Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс


ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс

ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

тәрбиелік – Қазақ батырларының бостандық, тәуелсіздік жолындағы күресін сипаттау арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 

білімділік – ХІХ ғасырда Қоқан феодалдарының, патша үкіметінің озбырлық саясатына қарсы қазақ қырғыз шаруаларының көтеріліске шығу себептерін түсіндіру.

дамытушылық – Қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күресін бүгінгі өмірмен ұштастыра қарастыру

Сабақтың көрінекілігі карта, сурет, кестелер: «Ойлан,ізден, тап», «Кестені толтыр», «Жылдар сөйлейді», слайд.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру сәті.
ә) үй жұмысын сұрау.

Сұрақтар

1.Қозғалыстың алғышарты: мақсаты, себептері қозғаушы күші кім

2. Көтерілістің басшысы кім?,көтерілістің негізгі оқиғалары қандай?
3. Патша үкіметі көтеріліске қарсы қандай шара қолданды, жеңілу себептері неде?

Тест: Кенесары Қасымұлы көтерілісі

1. 1836 ж. Кенесарының ағасы Саржан қай ханның бұйрығымен өлтірілді?
А)Қоқан ханы
Ә)Бұқар әмірі
Б)Хиуа ханы
  2. К.Қасымұлының саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен кім?
А)Әкесі Қасым
Ә)Ағасы Саржан
Б)Сырым Датұлы
  3. К.Қасымұлы көтерілісі Қазақстанның қай өңірін қамтыды?
А)Ұлы жүзді 
Ә)Орта жүзді
Б)Бүкіл Үш жүзді
   4.Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтандардың саны:
А)70-ден астам
Ә)80-нен астам
Б)100шақты
   5.Кенесарының патша үкіметіне ашық қарсылық білдірген уақыты:
А)1836ж.қазан
Ә)1837ж.ақпан
Б)1837ж.қараша
   6.1838ж.26 мамырда Кенесары сарбаздары:
А)Ақтау бекінісіне шабуыл жасады
Ә)Ақмола бекінісіне шабуыл жасап,өртеп жіберді
Б)Кіші жүз сарбаздарымен бірікті
    7.1844ж.көтерілісінің тарихи маңызы:
А)Сарбаздардың рухы көтерілді
Ә)Кенесарыға қойған талаптарын патша үкіметі орындата алмады
Б)А,Ә жауабы
    8.1844ж.Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздер неліктен тоқтатылды?
А)Көтерісшілер күресті жалғастыра берді
Ә)Кенесарының талаптары ғана орындалды
Б)Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады
    9.1845ж. Кенесары ауылына келген патша елшілері:
А)Долгов пен поручик Герн
Ә)Поручик Герн мен князь Горчаков
Б)Полковник Бизанов пен Лебедев
   10.Көтерілістің шешуші кезеңі басталған1845 жылы патша үкіметі өзінің саясатын қалай жүргізді?
А)Кенесары талаптарын орындауға кірісті
Ә)Халықпен жақын араласу саясатын ұсынды
Б)Қазақ жеріне жаңа бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырды

Пікірсайыс кезеңі.
Бірінші топ: «Жылдар сөйлейді » кестесі бойынша жұмыс.
Екінші топ: «Дұрысын тап» кестесі бойынша жұмыс.
Екі топқа: «Кім тез» ойыны арқылы сұрақтар беру және «кестені толтыр» арқылы үй жұмысын қорытындыладым

б) Жаңа сабақ

ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысыбарған сайын ауырлай түсті.Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліске алып келді. 
Сыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:
- Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі.
- Әскери күшпен салық жинауы.
- Бекіністер салуға Арал қазақтарын күштеп қатыстыруы болды.
- Генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті басып алуы.
Ақмешітті басып алғаннан кейін патша үкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы именденіп келген көлемді және шұрайлы жер орыс – казактары мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді.1857 жылыға дейін 300- мыңдай қазақ отбасылардың егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталды. ХІХ – ХХ ғасырлар шебіндегі жұмысшы, шаруалар қозғалыстарына, тіпті тұтас азаттық күрестің дамуына осы кезде пайда болған шағын зиялылар тобы әсер етті. 190
 5-1907 жылдары ресей революциясы жылдарында Қазақстанда болған жұмысшы – шаруа және зиялылар бас көтерулері ұлт азаттық қозғалыстар әлсіздігіне қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін саяси мектеп болды.
Бекіту сұрақтары:

1. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс қашан, қай жерде болды?

2. Орал, Торғай облыстарында болған көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер, және олардың жеңілу себептері неде?

3. Маңғыстау көтерілісінің қандай ерекшелігі бар еді?

4. ХХ ғасыр басындағы көтерілістердің қандай ерекшелігі болды?

Сабаққа қорытынды:

Үйге тапсырма: «ХІХ ғасырдың басында болған ұлт –азаттық қозғалыстар» кестесін түзу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
« Қазақ халқының ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы»
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
Араб елдері Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6826 | Қосты: Шайзан Алия | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык