Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен - заманауи ұстазбын!


Мен - заманауи ұстазбын!

Эссе  сайысы

Мен - заманауи ұстазбын!

 «Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға  жетпес  байлығы»

Н.Ә. Назарбаев.

 Абай атамыз  айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз  ұстаз – тұл »деп адам  баласының кісі  болып қалыптасуы  көбінесе  ұстазға  байланысты деп  ерекше  атап  өткен.  «Мұғалімдік  мамандық  - бұл  адамтану,   адамның  күрделі  және  қызықты , шым  - шытырығы  мол, рухани  жан  дүниесіне  үңіле  білу,  адамның өмір  бойы   білім  алып, оны  шәкірттеріне  жеткізе айтып  беру  бұл ұстаздық  қасиеттің ең  жоғары жетістігі болып  табылады». Сондай ұлкен ұғымдағы  ұстаздық қасиетке  барынша  адалдық танытып, бар  ғұмырын ұстаздық саласына  арнау әрбір  адамның  қолынан  келе бермейтін іс.

Бүгінгі  таңда  бізге, мұғалімдерге , ең  қажеттті  нәрсе – заман  талабына  сай лайықты  жаңа  адамды  қалыптастыру, тәрбиелеп  өсіру. Заман  күннен  күнге   дамып, өркендеу үстінде. Олай  болсай, біз  алдымызда  тәрбиелеп  отырған шәкірттерімізге   адамгершілік  пен  өз  еліне сүйетін  ұлтжандылық қасиетін  қалыптастырып, оны бар  асылындай қадірлей  білетін, өткенін  бағалап, болашағына  зор сеніммен қарай білетін  ең жақсы қасиеттерді уйрете  білуіміз  қажет.

Ұлтымыздің ұлағатты  ұлы  А.Байтұрсынов  « Білім  біліктілікке  жеткізер  баспалдақ, ал  біліктілік сол  білімді  іске  асыра  білу  дағдысы»- деп, білім  мен  біліктілік  жайлы  үлкен  ой  айтқан.

Елбасы  Н.Ә Назарбаев  айтқандай  бүгінгі  күнде  барлық мұғалімдердің басты  ұстанымы  немесе қағидасы  ол « өмір бойы білім алу».Егемен  еліміздің көшін  бастаған  кемеңгер президентімізбен  толық  келісемін.

Мұғалім  қандай  болса,  сондай  hәм  доссындай  болмақшы. Яғни, мұғалім  білімді  болса,ол  мектептен  балалар көбірек  білім  алып  шықпақшы.Солай  болған  соң,ең  әуелі  мектепке  керегі,  педагогика  әдістемесінен  хабардар, жақсы  оқыта  білетін  мұғалім – керек  деген   ғұламалар. Мұғалім сөзімен, ісімен,мәдениетімен, білікті  білімімен, ұйымдастырушылық  қабілетімен, балалармен  тіл  табысушылық  қасиетімен, асқақ, өз кәсібін  қадірлеген  ұстаз  ғана педагогтың  мәртебесін биік  ұстай  алады.Қазіргі  қоғамда  керекті  осынадай  ұстаздар. 21-  ғасыр  бұл ақпараттық  қоғам  дәуірі технологиялық  мәдениет дәуірі. Замануи  ұстаздық қызметтің қыры мен  сыры  мол,сондықтан да ұстаздар  өз ісінің  әрбір тетігін  жетік  меңгеру, игеру  жолында  кәсіптік  шеберлікті  толық  меңгерсе  ғана,бүгінгі  қоғамымызды  байытытын, дамытатын,жаңартатын мол  мүмкіндік  ашылатыны  күмәнсіз.

Ел  болашағы  жақсы  болсын  десе, «ұстаздың жағдайын  жаса» - демекші  өз ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын  заманауи ұстазадар ешқашанда білімнің туын төмен  түсірмеуі тиіс.

Ендеше, мен  де  әрдайым оқушыларыммен  бірге  болып, оларды  тек  қана алға  жетелеуді  мақсат  етіп  қоюдамын

Искакова Орынбасар Сеитовна

 /Изобильный  ауылының орта  мектебі/


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Эссе
Мен-ұстазбын
Мен және менің мамандығым
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз туралы бірер сөз
Мұғалімнің кәсіби болмысы
«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз».
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 14127 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз