Үш пәннен сұрақтар қойылады, екі топ та бірдей жауап беруге болады. Сұрақ оқылмас бұрын топтар ұпай санын параққа жазып, жасырып қояды. Сұрақ оқылған соң екі топ та бірден жауаптарын параққа жазып көрсетеді, дұрыс жауап берсе ұпай қосылады. Жоғары ұпай-500. |
Фтор периодтық жүйенің II периодында VII топтың негізгі топшасында (VIIA) орналасқан. Ядросында 9 протон, 10 нейтрон бар, ядроны екі электрондық қабатта 9 электрон айналады. Фтор атомының электрондық формуласы ls22s22p5, валенттілік электрондары 2s22p5, олардың электронды -графикалық формуласы: Фтор атомының 2р-деңгейшесінде бір дара электроны болғандықтан ол қосылыстарында I валенттілік көрсетеді, ал тотығу дәрежелері — 1,0. |
Хлор – маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl2, иприт (С2 Н4 Cl)2 S, хлорпикрин CCl3 NO2 .Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады. Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен МnО2 – ге әсер етіп алды. |
Фосфордың табиғи қосылыстары фосфарит Ca3 (PO4)2 пен апатит Ca3 (PO4)2 * CaF2 . Қоректік заты мол тыңайтқыштарға қос суперфосфат Ca ( H2PO4 )2 , аммофостар ( NH4H2PO4 ) (NH4)2HPO4 ), т.б жатады. Аллотропиялық түр өзгерістері- ақ, қызыл, қара фосфордың физикалық қасиеттерімен таныстыру Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады. Ал жоғары қысымда ақ фосфор қара фосфорға айналады. Ақ фосфор CS2 мен бензолда ериді, ауада от алады, қараңғыда жарқырайды. Молекуласының кеңістіктегі пішіні тетраэдр тәрізді.Ал қызыл фосфор( P4 ) полимерлі құрылысты және органикалық еріткіштерде ерімейді. Қара фосфордың кеңітіктегі құрылысы қабаттасып орналасқан. Ол ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфорға айналады. Ақ фосфор өте улы зат, сондықтан оны судың астында сақтайды. Алынуы:Ca3(PO4)2 + 3SiO2 + 5C = 3CaSiO3 + 5CO↑ + 2P |
Картоптағы крахмалдың йодпен түсін өзгерту , түстің өзгеруі химиялық реакцияның белгісі . Мырыш пен тұз қышқылының әректтесуінен сутек газының түзіледі , газ түзілу реакцияның жүргендігінің белгісі . Ағаш жанған кездегі бөлінген жылу арқылы реакцияның бір белгісімен таныстыру. Барий хлориді мен күкірт қышқылын бір- біріне құйғанда түзілген ақ тұнбаны көрсете отырып, химиялық реакцияның тағы бір түрімен таныстыру. |
Фосфор – тіршілікпенақыл-ой элементі. Фосфор жалбыз, балдыр сияқты өсімдіктерде болады. Әсіресе балықта көп. «Философиялықтас» аталған, салқынсәулелі, жалынсызжарықшашқан фосфор элементі о баста адамденесінентабылып, оныңқұпиясыналхимиктербілген. 1715 жылыГенсингесімді алхимик адаммиынан, 1769 жылы Ганадам және жануар сүйегінен фосфорды бөліп алған. Орташасалмағы 70 кг ересекадамдашамамен 1,5 кг немесе 2,14 пайыз фосфор болады. Оның 600 г сүйекте, бұлшықетте – 35, ми мен жүйкетамырларында 12 г. Солсияқтысүйек пен оныңсыртындағысырлықұрамда да фосфор қосылысы кездеседі. Ол, әсіресе, жассәби мен жасөспірімдергеөтеқажет. |
Түтінсіз от болмайды» деген мақалдың дұрыс еместігін химия жоққа шығарады. Бұл қандай реакция. Ертедегі Египетте майлы шашты сұлулықтың белгісі ретінде болғандықтан олар шаштарын майлап қоятын. Ал адам жерленер уақытта олардың бастарына күл себу ғұрпы болған. Осы аңыз бойынша бір күні қатты жаңбыр болып, адам жерлеу кезінде, кейін адамдардың өмірінде елеулі маңызға ие болған жағдай орын алған. |
Бір кездерде химия патшалығында Су Ханшайым мен Күкірт алты валентті Ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы қуанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп оған көк лента таққанда бірден қызарып кетті, дүниеге қыз келгенін жанындағылардың барлығы үнсіз түсінді. |
Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер. Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер. |
Осы мезгілге дейін, біз оқулықта берілген заттардың дайын формулаларымен қолданып келдік. Химиялық формуланы қосылыстардың құрамына негізделе отырып құрастыруға болады. Негізінде, көп жағдайда, элементтер бір-бірімен қосылыс түзгенде арнайы заңдылықтарға бағынады. Элементердің қосылыстағы валенттігі бойынша молекуланың құрылымдық формуласын құрастыруға болады. Құрылымдық формула – молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін анықтайды. Атомдардың арасындағы байланыс саны сызықшамен белгіленеді. Мысалы:Fe2О3-қосылыс молекуласында Fe - 3 байланыс, ал О - 2 байланыс түзеді, себебі Fe 3- валентті,ал О – 2 валентті элементтер. |