Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ


ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Байгонысова А.М.

Қазіргі таңда көптеген адамдар өздері үшін, бүкіл дүние жүзіндегі компьютерлерді біртекті ақпараттық кеңістігіне біріктіретін, Internet атаулы ғаламдық желіні аша алады. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып, сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Өткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап кең қолданыла бастаған Интернетті пайдаланушылар саны күннен күнге көбейіп келеді, ал жаңа ғасыр басында оған 5 млн. шамасында компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. 2010 жылы сарапшылардың пікірі бойынша Интернет қолданушыларының саны 2 млрд. болды.

Дисплей жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты өзгеретін парақтар (өлшемі өзгереді және терезелердің өлшемдері әртүрлі бағытта өзгереді) арасындағы таңдау мәселелері және өлшемі бойынша тұрақты (құрастырушыға парақ өлшемдерін жақсы басқаруға жағдай жасайды) дисплейлерді ажырата білу керек. Әрбір тәсілге арналған арнайы аргументтер бар. Әлбетте, олардың әрқайсысына қолдаушы және қарсы себептер табуға болады.

Әмбебап парақтар құрастыру. HTML-файлдарда мәтіндер және элементтер броузердің бір терезесіне орналасады және дисплей өлшеміне тәуелсіз енгізілетін кеңістікті толық толтырады. Егер броузер терезесінің өлшемі өзгерсе, жаңа өлшемдерді қабылдау үшін элементтер қайталанып шығады. Web негізі осыған негізделген. Көптеген дизайнерлер парақтардың кеңейту қосымшаларын және web-терезелерін сығуды сақтау үшін әдейі жұмыс істейді. Мұндай тәсілдерде өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Артықшылықтары :

 Шындығында web-парақтардың дисплейлерде әртүрлі жұмыс режимдері болады; әмбебап парақты кезкелген дисплейде экранға шығаруға бағыттауға болады;
 дисплейдің барлық кеңістігін толтыру, пайдасыз бос орындардың болмауы, құрастырушыларға парақтарды берілген өлшемде жасауға мүмкіндік береді;
 әмбебап парақ дизайндары табиғи түрде алaтын ортасына жақын. Осындай стандарттарға сәйкес, "жақсы" деп көптеген пайдаланушыға бірден қолдануға болатын парақтарды айтуға болады.
Кемшіліктер:
 өте үлкен дисплейлерде жол ұзындығы өте сиымсыз болуы мүмкін, ал мәтін броузер терезесінің барлық енін толтырыды. Ұзын жолдар, әсіресе, экраннан оқуда ыңғайсыз, сондықтан, терезенің, немесе фрейманың ендерін мәтіндермен толтырғанда көптеген пайдаланушыларға оқу шарттары өте төмендейді;
 үлкен дисплейлерде элементтер экранда мейлінше үйлесімді салынады, ал кіші дисплейлерде олар міндетті түрде құрылым кемшіліктерімен шығады;
 әмбебап дизайн нәтижелерін алдын- ала айтуға болмайды, және әрбір қолданушының парақтары әртүрлі болып көрінеді.
Бекітілген өлшемдегі парақтарды құрастыру. Парақтарды құрастыруда жеткілікті тексерулер жасау үшін, оған бекітілген өлшемдегі парақтар құрып көру керек, және олар дисплей өлшеміне байланыссыз, немесе терезелердің өзгерісіне тәуелсіз барлық қолданушыға тұрақты болуы керек. Мұндай тәсілдер баспа жұмыстарын ұйымдастыру негізінде жасалынған, себебі оларда тұрақты сеткаларды(терезелерді) қолдап отыру керек, парақтардағы элементтердің қатынасы ескерілуі, және де жолдардың ұзындығы ыңғайлы болуы керек [1].

Артықшылықтар:

 парақтар дисплей өлшеміне байланыссыз бірдей болып көрінеді. Бұл өз басымдылығын барлық тұтынушыға көрсетуге ұмтылатын компаниялар үшін өте маңызды;
 парақтар және бекітілген ені бар бағандар ұзын жолдарды басқаруды қамтамасыз етуде. Үлкен дисплейлерде қарағанда жолдар өте үлкен болып көрінбеулері үшін таблицаларды қолданған дұрыс.
 Кемшіліктер:
 егер броузердің берілген терезесі парақтың сеткаларынан кіші болса, парақтың кейбір бөліктері көрінбейді және горизонтальдық айналдыруларды талап етеді. Ал олар экрандағы кедергі( экранның таза болмауы) есебінде қабылданады, сондықтан да мұндай жағдайлардан аулақ болған дұрыс. Дұрыс шешімдердің бірі – көпшілікті қанағаттандыратын парақ өлшемін таңдауда мұқият болу;
 бұрынғыдай браузерлердегі шығарылатын таңбалардың өлшемдерін бақылау күрделі, сондықтан үлкен және кіші өлшемдегі элементтерді араластырғанда алдын- ала айтуға болмайтын жағдайларға кез болуымыз мүмкін, ал олар құрастыру кезінде жиі кездеседі;
 парақтағы бейнелеулерді толық бақылау басқаша айтқанда пайдаланылатын ортаға қарсы болумен бірдей. Web – баспа орны емес, оның өзіндік жақсы жақтары мен ерекшеліктері бар. Әмбебап дизайн стратегиясын қорғаушылар web-те бекітілген өлшемдері бар парақтарға орын жоқ деп айтады.
Аралас web-парақтарын құрастыру. Әрине, Web-парақтары толық бекітілген, немесе әмбебеп болуы міндетті емес. Екі тәсілді біріктіретін парақ құрастыруға болады.
Оның белгілі бір тәсілі кестелерді пайдаланып бекітілген өлшемдегі парақ құрастырылады, ал онан соң парақта оны үлкен дисплейде шығару кезінде тепе-теңдік жағдайында болытын етіп орталықтандырады (экранның оң жағында бос орындар әсерінен қашу үшін). Бұл тәсілді қолдануда кестелерді келбеттік бейнелерде салыстырмалы дәл орналастыру мүмкін емес.
Басқа тәсілде бағандардан (немесе фреймдер) тұратын таблицалар, немесе фрейм топтары аралас абсолюттік және салыстырмалы өлшемдермен беріледі. Бұл жағдайда терезе өлшемін өзгерткенде, бір баған, немесе фрейм өзінің бұрынғы енін сақтайды, ал бұл уақытта қалғандары өз өлшемдерін өзгертіп қалған орындарды толықтырады.
Сайтты көбіне қандай броузерлер пайдалатынын анықталып, оны құрастыруда HTML және Web-технологиясының қандай тәгтерін пайдалану туралы шешім қабылданады 

Функциональдық мүмкіндіктері бойынша блаузерлердің айырмасы бар, бұл мәселені шешуге әртүрлі тәсілдер ойластырылды. Әлбетте, сайттарды қолдайтын "дұрыс" қолдау тәсілі оның қолданылу ортасы мен аудиториясына байланысты екеніне ешкімнің де күмәні жоқ.
Қарапайым парақтарды жасау. Пайдаланушылардың аздаған бөлігі web-параққа ену бәріне бірдей деп есептейді. Және де олар, парақтың сыртқы көріністері соңғы пайдаланушының еркінде деп есептейді, ал негізгі құрастырушы автор ескерілмейді. Олар тек қана сенімді, тексерілген стандарттарды біледі деген сөз және парақтар барлық броузерлерде жұмыс істейді деп есептейді. Тағы да басқа құрастырушылар басқа көзқарастарды ұсынады. Олар парақтарды ең соңғы және жаңа броузер нұсқалары үшін құрастырады. Және де тек соңғы броузерлер нұсқаларымен ғана жұмыс істейтін авторлар бар. Мұндай тәсілдер тек интернет желісі жүйесінде ғана ақталуы мүмкін екенін атап айтқан дұрыс.

Айырмашылықтарды бөлу. Көптеген дизайнерлер тез келісімге келуге ұмтылады. Дизайнерлер арасында Web-парақтар туралы мынадай ойлар тараған, және ол "ыдыратушылар" ("degrade gracefully"). Жаңа технология¬ларды пайдалану, мысалы, DHTML немесе JavaScript, олар парақтардың жұмыстарын қамтамасыз етеді және бұрын ертеде пайда болған броузерлік нұсқаларды үнемі жаңартып, жетілдіріп отарады [3].

Сайттарды жасауда өте керек жол – сайттардың әртүрлі тұтынушыларға керекті бірнеше нұсқасын жасау. Кейбір сайттарда тұтынушы өзбетінше қандай нұсқаларды пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды. Қолданушылар сайтқа кірер алдында таңдаулар жасайды және де нұсқаларды таңдау ондағы әсерлер жиынына және қарапайым мәтіндерге байланысты болады, немесе нұсқалар арасындағы фреймдер, немесе оларсыз сайт жасау. Мұндай жолдар басқаруды пайдаланушылар қолына береді.
Және де бір жол – нұсқаны автоматты түрде орындау, ол сұраныс жасайтын броузер түрін қанағаттандыруға тиіс. JavaScript қолданылатын броузер түріне қарай қимылдар жасайды, және де парақтар серверлер (Server Side Includes) енгізілуінде нақты броузерлер жұмысы үшін жинақталған болуы мүмкін.

Электрондық коммерцияны электрондық бизнес, электронды түрдегі кез-келген іс-әрекеттер,ақпараттық жүйелер, дүние жүзілік желілер арқылы мәліметтер алмасу деп түсінуге болады. Кез келген мекеменің сайтын жасау электрондық коммерцияның дамуының бастапқы қадамдарының бірі болып табылады.

Кез келген жобаны талқылау үшін, оған қойылатын талаптарды шешу керек. Бұл жобада орындалатын тапсырма кітапхананың электронды түрде сайтын жасау. Құрылған сайт қолданушы сайтқа тіркеліп, сайттан ақпараттарды, кітаптарды көре алатындай және қалаған кітапқа тапсырыс бере алатындай жұмыс істеуі керек [4].

Кітаптар басылым атауы бойынша және категория (көркем әдебиеттер, заңнама, гуманитарлық ғылымдар) бойынша қарастырылады. Сонымен қатар кітаптың аты, авторы, бағасы, баспа аты туралы мәліметтер жазылады.

Кітапқа тапсырыс берер алдын жеке мәліметтерді толтыру арқылы сайтқа тіркелу қажет. Бұл мәліметтерге қолданушының аты-жөні, адресі, мекен-жайы, электрондық поштасы, логины мен паролі жатады. Логин уникалды болып саналады, тіркелген кезде логин мәліметтер қорына енгізіледі. Тіркелген қолданушы келесі рет сайтқа кіргенде, тіркелмей тек логині мен паролін енгізу,авторизациядан өту арқылы кіре алады. Жәшік әр қолданушының анонимді объекті болып табылады, қолданушы жәшігіндегі ақпаратты өзінің уникалды номерін енгізу арқылы көреді. Сол қолданушы жәшігіндегі ақпаратты өзінің уникалды номері арқылы кітаптарға тапсырыс бере алады.
Сонымен қолданушы сайтқа тіркелу арқылы кітаптарға тапсырыс бере алады, тапсырыс берілген тізімді көре алады, тізімнен кітаптарды іздеу бұйрығы арқылы кітаптың авторы немесе кітаптың атын енгізіп, іздеген кітапты табуға болады.

Каталогпен жұмыс барысында кітапханадағы қандай категориялар бар және әрбір категорияларға кіру арқылы кітаптарды, кітапқа қатысты мәліметтерді көреді. Кітаптың аты гиперсілтеме арқылы беріледі, сол гиперсілтемені басу арқылы кітапқа байланысты барлық ақпараттарды алады.

Әрбір кітаптың ақпараттар парағында «жәшікке салу» немесе «тапсырыс беру» батырмасы орналасады. Бұл батырманы шерту арқылы кітап жәшікке салынады және экранға жәшіктің құрылымы шығады. Жәшік әр қолданушының анонимді объекті болып табылады, қолданушы жәшігіндегі ақпаратты өзінің уникалды номерін енгізу арқылы көреді. Жәшік объектісі мен кітап объектісі өзара байланыс түрімен байланысады, яғни әрбір кітап әртүрлі жәшікке енгізіледі және жәшіктерде бірнеше кітаптар енгізілу мүмкін, сонымен қатар бір кітаптің бірнеше жәшікте енгізілмеуі де мүмкін. Қолданушы жәшігіндегі ақпараттар тапсырыс берілген кітаптар тізімі, алынған уақыты мен өткізілетін уақыты, қолданушының тапсырысқа берілген кітаптарының аты, авторы, бағасы, баспа аты туралы мәліметтер болып саналады.

Тапсырысты жіберу арнайы батырманы басу арқылы немесе гиперсілтеме арқылы жүзеге асады. Тапсырыс берілген кезде қолданушының кітапты алатын уақыты мен тапсыратын уақыты, қолданушның аты-жөні, билет номері жазылады [5].
Жаңадан қолданушыларға сайтқа тіркелу үшін басты менюдан тіркелу гиперсілтемесін басу арқылы тіркелу парағы ашылады. Тіркелу парағын толтырған соң, барлық жолдар толтырылғаны, мәліметтер қорында осы логинмен қолданушы бар-жоғы тексеріледі. Мәліметтерді дұрыс енгізбеген жағдайда, дұрыс енгізілмегені жайлы ақпарат шығады да, тіркелу парағы қайтадан толтырылады. Ал тіркелу парағын дұрыс толтырған жағдайда, қолданушы кітапхананың категориялар тізімін және әрбір категория кітаптарын көре алады. Қолданушы мүлдем тіркелмеген жағдайда кітапхананың тарихы, мекен-жайы, кітапхана жұмысшылары, басқа да кітапханалар жайлы ақпарат ала алады.

Сайтта тіркелген қолданушыларға тек қана авторизациядан өту қажет, яғни сайтқа кірер алдын логин мен парольді енгізу қажет. Егер мәліметтер дұрыс енгізілмесе дұрыс енгізілмегені жайлы хабарлайды. Ал логин мен пароль дұрыс енгізілген жағдайда қолданушы кітапхананың категориялар тізімін және әрбір категория кітаптарын көре алады.
Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.

Қазіргі күні бағдарламалық қамтамасыздандыру, электронды сайттарын жасау кәсіпорындарда, банктерде, көптеген мекемелерде экономикалық тұрғыдан қарағанда өте пайдалы жағынан көрініп отыр. Бағдарламалық қамтамасыздандырулар, сайттарын жасау көптеген мекемелерде ақпарат алмасуда, деректерді сақтауда (маңызды деген фирмалық ақпараттың, осы секілді маркетингтік зерттеу және үзбей бақылау арқылы алынған ақпараттар қорын жию), электронды түрде білім алуға, электронды түрде төлемдерді төлеуге, электронды түрде талай іс-әрекеттерді бітіруге тигізетін үлесі орасан зор.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Гончаров А. «Самоучитель HTML» Питер 2000 .
2. Дмитреева М. В. «PHP» СПб:БХВ – Петербург, 2002 .
3. Картузов А. В., Николенко Д. В «HTML 4. 0. » Москва, 2000.
4. Матросов А., Сергеев А. , Чаунин М. «HTML 4. 0» БХВ–Петербург, 2001
5. Олищюк А., Чалыпин А. «Разработка Web –приложений на PHP» М.: Издательский дом «Вильямс», 2006. с. 352


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаздар сайтында материал қалай жариялауға болады?
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
WEB – САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР.
Негізгі кестелерді құру
Параметрлі сұраныс құру
Pythagoras программасын жаратылыстану пәндерін оқытуда қолдану
Интернет желісін сабақ процесінде қолдану
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2720 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз