А. Б. Капас, Қ. М. Байбатчанова
«ХХ ҒАСЫРДЫҢ НЬЮТОНЫ» - А. ЭЙНШТЕЙН
Ғылыми жетекшілері: Сығаева Л.З., Асенова А.О.
«№32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Түйін
Берілген баяндама тақырыбы ұлы ғалым А.Эйнштейн еңбегіне арналып, математика, физика пәні бойынша оқушылардың танымдық ынталарын арттыру мақсатында алынған.
Резюме
Доклад, посвященный знаменитому ученому А. Эйнштейну, с целью активизации познавательной деятельности учащихся по математике и физике.
Асқан кеменгерлердің бірі, көзінің тірісінде «ХХ ғасырдың Ньютоны» атанған Альберт Эйнштейн 1879 жылы 14 мартта Ульма қаласында туды.
10 жасқа келгенде математикадан өз класындағылардың алды болды, ал жоғарғы математиканың негіздерімен гимназияда жүргенде танысқан. Гимназит болып жүргенде табиғат сырлары туралы көп ойланатын. 5 жасында Альбертке компас силағанда оның стрелкасының қозғалысы таңғажайып, табиғаттың терең сырындай болып көрінген еді, ал 12 жасында ол Евклид геометриясына арналған кітапшадан да осындай әсер алған.
1896 жылы ол Цюрих политехникумының студенті атанып, физика және математика пәндерінің оқытушыларын дайындайтын факультетінде оқыды. Осы оқу орынының профессорларын математикадан алған білімдерімен таңғалдыра жүріп, 1900 жылы дипломын алды, ал 1901 жылы оның алғашқы «Капилярлық теориясының салдары» деп аталатың еңбегі «Физика анналдары» журналында жарық көрді. 1902-1904 жылдары осы журналда басқа да еңбектері жарияланған. Олардың барлығыда ең алғашқы капилярлық құбылысқа арналған ғылыми еңбек тәрізді заттардың молекулалық-кинетикалық теориясына арналған еді. Осы мақалаларында статистикалық механиканың негізгі идеялары мен теоремалары анықталды, ал олардан термодинамиканың негізгі заңдары шығарылды, сөйтіп Эйнштейн өзінің осы үш еңбегінде өзіне дейінгі физиканың Больцман мен Гиббс тәрізді алыптары істеген жұмыстарды жаңартты.
Сонымен қатар 1905 жылы шыққан еңбегінде броундық қозғалысқа қатысушы бөлшектердің бір соқтығысу дан екінші соқтығысуға дейін жүрген жолын өлшеу арқылы көзге көрінбейтін молекулалардың мөлшерлерін қалай анықтауға болатындығын көрсеткен еді.
Эйнштейннің есептеулерінен шыққан нәтиже бойынша Броун бөлшектерінің биіктік бойынша таралуының ауа тығыздығының биіктікке байланысты өзгеруінен ешқандай айырмашылық жоқ екені анықталды. Перрен өлшеулері бойынша су молекуласының мөлшері 6,2*10-8 см болып шықты, ал судың 18 г молекулалар саны 4,5*1023 екен. Осылардың барлығын қорытындылап «Молекулалар мөлшерлерінің жаңаша анықталуы» деген жалпы атпен біріктіріп оны Цюрих университетіне философия докторы атағын алу үшін диссертация есебінде жіберді. 21 беттен тұратын диссертациясын қорғағаннан кейін Эйнштейн философия докторы жоғары атағын алды.
«Физика анналдары» журналында Эйнштейннің жарық кванттары және Майкельсон тәжірибелері нәтижелеріне арналаған еңбектері жарияланды. Онда Планктың кванттық теориясы негізінде жарықтың алғаш Ньютон көтерген корпускулалық теориясы мен Гюйгенс-Френель-Максвелл көтерген, дамытқан жарықтың толқындық теориясын біріктірді. Жарық сәулелері әрі толқын, әрі бөлшектер болып шықты.
1905 жылдың 30 қыркүйегінде «Физика анналдары» журналында «Қозғалыстағы денелердің электродинамикасы» деген еңбегі басылды. Бұл физиктерді таңғалдырған жаңа теория болатын.
ХХ ғасыр тек қана атом ғасыры емес сонымен қатар электр ғасыры да еді. Сондықтан да теориялық физиканың беті заттың атомдық-кинетикалық теориясымен электромагниттік өріс іліміне бірдей бет бұрды. Осындай тарих жолдарының қиылысқан жеріне Альберт Эйнштейн шықты.
Эйнштейн Майкельсонның тәжірибесі туралы көп ойланып, жаңа ғасырдың физикадағы түбірлі төңкерістеріне жол ашты.
1905 жылы Эйнштейн ашқан жаңа механика тек бір қалыпты түзу сызықты қозғалысты денелермен байланысты құбылыстарды ғана қарастыратын, сондықтан ол тартылыс құбылыстарын түсіндіруден алыс жатқан еді. Ал 1907 жылы тартылыстың сырын ашуға бет бұрған ғалым жаға механика мен тартылыс теориясының арасын жалғастыруға талпынды. Ол үшін жарықтың массасы мен энергиясының өзара пропорционалдығын пайдаланды. Егер жарық сәулелерінің кез келген материалдық денелер секілді массасы болатын болса, онда ол тартылыстың әсерінен түзу сызықтың траекториясынан ауытқитының атап көрсетті. Бұл ой Ньютон уақытында да көтерілген еді.
Тек салыстырмалық принципі жарық кванттары ескі идеяға жаңа мағына берген еді. Ғалымның есептеулері бойынша алыстағы жұлдыздардан шыққан жарық сәулесі Күннің тартылыс өрісі арқылы өткенде өзінің алғашқы бағытынан 0,87 доғалық секундқа ауытқиды екен. Бұл өте азғантай бірақ тенксеруге келетін шама еді. Ол үшін Күннің толық тұтылуын пайдалануға болатын, бірақ осы шаманы есептеу үшін Эйнштейн Бүкіләлемдік тартылыс заңын және салыстырмалылық теориясын аппаратын пайдаланды. Ғалымның салыстырмалылық теориясының негізгі қорытындысы кеңістік пен уақыттың бір-бірімен және материямен тығыз байланыста болатын.
Жалпы салыстырмалылы принципі деп аталған жаңа теорияда кеңістік уақыттың материямен байланысы тереңірек болып шықты, оларды бұдан әрі бір-бірінен ажыратуға болмайтын еді. Кеңістіктегі массасы өте үлкен денелердің төңірегіндегі физикалық үш өлшемді кеңістік майысатын болып шықты және ол жерде уақыттың өтуі де баяулайды. Кеңістіктегі массалардың, материяның таралуын кеңістіктің геометриясын майыстырып, қисайтады, ал бұл қисаю денелердің қозғалысын анықтайды. Сонымен Ньютонның алыстан әсер етуші тартылыс күшінің қажеті болмай қалды.
Эйнштейн бүкіләлемдік тартылыстың жаңа заңын тапты. Жаңа теорияның негізінде бірнеше болжаулар айтуға болатын еді. Олардың біріншісі планеталадың Күнді айнала қозғалысына байланысты еді. Ньютонның заңында планеталар Күнді эллипс бойынша айналады деп айтылса, ал Эйнштейннің заңы бойынша эллипс бойынша айналып қана қоймайды, эллипстің «майысқан» кеңістікте айналатындығын да көрсетеді. Екіншісі Ньютон заңын қолданғанда алыстағы жұлдыздардан шыққан сәуленің Күннің маңынан өту бағыты 1,75 доғалық секунд болған еді, ал Эйнштейннің заңында 0,87 доғалық секунд болып шықты. Үшіншісі аса үлкен массалар төңірегіндегі уақыттың баяулауы еді, осыған сәйкес Күн спектріндегі сызықтар қызыл толқындар жағына ауысуы керек.
1915 жылы Альберт Эйнштейн «Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңын» тағайындап, кеңістік пен уақыт туралы түсініктеріне кеңінен жол ашылды.
Адамзаттың санасында ғасырлар бойы қалыптасып қалған дәстүрлі түсініктердің теңдесі жоқ түбірлі төңкерісі басталды. Ғалым жазған жаңа механиканың теңдеулеріне кіретін кеңістік пен уақыт шамалары қозғалыс күйіне, денелердің салыстырмалы орын ауыстыру жылдамдығына тәуелді болып шықты. Қозғалыстағы барлық денелер қысқарып, уақыт процесі, уақыттың өтуі, сағаттың жүрісі баяулайды екен. Эйнштейннің тапқан құбылыстарының терең физикалық мәнісі санау жүйесінің салыстырмалы қозғалыстарынан шыққан еді.
Альберт Эйнштейн жалпылама салыстырмалылық теориясынан кейін әлемге атағы жайылған, жер шарының түпкір-түпкіріне аты белгілі ұлы ғалым болды.
Осыдан кейін 1921 жылы Альберт Эйнштейн Нобель сыйлығы берілді, ал 1922 жылы СССР ғылым акедемиясының мүше-корреспонденті, 1928 жылы 4 желтоқсанда Академик болып сайланды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Б.Ахметова, Н.Койшыбаев. Ұлы есімдер. Алматы. 1971.
2. http://kk.wikipedia.org/wiki/
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Оқушыларға |
Көрсетілім: 2763 |
|
|
|
ХХ ҒАСЫРДЫҢ НЬЮТОНЫ» - А. ЭЙНШТЕЙН

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |