Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елтаңба мен Ту туралы жыр.


Елтаңба мен Ту туралы жыр.

К. Оразбекұлы. Елтаңба мен Ту туралы жыр

Пәні: Ана тілі

Күні : 16.10.2014 жыл

Тақырыбы: К. Оразбекұлы. Елтаңба мен Ту туралы жыр.

Мақсаты: Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыру. Шығарманы талдауда сұрақтарға жоғары деңгейде жауап бере отырып, проблеманы анықтап, оны шеше білуге үйрету.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, Ана тілі оқулығы 2011 жыл, АКТ көздері, электронды оқулық.

Күтілетін нәтиже: Өзін-өзі реттеу дағдысы қалыптасады. Проблеманы анықтауда және шешуде ашық сұрақтарға жауап бере алады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А3, А4 форматтағы қағаздар, маркер,стикер,бағдаршам көздері, слайд.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау «ББТЗО» кестесі, интербелсенді оқыту , Көшбасшылық және АКТ-ны қолдану. Оқыту үшін бағалау. Өзін-өзі реттеу.

Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, ана тілі оқулығы, әдістемелік жұмыс, А.Әлімов «Интербелсенді оқытуды ЖОО-да қолдану тәсілдері».

Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті. Оқушы әрекеті

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу. 2 минут Шаттық шеңберін құрастыру. Оқушыларды «Атом-атом, молекула-молекула» тренингі арқылы төрт топқа бөлу. Бір-біріне сәттілік, қуаныш тілейді.
Оқушыларды «Атом-атом, молекула-молекула» тренингі арқылы топқа бөлінеді. Орындарына орналасады.

ІІ. Проблеманы анықтау кезеңі. Мотивация.

4 минут Ой қозғау. Тараумен таныстырады. Ассосация құру арқылы тараудың мақсатын анықтайды.
Слайд арқылы ребус шешу.
Тақырыпты табу. Оқушылар тараудың тақырыбына ассосация құрастырады. Негізгі ойды табады.
Оқушылар ауызша ребусты шешіп, тақырыпты табады.
«ББТЗО» кестесін толтыру. 3 минут

Ашық сұрақтар.

3 минут Елтаңба мен ту туралы мен не білемін?
Нені білгім келеді?
Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?
Нені зерделеу керек?
Одан әрі не істеу керек? Кестені толтырып нақты мақсатты анықтайды.
Миға шабуыл. Жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдану.
Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларын атаңдар. Рәміздерді қай жерде, қалай қолданамыз? Оларды кез-келген жерде таптамай, күтіп ұстау үшін қандай іс-шаралар жасалып келеді?

ІІІ. Проблеманы шешу кезеңі. Білім құрастыру.

15 минут Оқулықпен жұмыс. Оқылым стратегиясы.
Мәтінмен танысады..
Тыңдалым стратегисы.
Оқушылар тыңдайды.
Айтылым стратегиясы.
Мәтін желісі бойынша баяндау.

Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
Басқа оқушылар тыңдайды.
Мәтіндегі айтылған ойды айтады.

ІV. Проблеманың шешімін қолдану кезеңі. Түсінікті дамыту.
10 минут Мәтіндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын талдау. Байланыстырып сөйлеу. «Мақалды аяқта» ойыны

Оқушылар жасырын сөзді тауып мақалды аяқтайды.
Мағынасын талдап айтады.
Бейнефильм көрсету. Саяси жаңалықтармен таныса отырып өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Жаңалықтарды тыңдайды.

Ой толықтырады.
Постермен жұмыс. Оқушыларға білімдерін пысықтау және көрсету мақсатында постермен жұмыс жасау беріледі. 1-топ. Елтаңба туралы не білдіңдер?
2-топ. Ту туралы не білдіңдер?
3-топ. Мәтіндегі мақалдарды және мәтіндегі ойға сай мақал тауып жаз.
4-топ. Елтаңба мен туды суреттеу.
Диалог құру. Оқушыларға мәтін бойынша диалог құруға тапсырма береді. Оқушылар диалог құрады. Пырақ пен қыран арасындағы диалогті жасайды.

V. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. 3 минут Сен не алдың?

Не үйрендің?
Өлең қалай құрастырылған?
Ұйқас түрі қандай?
Кері байланыс. «Қосу, алу, қызықты» «Қосу, алу, қызықты» кері байланысын өткізу. Өздеріне не алды, не артық, не қызық болғанын жазады.

VІ. Бағалау. Оқыту үшін бағалау. 1 минут. Мақсаттарымызға жеттік пе?

Топпен бағалау жасайды. «Бағдаршам» арқылы бағалау.

Мұғалім жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: мәтіндегі негізгі ойды табу. Автор не айтқысы келді?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
С. Сейфуллин. Ақсақ киiк. Ана тілі
С. Мұқанов. Көкшенiң көрiнiсi
Диалогті оқыту. Зерттеушілік әңгімеге тартуда ашық сұрақтар қою.
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Ұзынсары
Бейнелеуіш еліктеу сөздер
Электрондық кесте ұғымы. MS Excel редакторы
Мен соғысты жек көрем!
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 7562 | Қосты: Шаргабаева Жанаргул Сағынбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык