Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қазақстан Республикасының тілдер заңының» жүзеге асуы туралы.


«Қазақстан Республикасының тілдер заңының» жүзеге асуы туралы.

«Қазақстан Республикасының тілдер заңының» жүзеге асуы туралы.

Қ.Ж.Қайрмденова Фрунзе атындағы мектепке дейінгі шағын  орталығы бар орта мектеп - гимназиясының қазақ тіл  мұғалімі

1 санатты

Үштөбе  қаласы

Қаратал ауданы

«Қазақстан Республикасының тілдер заңының» жүзеге асуы туралы.

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. 
Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, 
өз тілімізді құрметтеу отаншылдық 
рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба 
алдындағы ұлы парызымыз да ........... 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.


Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасы жасалынып талқыға ұсынылғаны да баршаңызға аян. Бүгін шын мәнінде ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен үлес болып қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. 
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. 
Тілдерді қолдану мен дамытудың міндеттері: 
1. Мемлекеттік тілді оқыту әдістерін жетілдіру; 
2. Мемлекеттік тілді оқыту процесінде ынталандыру; 
3. Мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру. 
Арнайы түзету мектеп-интернатында «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық, материалдық, техникалық, әдістемелік көмек жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес мектепішілік арнайы қазақ тілі бағдарламасы құрылған болатын. Бағдарламада «Құжаттар мен есептерді мемлекеттік және орыс тілінде орындау», «Қазақ тілін беруді қазіргі заман талабына сай жүргізу», «Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында қазақ тілін оқыту үйірмесі жұмысының сапасын арттыру», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін оқып үйрену», «Қазақ тілі күндерін өткізу», « Сынып бұрышында қазақ тіліне арналған сөздіктің жұмысын қайта жаңғырту», Қазақ тілінің апталықтарын тиімді өткізу» іс-шаралары құрылып, өз деңгейінде өтіп жатыр. Барлық мектеп ішілік құжаттар екі тілде жүргізілуде. 
Тілдер бағдарламасына сәйкес өткізілген мектептегі іс-шаралар: 
1. Әр сәрсенбі «Қазақ тілі» күні деп есептеледі. 
2. Басқа ұлт мұғалімдері мен тәрбиешілеріне әр тоқсан демалысында «Қазақ тілі» үйірмесі өткізіледі. 
3. Қазақ тілі пәні тиісті деңгейде жаңа технологияларды қолдану арқылы өткізіледі. 
«Қазақ тілі» үйірмесі бастаушы, жалғастырушы 2 топқа бөлініп өткізіледі. Бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін өздеріне беруге болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер материалды іздеу барысында әр түрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда -жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасумен айналысамыз. 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат-мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі болмақ. 
Тілдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шаралар өткізілді. 
1. «Ойлан тап» сайысы 
2. «Сөз мәнері» жарысы 
3. Ашық сабақтар «Жұрнақ», «Жіктік жалғау», «Жалқы және жалпы есімдер», 
4. «Ел тірегі - жер тірегі» атты тәрбие сағаты 
5. «Тілашар», «Қазақша сөйлеп үйренейік» қабырға газеттері 
6. «Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қазақ тілін үйретудегі ойын технологиясын пайдалану» баяндама 
7. «Тәуелсіздік белестері» тәрбие сағаты 
Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.«Ойлан тап» атты сайыстарында өзге тілді ұлт оқушыларының мемлекеттік тілге деген құрметін, тілді білуге деген ынталығын интерактивті тақтаның көмегімен көрсетті. Бұл сайыста оқушылар екі топ болып бөлініп,өзінің арлықтарын, тапқырлықтарын, білімдерін көрсете білді. 
Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. 
Қазақ тілі сабағы – жаңа технологиялар арқылы жүргізіледі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі. 
Қазақ тіліндегі жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. 
Компьютер –қазақ тілі мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады. 
Қазақ тілі сабағында тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз білімін толықтыруға жәрдемдеседі. 
Сонда, қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: 
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады; 
– интерактивті тақтаны еркін қолданады; 
– сабақта уақыт та үнемделеді; 
– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды; 
– есте сақтау дағдылары дамиды; 
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. 
Қазақ тілі сабағындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. 
Сабақ барысында ActivStudio мүмкіндіктерін қолдануға болады. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Мысалы, кіріспе бөлімінде Power Point бағдарламасын немесе электрондық оқулықтарды қолдануға болады. 
Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру болды. 
Дамытушы ойындарды оқушылар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады.
Интерактивті тақтамен өткен сабақтардағы тапсырмаларды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де балаларды білімді игеріп оны басқа да практикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады. 
«Менің Астанам» өлеңін тыңдай отырып, «Астананың көрікті жерлері» атты тұсаукесерді (презентацияны) оқушылар тамашалады да, алған әсерлері бойынша Астана тақырыбына «Бес жолды өлең құрастырды». 
Менің ойымша, кез-келген шығарманы талдамас бұрын, оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалануға әбден болады. Ол әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 
Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасуына ерекше мән бере отырып, тіл арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу басты назарда болуы тиіс. Яғни ТІЛ – ТҰЛҒА – МӘДЕНИЕТ қағидасы негізінде баланың үйлесімді дамуына қатысты қажеттіліктерді тіл арқылы беру, үйрету басты мәселе саналуы тиіс.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі
Жаңа технологиялар қазақ тілі сабағында
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Қазақ тілі сабағында 7 сынып
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Білім сапасын арттыру жолдары
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3220 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз