|
|
Жаңа технологиялар элементтерін пайдалану арқылы буын және буын түрлерін меңгерту
Құралбаева Г.Е.
ОҚО, Шымкент қаласы
«Сәлем» жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Фонетика – тілдің дыбысты жүйесі туралы ілім. Орта мектептерде фонетика грамматика курсының бір саласы болып өтіледі. Мектеп курсында фонетика көлемі жағынан морфология мен синтаксиске қарағанда шағын, ол –бесінші класта оқу жылының басында өтіледі.
Көлемі жағынан фонетика шағын болғанымен,грамматиканың басқа салаларын (морфология, синтаксис) өткенде, солармен байланысты ұдайы қайталанып отырады. Сонымен бірге фонетика емле, сөз дамыту, мәнерлеп оқу жұмыстарымен тығыз байланысты.
Оқушылар буын туралы бастауыш мектепте оқиды. Буын туралы сол бұрын білетіндерін еске түсіру арқылы қайталанады. Буынды сөздің бөлшегі есебінде және практикалық жағынан сөзді екінші жолға тасымалдау үшін білу қажет.
Оқушыларға буын туралы мағлұмат бергенде, алдымен бір буынды, екі буынды сөздермен таныстырып (ал, кел, же, іш, ба-ла т.б.), сонан соң көп буынды сөздерді буынға бөлдіріп үйретеді. (те-ре-зе, о-ра-мал, мек-теп-те-рі-міз-де т.б.). Ең соңынан құрамында екі-үш дауыссыз дыбыс келетін сөздер үйретіледі. (стол, ант, гүрс, қант т.б.).
Буын туралы алған білімдерін бекіту үшін, мына сияқты жаттығу жұмыстары жүргізіледі:
- Сөздерді буынға бөліп, арасын сызықпен белгілеу;
- Мәтіннің ішіндегі сөздерді буынға бөлдіріп, екі дыбысты буынды бір сызықпен, үш дыбысты буынды екі сызықпен астын сыздыру;
- Мәтіннің ішіндегі бір буынды, екі буынды, үш буынды және төрт буынды сөздердің әрқайсысын топқа бөліп жаздыру;
- Бірнеше сөз жаздырып, сол сөздерді екінші жолға тасымал жасау үшін бөліп көрсету. Мұндай сөздер көп буынды немесе құрамында бірнеше дауыссыз дыбыстары бар буындардан құралған арнайы мысалдар болады. (жарқ ету, ұйықтап оянды, циркте т.б.).
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы –деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.
Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.Оқушының дайындық деңгейін саралау , оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс- әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып,әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру,тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік-компетенттік тәсілге бейімделуіне мүмкіндік береді. Мектептегі оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс. Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн. Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет. Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
ІІ деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөл.
Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.
Шығармашылық тапсырма «Адасқан буындар»
Берілген буындардан мағынасына қарай сөздер құрау (ба, қа, та, ша, йық, тыр, шу, ән, үй, кеш, теп, би, те, рек, пан, ша, ңіз т.б.
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
ІІ деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөл.
Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.
Сатылай кешенді» технологиясы. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауға және сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Пәнаралық байланыс жасап,сабақты жаңа қырынан ашып, оқушыны жалықтырмай жаңа білім игерілуіне мүмкіндік туғызады.
|
Сабақ берудің жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыруға тырысамыз. Жаңа әдістердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады. Түрлі дидактикалық, грамматикалық ойын жаттығуларының түрлері мен әдістері сабақтың белсенділігін күшейтуге зор пайдасы бар. Жаңа әдістердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады.
Сондықтан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде мектептерде сабақтың формаларын ауыстырып, балалардың тақырыпты тез меңгеруіне қол жеткізу мақсатында ойын элементтерін, жаңа технологиялар мен әдістерді пайдаланып сабақ өткізу арқылы мұғалім тіл үйретуді біршама жетістіктерге қол жеткізері анық
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы: «Ғылым» 1999жыл. 72-75бет, 196-209 беттер
- С. Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» Алматы 1999жыл
- Кенжеғали Кенжебаев, Әмір Оралбай: «Құдайберген Жұбанов» деректі ғұмырнама «Ана тілі» ЖШС Алматы 2000жыл 282 бет
- Б.Құлмағанбетова, А.Исанова, М.Исинғарина, П.Айтжанова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы «Білім» 2000жыл
- «Білім Шапағаты апталық қоғамдық- педагогикалық» газеті
- Д. Әлімжанов, Ы. Маманов «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы: «Мектеп» 1965жыл
- Исабаев Ә. «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері».-Алматы: Қазақ университеті,
- Оразбаева Ф.Ш. «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі».-Алматы:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |