|
|
Дене тәрбиесі сабақтарында жаттығу құралдарын пайдалану
А.Қ. Жүніс Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Аграрлы-техникалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы
Қазіргі кезеңде оқушылардың физикалық дайындығына қатаң талаптар қойылуына орай, оқытушылардың алдындакүрделі міндеттер тұр. Ол міндеттерді жүзеге асыру жаңашылдықты, жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базаны оқытуға арналған техникалық құралдарды қажет етеді.
Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде сабақ үрдісінде кеңінен қолданылатын көп деңгейлі «Отырар» тренажеры бар. Бұл құралдарды қолдану әдістемелік қажеттілікті өтеуге әбден қолайлы, оқушылардың кермеге тартылу, етбеттеп қолды бүгіп-жазу, шалқалап кеуде көтеру тәрізді дағды қалыптастыру жаттығуларын меңгертуге таптырмайтын көмек екені даусыз. Оқу орындарында тренажер залының болуы-заман талабы. Оқушылардың физиологиялық дамуына негізделген ретпен орналастырылған тренажер құрылғылары оларды сабақ барысында тиімді пайдалана білу, оқушылардың физикалық қасиеттерін жетілдіруге, дағды қалыптастыру жаттығуларын меңгертуге, практикалық сабақтарды мақсатты жүргізуге өте тиімді.
Бұл жағдайлар мұғалімнің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Оқушылардың белсенділігі артады, оларға өзбетінше жаттығу түрлерін меңгеруге және үйренген жаттығуларын шындауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кеңесіне жүгіне отырып, бұлшық еттерге түсетін жүктемені және жұмыс кестесін оқушы өзі таңдайды. Оқытушы оқушыны сырттай бақылап, қажет кезінде түзетулер жасап, нұсқаулар береді. Арнайы тренажерларда жаттығулар орындау барысында оқушылардың бойында өз бетінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Әрбір оқушының бүкіл сабақ бойы жеке тапсырмамен жұмыстануы оқу топтарындағы тәртіптің қалыптасуына ықпал етеді.
Жылдамдық-күш дайындығында, биіктікке секіруді үйретуде аяққа, белге байлайтын арнайы резеңкелерді пайдаланымыз. Күш-төзімділік дайындығында, кермеге тартылу, етбеттеп қолды бүгіп-жазу жаттығуларын үйрену мақсатында зілтемірді жатып көтеру құрылғысын қолданамыз. Бұған қосымша осы жаттығуларға арналған арнайы құрылғылар да бар. Аяқ бұлшық еттерін дамытуға 2 тренажер; Аяқпен жатып көтеруге және отырып-тұруға арналған, бұл мақсатта зілтемірді де, арнайы резеңкелерді де (жгут) пайдалануға болады. Бел, іш бұлшық еттерін дамытуға арналған құралдар, статикалық, динамикалық жаттығулар орындауға арналған тренажерларымыз бар. Оқушылардың қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған сабақтарды «айналымдық» (круговая тренировка) әдіспен өткіземіз.
Оқушыларды құрылғылар санына байланысты топтарға бөліп орналастырамыз. Мұғалімнің «Ауысамыз»- деген командасынан кейін оқушылар бір тренажердан келесісіне ауысады. Жас ерекшеліктеріне, физикалық дайындықтарына, жынысына сәйкес оқушылар бір немесе екі айналым орындайды.
Күш-төзімділік қасиеттерін шыңдау мақсатында қимылды бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданамыз. Жүктемені оқушы тек қана 8-10 реттен артық орындай алмайтындай етіп саламыз. Егер оқушы сол жаттығуды 12-15 рет орындайтын болса, жүктемені сол күйі қалдырып, жаттығуды күрделендіріп, оқушы тек қана 6-7 рет орындай алатындай жағдай жасаймыз. Тренажерларды гимнастика тарауында да, аздап спорттық ойындар тарауында да қолданамыз. Гимнастикалық қабырғаларда жаттуғылар орындап, арқанға өрмелеу әдістерін үйретеміз. Арқанға өрмелеу қондырғысына 10 арқанға дейін ілуге болады. Залда баскетбол қалқаны, себетімен орналасқан. Волейбол торы керілетін құрылғы қондырылған. Кіші аяқ добына арналған қақпаны оқушылардың көмегімен өзіміз жасадық. Себетке дапты дәл лақтыруға машықтану, волейбол добын жоғарыдан қадап соғу, допқа тосқауыл қою, допты қозғалыста аяқтың ішкі жағымен, үстімен тебуге, допты тоқтатуға т.т әдістерге машықтану түрлері дене тәрбиесі сабақтарында күнделікті қажетті іске айналған.
Колледж спорты алаңында 60м, 100м, 400 метрге, қашықтыққа жүгіруге арналған жүгіріс жолдары, ұзындыққа секіруге арналған сектор, дискі, найза лақтыруға, ядро серпуге арналған секторлар жасақталған. Футбол алаңы бар. Алаңның бір шетіне кермелер, брусья орналастырылған.
Біздің колледжде дене тәрбиесі сабағы мен спорт үйірмелерін жүргізуге барлық жағдай жасалған. Тренажер залында 11 арнайы құрылғы орналасқан. Стандартқа сай жабдықтардан; керме, құлақты ат, құлақсыз ат, күрес матылары, гимнастикалық матылар, стол теннисі, спорт ойындары тарауы бойынша сабақ өткізуге доптар жеткілікті. Жеңіл атлетика тарауы бойынша: биіктікке секіруге арналған құрал, эстафета таяқшалары, найзалар, дискілер, ядролар, гранаталар бар.
Колледж спорт залы (11,50х23,50) жаңа оқу жылына күрделі жөндеуден өткен. Ұлдар, қыздар киім ауыстыратын бөлмелерде заманауи душтар, әжетханалар жұмыс істеп тұр. Спорт залдың жоғары деңгейде жабдықталуына колледж әкімшілігі көп көңіл бөледі.
Материалдық-техникалық базаның деңгейіне сай, оқушылардың дайындық деңгейінің арта түскенін Президенттік сынақ нәтижелерінің көрсеткіштерін орындаудағы жетістіктерінен, аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан алған орындарынан көруге болады. Атап айтсақ палуанымыз Н.Амангелдиев Қазақстан Республикасы чемпионаты алдындағы облыстық іріктеу біріншілігінде 58 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды, кіші аяқ добынан қақпашы Ә.Серғалиева аудан құрамасы сапында мектеп оқушылары мен колледж оқушыларының облыстық спартакиадасының чемпионы болып, қақпасына бір гол жібермей, «үздік қақпашы» атанды. Боксшымыз Ә.Ақмурзин облыстық жарыста ІІ орын, Шымкент қаласының ашық біріншілігінде І орын, Бүкіл Ресейлік ашық біріншілікте ІІІ орын, Жүмекен Нәжмеденовтің мерейтойына арналған республикалық турнирде І орын алды. Жаттығу залында қалыптастырған дағдыларын әскер қатарында шебер қолданып жүрген түлектеріміз де баршылық. Соның айғағы ретінде «Хабар» телеарнасында жүргізілетін «Айбын» бағдарламасында біздің түлегіміз Сахипов Елдосты «Үздік жауынгер» ретінде арнайы репортажда көрсетті. Шамұратов Асхат деген түлегіміз Ақтау қаласындағы әскери-теңіз институтын бітіріп,мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Коледж спорт залына бос уақытын спортпен ұштастыруға ауыл жастары да көптеп келеді. Оқу топтарына арналған үйірмелерден бөлек, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің балалары да жаттығады. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес үйірмесі оқу жаттығу сабақтарын біздің залымызда өткізеді. Біздің спорттық базамыз тек қана колледж мүддесі үшін ғана емес, Бүкіл аудан орталығы тұрғындарына салауттылықты насихаттау жұмысымен айналысуда дегенді нық сеніммен айта аламыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |