бастады,ел ішіне іріткі салып ұлттық қасиетімізге,тілімізбен дінімізге кеңдігімізбен елдігімізге кесірің тигізді.Оған қазақ шаруалары ызаланып көтеріліске шықты.Сырым Датұлы,Кенесары Қасымұлы,Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс-қазақ халқының тәуелсіздік жолыңдағы күресінің шыңы

Мұғалім:

1941-1945 жылдардағы адамзат тарихында бұған дейін болмаған бірлікті,ерлікті,достықты ерекше ерлікпен көрсетті.

Кеңес Одағының батырлары : М.Мәметова,Ә.Молдағалова,Т.Бигилдинов,Р.Қошқарбаев т.б бар.

«Туған жер»

Тарихымызда ерекше орны бар,бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіретті де қасиетті мақтанышымызға айналған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

Интерактивтік тақта «Желтоқсан оқиғасы»

Диас  Ақ аспанға ән боп ұшып кетті үн,

Қуаныцшқа куә болып көп күні

Күннің алтын шапағына бөленіп

Желбірей бер қазағымның Көк Туы

Тәуелсіздік шежіресі

ІІІ «Тәуелсіз Қазақстан » әні айтылады.

ІҮ Қорытынды:

Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. 200 жылға дейін патшалы Ресейдің отары, ал соңғы 75 Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербестікті де тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты. ДЕРБЕС ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТ!Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен қасіреті қаншама!

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Елбасының Президент сайлауы өтіп , оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы     қабылданды.Көп        ұлтты Республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік бостандық пен еркіндік әкелді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Қазақ билері.
Тәуелсіздік таңы атты.
Тәуелсіздік шыңы.
Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!
Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздігім-мерейім!
азаматтық парыз, борыш
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 7783 | Қосты: Тілеуова Тұмар | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык