Қосымша білім беру: жеке тұлғаны оқыту,
дамыту және тәрбиелеу тұтастығы
Еліміздің білім мен ғылым саласы қазіргі таңда тың өзгерістермен жағымды жаңалықтармен толығуда. Бұл, еліміздің алдағы уақытта әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу мақсатынан туындап отырғаны айқын.
Сол себептен де, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша деңгейге: өзгеріп жатқан өмірге бейімдеуге бағыттау міндетін қойып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Жай ғана сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп, әр жеткіншектің бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігін тағы бір айқындап бергендей. / Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету/.
Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап жеке тұлғаның кабілеттерін ашу ұстаздардың бірден-бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.
Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір құдірет оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана білім беру жүйесінің сапасы болып табылады. Әсіресе, дамудың жаңа сатысына көтерілген біздің еліміз үшін білім саласының атқарар қызметі өлшеусіз.
Білім беру жүйесі Қазақстанның ұлттық даму саясатында белгіленген басымдықтар қатарында ерекше орында тұр. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясында да білім беру ісіне үлкен орын берген. Бізге экономикалық және қоғамдык жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою мәселесі басты ұстаным болуы шарт.
Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында(2010ж. 7-желтоқсан ) «Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады»- дей келе,бірқатар ұзақ мерзімді міндеттерді орындау атап көрсетілген. Соның ішінде баса назар аударатын мәселе білім беру саласында қосымша білім беру мазмұнын жетілдіру.
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі.
Қосымша білім берудің қазіргі жүйесі мен болашақтағы дамуының жәйі білім саласының маңызды мәселелерінің біріне айналды. Ол мектептердегі үйірме сабақтарынана бастап, сабақтан тыс өткізілетін танымдық, зияткерлік,
мәдени шаралар, түрлі сайыстар мен байқаулар, спорттық жарыстар,кештер, кездесулерді өткізу арқылы балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру,өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, ұстаз бен оқушы, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа,имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу,тәрбие барысында психологиялық жайдарлылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру,қамқоршылық сезімін дамытуды көздейді. Яғни, мектеп ұжымының бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осы бағытқа негізделуі керек.
Ұлттық педагогикаға өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен Мағжан атамыз: «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді.
Қазір - ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін бәріміз де жақсы білеміз. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен. Ендеше әуелі тәрбие, сонан соң барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Қазіргі қоғам жалпы ұстаз қауымына жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім - рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман. Мұғалім өз пәнін шебер меңгеруімен қатар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала болжап, кемшіліктерін түзете білетін құзыретті тұлға болуы тиіс.
Сондықтанда жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде,дамытуда негізі жалпы білім берумен қатар қосымша білім беру төмендегідей мүмкіндіктерге жетелейді:
1. Оқушы ұстаздың бағыт-бағдарынсыз ерікті түрде өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік алады..
2. Түрлі танымдық сайыстарда өз іс-әрекеті мен білім деңгейінің дамуын бағалап, өзіндік талдау жасайды.
3. Бойындағы кемшіліктерді жойып, жақсы эмоциялық қасиеттерді бойына сіңіреді.
4. Үнемі ой үстінде, ізденіс үстінде жүре, пайдалы білімге үйреніп, бойын жат қылықтардан аулақтайды.
5. Сайысу үрдісі тұлғаның бойындағы дарын-қарымдылығын аша, өзіне деген сенімділігінің арта түсуіне ықпал тигізеді.
6. Барлық ынта-жігерін салып теориялық білімін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік жасайды.
7. Түрлі өнер сайыстары оқушының өнердің қыр-сырларын білуге құштарландырып, өзінше ізденуіне мүмкіндік ашады.
8. Сахнада бойын еркін ұстауға үйренеді.
9. Сайыс үстінде туындайтын қолайсыз жағдайларда эрудициясына жүгіне отырып, дұрыс шешім таба білуге дағдыланады.
10. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізін, әдіс-амалдардын үйрету арқылы, зиянды әдеттерден сақтануды үйренеді.
11. Өзіндік тарихы мен дәстүрлік ерекшелігі алуан-түрлі мемлекеттердің ұлттық өнер үлгілерінен тәлім алады.
12. Ұстаз бен оқушының өзара сыйластығы арта түседі.
13. Оқушы жақсы көрсеткіштерге жету үшін өздігінен сайысу қабілеттілігін дамытады.
14. Түрлі қимылдар жасауға бейімді жас жеткіншек, би үстінде эмоциялық сілкініс арқылы бойына жиналған күшті тарқатады
15. Шараларға барлық сыныптар қатысқандықтан, сыныптық және сыныпаралық қарым-қатынастар нығая түседі.
16. Ата-ана баласының жетістіктерін еркін бақылауына, демеушілік етіп, жанкүйер болуына мүмкіндік туындап, отбасылық татулық нығая түседі.
Дегенмен, өткізілетін шараларды түрлендіріп, заманауи талаптарға сай болуын қадағалау қажеттілігін сезінсек те, ақпараттық технология құралдарының әлсіздігі мектебімізде өткізіліп жүрген шаралардың нәтижелі болуына кері әсерін тигізіп отырғандығы байқалып отыр.
Сөзімнің соңында күншығыс халқының бір ойшылының мына бір сөзін естеріңізге салғым келеді: « Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді,ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді». Ендеше,балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз болып қала бермек.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 6899 |
|
|
|
Жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу тұтастығы

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |