Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Білімділік

Оқушыларға  зат есім  жайлы  түсінік беру. Кім ? Не? Кімдер? Нелер?  Сұрақтарына жауап беретін сөздерді түсіндіріп,  оларды сөйлем ішінен таба білуге  жаттықтыру.

Дамытушылық:

Сөзжұмбақ , ребус, жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың  есте сақтау,  сөйлеу тілін, дүниетанымын танымдық  қабілетін  дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз ойларын  ашық еркін  жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:   Эстетикалық  тәрбие бере отырып , сауатты әдемі таза жазуға, бір- біріне құрметпен қарауға, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1818 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Акманова А.Т | Уақыты: 8-12-2014, 14:59 |


Күтілетін нәтиже:

 1. Сұрақ қоя отырып зат есім туралы білімі қалыптасады.

2. Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

3.Сыни ойлауы қалыптасады.

4. Белсенділігі, ауызша сөйлеуі артады.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1454 | Жүктеулер: dop. | Қосты: ЖАНДОСОВА ЛОРА | Уақыты: 8-12-2014, 13:55 |


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • 1) Мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;
  • 2) Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру;
  • 3) Отанға, елге деген ұлтжандылық сезімдерін арттыру, ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.
Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3707 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Сарсембекова Лаура Жолмұхаметқызы | Уақыты: 8-12-2014, 11:45 |


Жалпы мақсаты

Сыни тұрғыдан ойлау  арқылы оқушылар  негізгі идеяны түсінуін, оқушылардың  қызығушылығын ояту.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.

Талантты және дарынды балаларды зерттеу

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3330 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Жанова Гулбаршын Бекесқызы | Уақыты: 8-12-2014, 11:42 |


Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық  дағдымен байланыстыру;       

Ә) Дамытушылық: Сыныптағы оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-  біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту  дағдыларын  дамыту ;

Б) Тәрбиелік:  Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой –  қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу;         

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1412 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бериккалиева Лидия Куанышбековна | Уақыты: 7-12-2014, 20:55 |


Білімділік: Оқушылардың сан есім туралытүсініктерін қалыптастырып ,сан есімдерге сұрақтар қою,олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.

Дамытушылық:   Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге,тіл байлығын,ой өрісін,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа,достыққа адамгершілікке  тәрбиелеу.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3393 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Уақыты: 7-12-2014, 15:26 |


а) білімділік: Сөйлемнің бірыңғай мүшесі туралы теориялық білім беру, оны практикамен бекіту,бірыңғай мүшенің байланысу жолдары, тыныс белгілерінің қойылуы жөнінде түсінік беру.

ә) тәрбиелік: оқушылырды адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгішіккетәрбиелеу

б)дамытушылық: шығармашылық, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру, сөздік қорын байыту, ой еңбегімен айналысуларына жетелеу.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4062 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Уақыты: 7-12-2014, 15:19 |


а) білімділік : Түбірдің бөлшектенбейтін түпкі қазық екенін, қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту

ә) тәрбиелік : өз Отанын , елін, ана тілін құрметтей білуге  тәрбиелеу

б) дамытушылық: шығармашылық танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын байыту, ой еңбегімен айналыса білуге жетелеу.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8914 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Уақыты: 7-12-2014, 15:15 |


Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Әріп дыбыстардың таңбасы. Дыбыс дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атаймыз.

 Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары тоғыз. Олар: а, ә, ө, о, ы, і, ү ,ұ..

 Орыс тілінен енген и,у,э дыбыстары кездеседі. Қазақтың төл сөздерінде и,у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+и дыбыстарының, У әрпі ұ+ү, ү+у дыбыстарының тіркесі жазылуы қи,ит, су, сурет; айтылуы-қый, ійт, сұу, сүурет.

 

  Жуан және жіңішке дауыстылар.

А                                Ә Э

О                                Ө Е

Ұ У                             Ү У

 Ы                               І   И

 

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан  дауыстылар дейміз. Олар: а, о, ұ, ы, у.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 86962 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бериккалиева Лидия Куанышбековна | Уақыты: 7-12-2014, 08:38 |


 

Негізгі үстеулер- қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.

 Мысалы: тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын.

Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулержатады.

 Мысалы:  адамша сөйледі, ақшалай берді, соншалық көп.

 

  1. «Өз орнымдамын ба?» Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жаз. Сөйлемдердегі үстеулердің астын сыз.

Жайлау ерте көктеді биыл. Арада уақыт өткен біраз. Нағашым әдеттегісінен кешігіп келді бүгін. Асан ақырын әңгімелесіп келеміз екеуіміз.

Дұрысы: жайлау биыл ерте көктеді. Арада біраз уақыт өткен. Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 9397 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бериккалиева Лидия Куанышбековна | Уақыты: 7-12-2014, 08:35 |